#azattyqsailau Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың 95,11 пайызы сайлауға қатысқанын хабарлады.
#azattyqsailau Журналистер Астанадағы орталық сайлау комиссиясында сайлаудың алдын-ала қорытындысы шыққанын күтіп отыр.
- Авторы: Қазис ТОҒЫЗБАЕВ
Сайлау учаскесіне өзі барып дауыс бере алмайтын азаматтардың бірі, 82 жастағы алматылық Роза Бексұлтанованың үйіне сайлау комиссиясы өкілдері келді. Роза Бексұлтанова комисия мүшелеріне тұрмыс жағдайы нашар екенін айтып шағымданды. Ол сайлау комисиясы мүшесінің "әкімшілікке айтыңыз" деген кеңесіне "оданша Назарбаевқа жеткен оңай" деп жауап берді.
- Авторы: Мәншүк АСАУТАЙ
#azattyqsailau Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы Азаттық тілшісі барған 367, 366 және 371-сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар арасында «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілдері ғана болды.
367-сайлау учаскесінің төрағасы Айгүл Кемпірбаева 2909 сайлаушы тіркеліп, түскі сағат 15-те «сайлаушылардың 80 пайызы дауыс беріп үлгергенін» айтты.
366-сайлау учаскесі төрайымының орынбасары Баян Мұхамедиярова «ЕҚЫҰ өкілдері келіп, сайлау барысын бір сағат уақыт бақылап кеткенін» хабарлады.
371-сайлау учаскесінде сайлауды бақылап жүрген ЕҚЫҰ-ның өкілдері Петер Хендрикс пен Марга Фолей журналиске комментарий беруден бас тартты.