Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың бірінші кезеңінің алтыншы жұбы ретінде Әуелхан Шонжан мен Амангелді Құрақбай сөз сайыстырып, 39-16 есебімен Әуелхан жеңіске жетті.
Әуелхан Шонжан 1955 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Өзі туралы берген мәліметінде «8-кластан соң орыс тілі мұғалімімен ұрсысып, мектепті тастап кеткенмін. Кеңес Одағы кезінде ауыл шаруашылығы саласында әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыс істедім. 2000 жылдан бері «өз күніңді өзің көр» деген президентіміздің асқан «ақылымен» жұмыссыз жүріп жатқан жай бар. Күлдібадам бір нәрселерді «жазып» жүргенім болмаса, ақындығым жоқ» дейді. Чат-Айтысқа қатысуға өтініш білдірген Әуелхан «Жығылсаң, нардан жығыл» деген қағиданы ұстанатынын айтты.
Әуелханның қарсыласы Амангелді Құрақбай - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Ол Азаттыққа берген өмірбаянында «Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің 3-курс студентімін. Аздап айтысқа да қатысқаным бар. Бірақ түбегейлі соңына түскен жоқ едім» деп жазған.
Құрметті оқырмандар, Чат-Айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.
Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.