Accessibility links

Халық ауылды қоқыстан тазартуды талап етті


Қарабұлақ ауылының тұрғындары наразылық шарасы кезінде. Алматы облысы. 11наурыз, 2013 жыл.
Қарабұлақ ауылының тұрғындары наразылық шарасы кезінде. Алматы облысы. 11наурыз, 2013 жыл.
Алматы облысы Ескелді ауданындағы екі кенттің тұрғыны жабайы базарларды жауып, қоқыс үйінділерін тазалауды және жолдарды жөндеуді талап етті.

БАЛКОННАН БІЛДІРІЛГЕН НАРАЗЫЛЫҚ

Қарабұлақ поселкесінде тұратын зейнеткер Зоя Юртаева өз наразылығын көп қабатты үйдің екінші қабатынан білдірді. Ол балконына «Қарабұлақ әкімі Жанатай Тоқбаевқа сенбеймін!» деген сөздер жазылған плакат іліп қойыпты. 70 жастағы Юртаеваның айтуынша, жергілікті шенеуніктер «әкімшілік сотқа тартып, айыппұл саламыз» деп қорқытқанымен, зейнеткер алған бетінен қайтар емес.

— Әкім Тоқбаев келіп, «плакатты алып таста» деп кетті. Мен оған: «Кентте тәртіп орнатып, жабайы базарды жаппайынша алмаймын» дедім. Маңайымыз қоқысқа
Зоя Юртаеваның балконындағы плакат. Қарабұлақ ауылы, Алматы облысы. 11 наурыз, 2013 жыл.
Зоя Юртаеваның балконындағы плакат. Қарабұлақ ауылы, Алматы облысы. 11 наурыз, 2013 жыл.
толы, аяқ алып жүре алмайсың. Жолдар лас, ешкім ештеңе істемейді, - дейді Зоя Юртаева.

Қарабұлақтың тағы бір тұрғыны Наталья Литке «жергілікті әкімдердің қабылдауына кіру қиын» дейді. Айтуынша, Ескелді ауданы әкімдігінің кіре берісінде отырған полицей ғимаратқа ешкімді кіргізбейді.

— Кент пен аудан әкімдерінің таяуда өткен есебіне жанжалмен әрең кірдік. Кіргенімізбен, сөйлетпей қойды. Алдын ала дайындап қойған адамдары ғана сұрақ қойды. Ал әкімдер өздерін мақтаудан аспады, - дейді Наталья Литке.

Азаттық тілшісіне екі жасар ұлын көтерген жесір келіншек Гаухар Базарова жергілікті әкімдердің енжарлығын айтып шағымданды. Баспанасы жоқ келіншектің айтуынша, ұлын орналастыратын бала бақшасы жоқ болғандықтан, жұмыс істей алмайды.

— Өзім ата-анасыз, жетім өстім. Жақсы адаммен тұрмыс құрдым деп шүкіршілік етіп едім, жолдасым қайтыс болды. Енді жас баламен барар жер, басар тауым жоқ. Балалар үйіне өткізем бе, енді? - дейді көзіне жас алған Гаухар Базарова.

ҚОҚЫСҚА ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚ

Абай ауылының тұрғындарының сасық иіске тұншыққанына талай жыл болыпты. Ауыл іргесіне тасталған қоқыс бүгінде тау-төбе болып үйілген. Православтар зиратынан басталған қоқыс үйіндісі мал жайылатын өрісті тарылтып барады.

Ауылдықтар құзырлы орындарға талай шағым-арыздар жазғанымен, олардың өтінішіне құлақ асқан жан болмаған.

— Өз басым қоқыс тиеп, әкетіп бара жатқан трактор, көліктерді талай тоқтаттым.
Қоқыс полигонында жайылып жүрген мал. Абай ауылы, Қарабұлақ ауылдық округі, Алматы облысы. 11 наурыз, 2013 жыл.
Қоқыс полигонында жайылып жүрген мал. Абай ауылы, Қарабұлақ ауылдық округі, Алматы облысы. 11 наурыз, 2013 жыл.
Нөмірлерін жазып алып, мұнда апарып бердім. Поссоветтің хатшысының өз қолына табыстап, «Шара қолданыңдар!» деп кеттім. Малымыз да, өзіміз де уланып жатырмыз, - дейді Абай ауылының тұрғыны Шәріп Мусин.

Абай ауылының тұрғыны Ирма Ясинская жергілікті православтар зиратының айналасы соңғы жылдары әжетханаға айналғанына қамығады. Адам жалдап, зиратқа апаратын соқпақ жолды талай тазалатқанын айтқан әйел:

— Ұлым осы арада жерленген. Оның басына жиі келіп тұрамын. Зиратты қоқыс үйіндісіне айналдырып алғандары, ешкім ешқандай шара қолданбайтыны жаныма батады, - дейді Ирма Ясинская.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР

Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Жаңатай Тоқбаев жерлестеріне ренжімейтінін айтқанымен, өкпесін бәрібір білдірді:

— Осындай наразылықтар мен шағымдардан салың суға кетеді екен. Адамдар атқарылып жатқан игі істерді неге көрмейді екен, осы? Біздің қолымыз
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Жанатай Тоқбаев. Алматы облысы. 11 наурыз 2013 жыл.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Жанатай Тоқбаев. Алматы облысы. 11 наурыз 2013 жыл.
бюджетпен байлаулы ғой, оны мен бекітпеймін. Жұрт менің жұмысымның мәнін түсінбейді, мүмкіндігімнің шектеулі екенін білмейді.

Ескелді ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Дәулет Ыдырысов Азаттық тілшісімен сұхбат барысында заңды тіркеуден өтпеген және өкілетті органдардың рұқсатынсыз жиналып, плакат ұстап көшеге шығуға ауыл тұрғындарының құқы жоқ деп мәлімдеді.

Дәулет Ыдырысов «Бұл жағдайды анықтап, наразылық акцияларын ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады» деді.
XS
SM
MD
LG