АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ
Алматыдағы Көк базарды жанай өтіп жатқан Пушкин көшесі бойында өздерін «көріпкелміз» деп атайтын төрт-бес құмалақшы қаз-қатар тізіле отырады. Олар қысы-жазы ашық алаңқайда клиенттерге құмалақ ашып, дем салып, тамыр ұстап, дуа жасап, әртүрлі ақылы қызметтер көрсетеді.
Алғашқы кезіккен құмалақшы апа менің журналист екенімді білгеннен соң-ақ маңына жуытпады. «Төменгі жақтағы сұқбат бергіш Раушангүлге бар» деп бағдар сілтеп жіберді.
Жайбарақат құрт жеп отырған Раушангүл апа мені жылы қарсы алды. Киім киісінде, отырысында еш өзгешелік жоқ. Бар болғаны үстеліне қып-қызыл мата жауып қойғаны бірден көзге түседі. Ол кісінің бұл кәсіп арқылы нәпақасын айырып жүргеніне бес жылдың көлемі болыпты.
– Көбіне жоқ іздегендер, отбасынан ажырасқандар келеді. Негізінен жастар «оқуға түсемін бе, жұмысқа орналасамын ба, болашағым не болады» деген сияқты сұрақтар төңірегінде құмалақ салдырады. Қалаған соманы береді. Көп сұрауға ұяламыз, пәтерімізге жетсе болды. Жазда Астанада боламын, Алматыға қарағанда табыс мол, – деді Раушангүл Азаттық тілшісіне.
«КӨРІПКЕЛ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕМЕУ»
Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұржамал Асылбекқызы «көріпкелдерге» үш-төрт айда бір барып тұрады.
– Ең алғаш оқу жөнін сұрауға барғанмын. Әпкем апта сайын барады. Бір затын жоғалтса, дереу көріпкелге жүгінеді. Қазақы жолмен емделіп тұрамыз. Жалпы, көріпкелдер адамға психологиялық жағынан демеу болады ғой. Көріпкелдерге отбасымызбен сенеміз, – дейді Нұржамал Асылбекқызы.
Көріпкелдерге бармаса да, оларға сенетін жастың бірі – Есхат Божан есімді студент. Оның ойынша, «жаратушының кей пендесіне сондай өзгеше түйсік сыйлауын Аллаға серік қосу дегеннен көрі, жаратушының ұлылығын тануға жаратқан сансыз хикметтің бірі деп ұққан жөн».
– Құмалақ ашу, жұлдыз қарау, жауырын қарау, кітап ашу секілді әртүрлі көріпкелдік тәсілді де ертедегі бір пайғамбардан үйренгеніміз хақ. Алайда адамның туа бітті бір кемшілігі ұмытшақтық себебінен оны толық есте сақтап қала алмадық. Бүгін қолданып жүрген сол тәсілдер – тек есімізде еміс-еміс қалғаны. Мысалы, пайғамбарымыз тұсында адамның ішіндегі сөзді айтқызбай білу – иманы кәміл сахабалар мен тақуаларға оншалықты таңғаларлық іс болмағаны туралы орта ғасырдағы түркі ғұламалары еңбектерінде жазылған, – деді Есхат Божан Азаттық тілшісіне.
«КӨРІПКЕЛГЕ ЕМЕС, НАЗАРБАЕВҚА СЕНЕМІН»
Ал Батыр Хамзаұлы есімді азамат болашақта не болатынын білуге қызықпайтынын, сондықтан балгерге бармайтынын айтты.
– Болашақты көре алсам, алдымен келесі аптадағы лотерея не болатындығын білгім келеді. Басқасы – қорқынышты. Егер болашақта үйсіз-күйсіз «бомж» болатыныңды айтса, көңіл-күйің түсіп, уақытына жетпей солай болып кетуің мүмкін, – дейді Батыр Хамзаұлы.
Семей мемлекеттік университетінің студенті Рүстем Мұхаммед-Рахым да – балгерге бармаған адамның бірі.
– Өзім көріпкелдікке сенгеннен гөрі, Назарбаевқа сенемін. Ешқашан (балгерге) барып көрмегенмін. Естуімше, сүйген ғашығыңды қайтарып береді деп жатады. Бірақ бір тәңірге сенесің ғой. Мінездегі беріктігім көріпкелдердің алдына жібермейді. Бірақ дәл қазір осылай сөйлеп тұрғаныммен, ертең не боларын білмеймін ғой, – дейді ол.
ДІН ӨКІЛДЕРІ ҚҰПТАМАЙДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Құранда «Аспан мен жердегі барлық ғайып істерді Алладан басқа ешкім білмейді» деген аят барын еске сала келе:
– «Мен, тіпті, бірнеше сәттен кейін өмірімнің қандай боларын білмеймін» деген сөзді де пайғамбарымыз Мұхаммед айтқан. Енді өзіңіз ойлап көріңіз, Алланың ең сүйікті құлдары пайғамбарлар, періштелер ғайыпты білмегеннен кейін, адам қайдан білсін? Өзгенің емес өз өміріне алаңдап жүрген адамнан, біреулердің қолына қарап, бірдеңелерді сандырақтап, тиын санап жүрген жаннан не үміт, не қайыр, – деді.
ҚМДБ өкілі «балгердің болмашы сөзіне имандай сеніп, қуанып, не қайғырып жүрген адамдарға жанашырлықпен қарайтындарын» айтты.
«СЕБЕП – МЕДИЦИНАНЫҢ САПАСЫ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ»
Ал әлеуметтанушы Серік Бейсенбаевтің айтуынша, «халықтың балгер, көріпкелдерге сенуі олардың білімі мен мәдениет деңгейіне, елдегі медицинаның сапасына тікелей қатысты».
– Соңғы уақытта балгер, көріпкелдердің саны өсіп кетті. Таныс, туыстарымның арасынан байқап жүргенімдей, ғылыми түрде болмаса да, белгілі бір көмегі бар. Әсіресе ауыл халқы балгерлерге бірінші кезекте барады. Тікелей әлеуметтік тұрғыда мұның бір себебі медицинаға сенімнің азаюы және медициналық көмекке жүгінуге халықтың қалтасының көтермеуі, – дейді Серік Бейсенбаев Азаттық тілшісіне.
Психолог Лимана Қойшиева жұрттың «көріпкелдің» көмегіне жүгінуінің себебін «Қазақстанда шетелдегідей мемлекет қаржыландыратын психологиялық орталықтың жоқтығымен» түсіндіреді. Алматыдағы жеке меншік орталықтарда психологтардың қызмет көрсету ақысы өте қымбат дейді маман.
– Халықтың медициналық көмекке қаражат жағынан шамалары келмеуі де – негізгі себептің бірі. Кез-келген адамның проблемасын ерінбей тыңдап, көмек көрсетуге балгерлер шебер. Ішкі сұранысын қанағаттандыратын жауап алатындықтан, жаны қысылып келген адамға жылы сөз ерекше әсер етеді, – дейді Лимана Қойшиева.
Қазақстандағы өздерін «емші», «балгер», «бақсы», «жұлдызшы», «шөппен емдеуші» деп атайтын азаматтардың көбі «Халық және рухани емшілер мекемесі» деп аталатын орталыққа мүше. Бұл орталықтың 11 облыста қалалық бөлімшесі, сертификат алған 643 емшісі бар.

Болашақты көре алсам, алдымен келесі аптадағы лотерея не болатындығын білгім келеді. Басқасы – қорқынышты.