Accessibility links

Үздік үш комментарий


(Көрнекі сурет)
(Көрнекі сурет)

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (11-17 маусым) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ БЕЛГІСІЗ ОҚЫРМАН

Билік Жаңаөзенді бақылауларында ұстаиды жаңа военныи часть ашылып жауынгерлер көбірек шоғырланған аимаққа аиналады себебі милйардтап ақша жеу, мұнаилы жерлерді Қытаидың компанияларына беру жалғасады қысқаша аиытқанда қып қызыл ақша жүрген аимақта әділдік орнамаиды қанауда, жеуде жалғасын табады соған жүріп жатқан даиындық.

(«Жаңаөзенде спутниктік тәрелкелерді жинап жатыр» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ БЕЛГІСІЗ ОҚЫРМАН

Енді Иран да біздің елді менсінбейтін болған екен. Бұған кінәлі алдымен өзіміздің ұрлықтан басқаны білмейтін жетесіз билік.

(«Иранда ұсталған қазақстандықпен консул кездеседі» атты мақалаға жазылған пікір)

ТӘКЕН, АҚТАУ

Мәселе 19 жасар бала 15 адамды жайпап тастады дегенге сенбеуде емес.
Мәселе, тотальдық коррупцияға ұшыраған елдің қазірі мүшкіл, болашағы қысқа деген ақиқаттың растығында... Неге десеңіз, ресми версиясы рас болсада, рас болмасада оған ешкім сенбейді екен. Демек, қасқырдың ауызы жеседе қан жемеседе қан.

(«Челахтың «мойындау-видеосы» жарияланды» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG