Мүгедектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі
Астана қаласы жұмыспен қамту орталығы жарымжан адамдарға арнап екінші рет жұмыс жәрмеңкесін өткізді. Мүмкіндігі шектеулі жандар оларға ұсынылған жұмыс орындарының жалақысы аздығын айтады. Жұмыс берушілердің кейбірі жәрмеңкеге келгендердің арасынан өздеріне білімі лайық қызметкер таба алмады. Жұмыспен қамту орталығы баспасөз хатшысы Аяжан Айтжанова жыл басынан мекемеге 668 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс іздеп келгенін айтты. Астана, 22 қазан 2015 жыл.