Футбол жанкүйерлеріне қатты әсер еткен оқиғаның бірі – қазіргі әлем чемпионы саналатын Испания құрамасының екі ойында да жеңіліп, 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырылғаны болды. Қазақстандық футбол маманы, «Қайрат» командасының бұрынғы қақпашысы Құралбек Ордабаев Азаттыққа берген сұхбатында биылғы әлем чемпионатының осындай ерекше тұстарын түсіндірді.
Азаттық: – Футболдан әлем чемпионатына қатысып жатқан командалардың дайындық деңгейі көңіліңізден шықты ма?
Құралбек Ордабаев: – Әлем чемпионатында көп жанкүйерлер сеніп отырған Бразилия құрамасы жақсы ойын көрсете алмай жатыр. Олардың Хорватия және Мексикамен ойыны осал болды.
Ресей құрамасы да алғашқы матчта нашар ойын көрсетті. Ресей Оңтүстік Кореяны менсінбей шыққандай болды. Ал Оңтүстік Корея құрамасының ойыны өскен, еуропалық құрамалардың ойынына ұқсас. Жұрт бірінші турда Иран құрамасы да Нигериядан, Чили Испаниядан ұтылады деп ойлаған. Бірақ Иран мен Чили биылғы әлем чемпионатына құр келмегенін дәлелдеді.
Ал Германия мен Нидерланд құрамасы биылғы чемпионатқа үлкен дайындықпен келгенін бірінші турдан байқатты.
Азаттық: – 2010 жылғы әлем чемпионы, ФИФА рейтингінде бірінші орында тұрған Испания құрамасын топтан шыға алмай қалды. Бұған не себеп болуы мүмкін?
Құралбек Ордабаев: – Футбол фанаттары әлем чемпионатына атағын қорғауға келген Испания құрамасының топтан шыға алмай қалуын сенсация деп қабылдап жатыр. Бірақ Испания құрамасы бұл жарысқа шаршаңқы күйде келді. Футболшылары өз күштерін Испания чемпионаты, чемпиондар лигасына жұмсап қойды. Себебі чемпиондар лигасының финалында екі бірдей испан командасы («Реал» мен «Атлетико»), Еуропа лигасында да испан клубы («Севилья») ойнады. Испания футболшыларында демалыс болған жоқ, сол әсер етті.
Азаттық: – Әлем чемпионаты кезінде көп ескерту беріліп, біраз ойыншы алаңнан қуылды. Пенальти көп белгіленіп жатыр. Төрешілердің жұмысын қалай бағалайсыз?
Құралбек Ордабаев: – Төрешілердің жұмысына еш кінә тақпаймын. ФИФА әлемдік жарысқа мықты төрешілерді іріктеп әкелген. Мысалы, Хорватия-Камерун ойынында камерундық Сонг хорват ойыншысын шынтақпен ұрды. Шынтақтың соққысы өте ауыр. Футболшы қатты жарақат алуы мүмкін еді. Сондықтан португал төрешісі Проэнса дұрыс шешім шығарды. (Сонг алаңнан қуылған – ред.)
Ал Германия-Португалия ойынында португал Пепе өте дөрекі болды. Деңгейі жоғары футболшы өз-өзін ұстай білуі керек. Ал өзін ұстай алмаған футболшыға алаңда орын жоқ. (Пепе де алаңнан қуылған – ред.)
Пенальтилердің басым бөлігі дұрыс белгіленіп жатыр.
Азаттық: – Биылғы чемпионатта қай команда жеңіске жетуі мүмкін?
Құралбек Ордабаев: – Германия мен Нидерландының бірі ұтуы мүмкін. Португалия, Бразилия, Аргентина қазіргі ойындарымен ұзаққа бармас. Бельгия құрамасынан ерекше ойын күтемін.
Азаттық: – Әңгімеңізге рахмет.