Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Тұрсынбай мен Қарабала


Тұрсынбай Жайымбетов, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Тұрсынбай Жайымбетов, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Азаттық сайтындағы бірінші Чат-Айтыстың 1/8 финалында жетінші жұп ретінде Тұрсынбай Жайымбетов пен Қарабала (лақап аты) сөз сайыстырып, 20-10 есебімен Тұрсынбай Жайымбетов жеңді.

Тұрсынбай Жайымбетов – Шымкент қаласының тұрғыны. 1986 жылы дүниеге келген. Азаттыққа берген мәліметінде «Жоғарғы білім алғаннан кейін банктерде жұмыс жасағанмын. Қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Үйленгенмін, кішкентай сүйкімді қызым бар. Бір үйдің жалғызымын» деп жазыпты. Ақындыққа бала күннен құмар екенін айтқан Тұрсынбай «Бірақ та анау айтқандай мықты да емеспін» дейді.

Қарабала – Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданынан. Жасы 25-те. Қарабала да мектепте жүріп өлең жаза бастаған. Бірақ «газет-журналдарда жарық көрген өлеңдерім санаулы ғана» дейді. Өзі жайлы бұдан басқа мәліметтерді құпия ұстауды жөн көрген Қарабала «Жоғары білімді болғанымен, жұмыссыз қазақтың бірі» екенін айтады.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
XS
SM
MD
LG