Accessibility links

Сирия жөніндегі келіссөзден Астана не ұтады?


Сирияның соғыстан қираған Идлиб қаласы. 12 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияның соғыстан қираған Идлиб қаласы. 12 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия жөніндегі келіссөздер қалай аяқталады және Астанаға одан қандай пайда бар? AzattyqLIVE осы тақырыпта бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаевпен сұхбаттасты.

Қаңтардың 23-інен бастап Астанада Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу жөнінде екі күн келіссөз жүреді. Оған Сирия үкіметі өкілдері, оларға қарсы оппозициялық күштердің кейбір топтары мен аймаққа әскер кіргізіп, соғысып жатқан Ресей, Иран, Түркия өкілдері және Қазақстандағы АҚШ елшісі қатыспақ.

Келіссөзді Астанада өткізу туралы Ресей және Түркия тарапының идеясын президент Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған. Мамандардың сөзінше, Қазақстан келіссөздерге араласпайды, тек кездесуді ұйымдастыру қызметтерін атқарады. Бұл кездесулер - ақпанның 8-і күні негізгі мәселелер талқыланып, маңызды шешім қабылданатын Женева келіссөзіне дайындық іспетті шара.

Астанадағы келіссөз қай елдің мүддесіне пайдалы? Келіссөз қандай нәтиже беруі мүмкін? Бұл шара Қазақстанның әлем алдындағы абыройына оң ықпал ете ме? Сирия мәселесіне Қазақстанның өз еркімен араласуы дұрыс па және мақсаты қандай? Астанадағы келіссөзден соң Қазақстанға Сирия қақтығысын реттейтін негізгі елдердің қатарынан орын беріле ме? Осы және өзге де сұрақтарға AzattyqLIVE-та бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев жауап берді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG