Наурыздың 10-ында, «Свобода слова», «Тасжарған», «Жас Алаш», «Республика», «Взгляд», «Азат», «Қазақстан», «Правда Казахстана», «Алға», «Общественная позиция», «Алма-Ата Инфо», «Инкар-Инфо» интернет басылымдары мен сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоры және Қазақстанның журналистер одағының өкілдері наразылық жиынын өткізді.
Алматы қалалық сотының ғимараты жанына жиналған олар ақпанның 26-сындағы «Тасжарған» газеті мен журналист Алмас Көшербаевқа Медеу аудандық сотының айыппұл көлемін 10 есеге арттырып, 30 миллион теңгеге жеткізген шешімімен келіспейтіндіктерін алға тартты. Алайда, олардың шағымдарын тыңдаған қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы Раушан Әділбаевa «бұқаралық ақпарат өкілдерінің бұл әрекетін – сот шешіміне ықпал ету» деп түсінетіндігін жеткізді. Екі жақ өз ойларымен бөліскен соң, журналистер қауымы «Тасжарғанға» қатысты мәселені әлі де көтеретіндіктерін айтты.
Алматы қалалық сотының алдына жиналған тәуелсіз басылымдардың наразылық шарасына қатысушылардың бірі «Тасжарған» басылымының бас оқырманы Ермұрат Бапи, бұл тек қана аталмыш басылымды қорғау емес, республикадағы барша тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қорғау шарасы деді.
Акция барысында ешқандай мәлімдемелер немесе ұрандар айтылған жоқ. Керісінше, оған қатысушылар ауыздарын қара матамен жауып, байлап алды. Шамамен жарты сағат өткен соң Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуроры Кенжеәли Үсіпбаев келіп, жиналғандарға Конституция бойынша бейбіт жиындарды өткізуге құқыларың болғанымен, мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты заңға бұл әрекеттерің қайшы келеді дегенді айтты. Оның пікірінше, ғимараттың алдына жиналудың кесірінен басқа азаматтар қалалық сотқа кіре алмай жатқан көрінеді.
Осыдан кейін жиналғандарды қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы Раушан Әділбаева қабылдады. Ол «Тасжарған» басылымы мен депутат Ромин Мадинов арасындағы мәселеге қатысты ешқандай пікірін білдірмейтіндігін жеткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бұл жиыны сот шешіміне ықпал етуді көздеген деді Раушан Әділбаева.
- Сіздердің бұл шараларыңыз қалыптасқан жағдайды шешудің ең жақсы жолы деп айта алмаймын. Себебі, басылым мен депутат арасындағы мәселеге қатысты алқаның қаулысы ақпан айының 26-сында заңды күшіне енді. Тағы бір айта кететінім, ол алқаның құрамына 3 судья енген. Сондықтан бұл іс дәл қазір талқылануы мүмкін емес,-деді ол журналистерге.
Осылай деп қалалық сот өкілі кетіп қалды. Ал наразы топ бұл мәселені керек болса президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін жеткізетіндіктерін айтты. «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева бұл наразылық жиыны ешқандай да заңға қайшы келмейтіндігін жеткізді.
- Біз дұрыс істедік деп есептеймін. Өйткені, алда қадағалау алқасының шешімі бар. Олар да біздің ой-пікірлерімізді білсін. Ал егер олардың да шешімі осы сияқты болса, онда біз Ақордаға бет алып, тікелей президент Назарбаевқа шағымданамыз.
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бұл әрекетті сотқа қысым деп түсіну орынсыз деген пікір білдірді.
- Сотқа қысымды біздер, яғни журналистер емес, билік өзі жасап жатыр. Ал сот әділ шешім шығарудың орнына сол биліктің айтқанын істеп отыр, – дейді ол.
Ал сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Тамара Қалеева өздерін тыңдайтын адамның табылғанының өзі көңілге медеу деді:
- Осында келер алдында біз құқық қорғау органдары қызметкерлері қолдарымызды байлап, автобустарға салып алып кетер деп ойлағанбыз. өздеріңіз байқағандай біз барлығымыз сөмкесіз келдік. Алайда, біздің шағымымызды тыңдайтын адам табылды. Дей тұрғанмен, қалалық сот өкілінің айтқан пікірлерімен мен келісе алмаймын. Біз ешкімге ешқандай ықпал жасайық деген жоқпыз, біз тек өз пікірімізді білдірдік, – деді Тамара Қалеева.
Естеріңізде болса, депутат Ромин Мадинов "Байғұс латифундист" мақаласы үшін «Тасжарған» газеті мен журналист Алмас Көшербаевтан 30 миллион теңге өндіріп алмақшы болып сотқа арызданған.
Биылғы қаңтардың 16-сы күні Алматының Медеу аудандық соты «Тасжарған» газетінде былтырғы сәуір айында жарияланған «Байғұс латифундист» атты мақалада парламент депутаты Ромин Мадиновтың ар-намысына тиетін сөздер айтылған деп тауып, Мадиновтың пайдасына «Тасжарған» газеті мен мақала ауторы Алмас Көшербаевтан жиынтық 3 млн теңге (сол кездегі бағаммен 25000 доллар шамасында) өндіріп алу туралы шешім шығарған болатын. Сондай-ақ сот даулы мақаланы теріске шығаруды газет редакциясына міндеттеді.
Алматы қалалық соты журналист Алмас Көшербаев пен оппозициялық "Тасжарған" газетінің апелляциялық шағымы бойынша Медеу аудандық сотының шешімін қарап, депутат Ромин Мадиновтың ар-ожданына тиді деп, газет пен журналистен 30 млн теңге өндіріп беру жөнінде қаулы шығарды, демек бұған дейінгі айыппұл көлемін қалалық сот он есеге ұлғайтты.
Алматы қалалық сотының отырысы "Тасжарған" газеті мен журналист Алмас Көшербаевтың қатысуынсыз өткен.
Басылым басшылығы бұндай соманың өздерінде жоқ екендігін алға тартуда. Енді алда қадағалау алқасының қарауы өтпек.