Accessibility links

Қайта құрылған көші-қон комитеті не шешеді?


Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда президент қаулысымен көші-қон қызметі комитеті ішкі істер министрлігі құрамында қайта құрылып, алдағы бес жылға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болды. AzattyqLIVE сауалдарына қоғам белсендісі Ауыт Мұқибек жауап берді.

Қазақстанда президент қаулысымен ішкі істер министрлігі құрамында көші-қон қызметі комитеті құрылатын болды. Енді оралмандар квотасы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ішкі істер министрлігі қалыптастырады. Көші-қон комитеті бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрамында болған еді.

Бұдан басқа, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен ұлттық экономика министрілігіндегі көші-қон саясатын қалыптастыру өкілеттігі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берілді.

Осы өзгерістер орайында үкіметке 2017 жылғы сәуірдің 1-іне дейін
2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Мұндай тұжырымдама бұған дейін 2007 жылы қабылданып, оның мерзімі 2015 жылы аяқталған болатын.

AzattyqLIVE Қазақстанда көші-қон комитетінің қайта құрылуы, көші-қон саясатын қайта қарастыру қандай мәселелерді шешетінін қоғам белсендісі Ауыт Мұқибекпен талқылады.

XS
SM
MD
LG