Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың жартылай финалының соңғы жұбы болып 25 қазан күні сағат 14.00-де Тұрсынбай Жайымбетов пен Әуелхан Шонжан сөз сайыстырады.
Тұрсынбай Жайымбетов Чат-Айтыстың алғашқы кезеңінде Қарабаламен айтысып, 20-10 есебімен жеңісе жетсе, екінші айналымда Сарыбаладан 151-66 есебімен қапы қалған. Алайда жеңілгендердің арасынан көп дауыс жинағаны үшін жартылай финалға қатысуға мүмкіндік алды. Себебі ақтөбелік Мұсағали Тасқалиев жеңгенімен, жолсапарға шығуына байланысты айтысқа қатыса алмайтынын айтып бас тартқан.
Тұрсынбайдың қарсыласы Әуелхан Шонжан қайым айтыстың алғашқы кезеңінде қарағандылық Амангелді Құрақбаймен сөз жарыстырып, 16-39 есебімен жеңіске жетсе, екінші айналымда алматылық Нағашыбай Есмырзаевты 31-13 есебімен қапы қалдырған. Азаттықты қалт жібермей қарап отыратынын айтқан Әуелхан «Менің басты ұстанымым – өтірік айтпау» дейді.
Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.
Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.