АМЕРИКАДА БАРЛЫҚ СОТТАР АШЫҚ ӨТЕДІ
Қазақстандық сот жүйесі өкілдерінің осы сапары туралы“Сент Луис Пост-Диспатч” басылымының тілшісі Билл МакКлеллан арнайы мақала да жариялады.
Бағдарлама мәдени ерекшеліктер мен құндылықтарды дипломатия арқылы зерттеп, түсіністікке ұмтылуға, тәжірибе алмасуға арналған.
Американдық “Сент Луис Пост-Диспатч” басылымының тілшісі Билл МакКлеллан мамырдың 6-ы күні жарық көрген мақаласында, қазақстандық судьялармен кездесіп, оларға Құрама Штаттардағы баспасөз бен соттар арасындағы байланыс туралы әңгімелегенін жазады.
Журналист тәуелсіздігіне 1991 жылы ғана қол жеткізген қазақстандық сот өкілдері шет мемлектке оның сот жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көріп, үйренуге келді, өйткені бұрынғы советтік одақта болған елдің сот-әділет жүйесінен де Американың сот жүйесі жақсырақ деген ойда болғандығын айтады.
Сол себепті американдық журналист қонақтарға Құрама Штаттарда сот отырыстарының бәрі қоғам үшін ашық екенін, дегенмен кей кезде тергеу жүріп жатқанда куәлікке тартылғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында судьялардың сот істерін жабық жүргізуге тырысатындығын, ал журналистер толық мәлімет алуды талап етіп, содан екі жақтың арасында кикілжің туып жататынын жасырмаған:
“Мен оларға баспасөз бен соттар арасындағы қарым-қатынас туралы айтып бердім. Кей кезде біздің соттармен текетіресіп қалатын кездеріміз болатынын, ол әдетте қылмыстық істерге қатысты жариялауға болмайтын ақпараттарды судьялар бергісі келмесе, біз өз хабарларымызға көбірек мәлімет алуға тырысатын сәттерде даулы жағдай туып жататын жәйттарды мысалға келтірдім”-дейді американдық журналист МакКлеллан.
Бірақ басқа жағдайларда, тіпті адамдардың жеке өміріне қатысты соттардың бәрі ашық. Мәселен жергілікті конгресмен әйелімен ажырасып жатқанын ешкімнің білгенін қаламайтындығы анық, соған қарамастан мұндай істердің барлығы дерлік ашық өтеді дейді Билл МакКлеллан қазақстандық судьяларға.
БАС ИЗЕП, ҮНСІЗ КЕЛІСЕ БЕРЕТІН СУДЬЯЛАР
Американдық журналистің “Сот жүйесі ашық па?” деген мақаласы қазақ соттарымен өткен талқылау негізінен баяндаушы мен тыңдаушы деңгейінде өткенін байқатып отыр.
Билл МакКлеллан мақаласында аудармашы арқылы жеткізілген өзінің сөздеріне тәжірибе алмасуға келген қазақстандық соттардың бастарын изеп қана отыра бергендеріне бірнеше мәрте назар аударған .
Тек бір рет қана қазақстандықтар өздеріне тікелей қойылған бір сұраққа жауап берген екен. Оның өзінде қазақстандық соттардың қысқа ғана жалғыз жауабы шындықтың ауылынан әлдеқайда алыс болып шыққан.
Журналист Билл МакКлеллан сіздерде Совет одағы құлағаннан кейін қандай өзгеріс, айырмашылықтар болды, сіздерге еркіндік келген шығар десе, судьялардың біреуі “бізде әрқашанда еркіндік болған” деп Қазақстандағы бүгінгі саяси жүйеден хабары бар американдықты таң қалдырған.
Журналист “Мен совет одағындағы сот жүйесі туралы жазушы Александр Солженицынның жазғандарын оқып едім, ол советтік жүйені сынайды ғой” десе, қазақстандық тағы да “ол бір адамның ғана пікірі” деп қысқа қайырғанда, басқалары онымен келісетінін байқатқан соң, мен не ойларымды білмей қалдым дейді Билл МакКлеллан.
АМЕРИКАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫС
Қазақстандағы саяси жағдайды баспасөз бетінен оқып-біліп отырмын деген американдық журналист президенттік сайлауда Назарбаев 90 пайыздан астам дауыс жинаған, парламент тұңғыш президентке шектеусіз мәрте сайлану құқын берген қоғамда судьялар өзіндік пікір айта алмауы мүмкін деді:
“Қазақстандағы саяси жағдай туралы менің білетін бір нәрсем, ел президенті ұзақ жылдар билікте отырғаны туралы оқыған едім. Және оның 2005 жылғы сайлауда 90 пайыз дауысты жеңіп алғаны маған ерсі көрінді. Мұнда 55 пайыз дауыспен ғана жеңгенді көрген едім. Сондықтан 90 пайыз дауыспен жеңіске жетті дегенді естігенде таң қалдым. Сол себепті мен ол елдегі жүйе ашық әрі әділ дегенге сенімді емеспін,”- деді Азаттыққа берген сұхбатында МакКлеллан.
Қазақстандық судьялар туралы әсерін мақаласында осылайша сипаттаған журналист Билл МакКлеллан Азаттыққа берген сұхбатында қазақстандық соттар маған тартымды, ақылды адамдар сияқты көрінді деп, американдық сыпайылықпен шектелді.
“Маған әсер еткені олардың көбісі әйелдер екен. Мен Қазақстанның сот жүйесі туралы аз ғана білемін, бірақ судьялардың көбі әйелдер болғаны мені таң қалдырды. Біздің елімізде соттар негізінен ер адамдар болып келген, бізде енді ғана әйел соттар көбейіп келеді”- деді қазақ судьялармен кездескен американдық журналист.
МакКлеллан “Сент Луис Пост-Диспатч” газетіндегі мақаласын «Александр Солженицын бәлкім бір партиялы жүйеде болатын жайттарды айтқан болуы мүмкін, бірақ ол тек бір адамның ғана пікірі ғой» деген тұжырымдармен қорытындылайды.