Баға көтерудің негізі қандай?
Жуырда үкімет отырысында Қазақстан ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев "бағаның өсуіне әсер ететін нарықтық емес факторлардың бірі – нарық субъектілерінің алаяқтық жасауы. Кей саудагерлердің бағаны қолдан 200 пайызға дейін көтергені анықталды» деп мәлімдеген. Азаттық тілшілері саудамен айналысып жүрген кәсіпкерлерден министр сөзіне байланысты пікір сұрап, баға қою принциптерін анықтады.