Азаттық радиосы онлайн режимде өткен бірінші Чат-Айтыстың жүлдегері, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының маманы Дінмұхаммед Ілесбековке жүлде тапсырды.
– «Түйе мінген қазақ та төрт ауыз өлең айтады» дегенімізбен, бұл ішімізде жатқан ой орамдарын ықшамдап, көпке жария етуге мүмкіндік берді. Тек мен ғана емес, Азаттықтың басқа да оқырмандары өздерінің қоғам жайлы, ел жайлы көкейде жүрген ойларын өлеңмен өрнектей отырып жеткізді, – деді бірінші Чат-Айтыстың алғашқы жеңімпаз Дінмұхаммед Ілесбеков.
Бұған дейін тек кейбір отырыстарда құрдастарына әзіл шумақтар арнағаны болмаса, өлеңнің соңына түспегенін айтқан жүлдегер:
– Осы Чат-Айтыстың онлайн-режимінде өлең жазу арқылы терең ойларды жылдам әрі тиянақты түрде, азғана уақытта шағын шумақтармен бере алатыныма көзім жетті, өлеңге деген сенімім бекіді, – дейді.
Алматы қалалық ішкі саясат басқармасында қызмет істейтін Дінмұхаммед Ілесбеков қызметіне байланысты кейбір нәрселерді айта алмағанын да ескертті.
Өзінің айтуынша, ол Азаттық сайтын қызметіне байланысты соңғы бес жылдан бері күнделікті тұрақты түрде қарап отырады екен.
– Алғашында сайттағы айтыстарды тыңдау үшін кіретінмін. Кейін кәсібіме, қызметіме байланысты тұрақты түрде қарап отыратын болдым. Азаттық сайты біздің қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп жатқанын көре аламын. Әрі жекелей болсын, ұжымдық болсын, кез-келген мәселелерді сараптамалық нұсқада қарауға мүмкіндігім бар. Мен үшін бүкіл ақпараттық сайттардың ішінде Азаттықтың орны ерекше. Оның ішінде айтыстарды үнемі беріп отыратын «Айтыс» бөлімінің мәртебесі биік, – деді Дінмұхаммед Ілесбеков
Жеңімпазға Nano планшетін сыйлық ретінде тапсырған Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Едіге Мағауин:
– Чат-Айтыс – қазақтың дәстүрлі өнерін 21-ғасырдағы платформаларға сай пайдаланудағы Азаттықтың тарабынан жасалған талпыныс. Осы жобаға қатысқан сізді жеңімпаз ретінда таңдаған – біз емес, оқырман, – деді.
Азаттық вебсайтында 18 қыркүйек - 2 қараша аралығында өткен бірінші Чат-Айтысқа 16 тілек білдіруші сұрыпталып алынған еді. Бұл жоба "өлеңге таласы бар" барша оқырманның қайым айтыс жанрымен онлайн режимде суырып салып сөз сайыстыруына жол ашты. Екінші Чат-Айтыстың өту мерзімі мен қатысу шарттары жуыр уақытта жарияланады.
Қадірлі оқырман, мақаланы автордың Facebook-тегі жеке парақшасында да талқылай аласыз.