Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (24 қараша – 1 желтоқсан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ХАЛЫҚ АЛЛАНЫҢ БІР АТЫ, ҚАЗАҚСТАН

Әлеуметтік наразылықтың түп-төркіне қайда жатыр? Халық неге радикалдана бастады? Әуелі соны анықтау керек. Күш қолдану жауап ретінде күшті қолдануды тудырады. Мемлекет тек зорлық пен күш көрсету аппараты болса, оның тағдыры ұзаққа бармайды. Мемлекеттік терроризм барын да жоққа шығармау керек! Дұрыс жол – әділеттілік қағидасын өрескел бұзбау. Қиянат ерте ме әлде кеш пе қарсылық тудыратыны сөзсіз. Оған жеткізбейтін алдын алу шаралары болуы тиіс. Билік халықтың жағдайын ойлауды ұмытпау керек!

Терроризм туралы заң жобасы әртүрлі пікір туғызды» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Студенттерге сабақ беруді қойдық. Бәріміз НАН-ды ұлықтап жатырмыз. Партбилетін өмірінің соңына дейін сандығында сақтаған атам тірі болса Сталиннің заманы қайтып келген екен деп қуанатын шығар.

Жастарға Назарбаевтың "көшбасшылық қасиеті" оқытылып жатыр» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Біздің бүгінгі қазақтарда кешегі кеңестік маразм әлі бар. Тіпті сол маразмдары өзіне ұнайды. Аулы туралы ештеңе айтпау керек, жаман сөз шығуға әсте болмайды. Қырылып жатса да бәрібір. Шетінен жалған намысқойлар. Орынсыз жерде ұят қысып қалады. Мүшкіл хәлін, тұрмыстық жағдайының бейшаралығын, енді келіп тұншығып, ауа жетпей өлейін деп жатқандарын айта қойып еді, жоқ, ойбай, біздің ауамыз керемет, былшылдаған қатын оттай береді деген секілді тупизмдерімен кеңестік активистер атойлап шыға келді.

Шұбаршилік маман «халық жауы» атанғанын айтады» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG