Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалының соңғы жұбы болып Нағашыбай Есмырзаев пен Әуелхан Шонжан бақ сынады. 31-13 есебімен Әуелхан жеңіске жетті.
Нағашыбай Есмырзаев бұған дейінгі сөз сайысында Өскемен қаласының тұрғыны Салтанат Мәнжарұлымен айтысып, қарсыласын 13-10 есебімен жеңген еді.
Ол «саяси тақырыпты жырлауды жақсы көреді».
Нағашыбайдың қарсыласы Әуелхан Шонжан қайым айтыстың алғашқы кезеңінде қарағандылық Амангелді Құрақбаймен сөз жарыстырып, 16-39 есебімен жеңіске жеткен.
«Орта мектепті толық тәмамдамаса да күнделікті ақпараттарды қалт жібермей қадағалап отыратын» Әуелхан да «оң жамбасына саяси тақырыптардың сай келетінін» айтты.
Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар.
Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.
Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.