Қыркүйектің 20-сынан бастап Қазақстан кинотетрларында «Орда» атты тарихи фильмі көрсетіле бастады. Алматыдағы кинотеатр қызметкерлері «Орда» фильміне сұраныс аз» дейді.
«Орда» – Алтын Орданың тұрмысын суреттейтін фильм. Бюджеті 12 миллион долларды құрайтын кинокартинаға Татарстан көрермендері наразылық білдірген.
Ал қазақстандық көрермендер бұл фильмді әлеуметтік желілер мен форумдарды қызу талқылап жатыр.
«СЮЖЕТІ ТҮСІНІКСІЗ, ДЕКОРАЦИЯСЫ МЫҚТЫ ФИЛЬМ»
Көрермен Павел Шеремет «фильмнің сюжеті нашар, ал декорациясы жақсы» деп бағалады.
– Кинодағы костюм, грим, декорациясы көш ілгері. Фильм осы ерекшеліктерімен тартымды. Сюжетіне келсек, бас-аяғы түсініксіз. Фильм ордалықтар туралы ма, православтар туралы ма – ол да түсініксіз. Нақты бір көрерменге ұнайтын кейіпкер жоқ. Көрерменге ой салып, жүрек тебірентетін эпизодты да байқамадым, – деді ол.
Ал Данияр Қасымов есімді интернет қолданушының ойынша, «кинокартина көруге тұрарлық».
– «Орда» ұнады. Екі сағатқа созылса да жалықтырмайды. Құл иелену, таққа талас үшін өз жақынын өлтіру, Бердібек ханның өз әкесі Жәнібектің өліміне қуануы жақсы сипатталған. Бірақ ордалықтардың өмірлік философиясын ашып көрсете алмапты. Хандардың қызқұмарлығы және қатыгездігі ғана бейнеленген. Олардың шаруашылығы мен мәдениетін көре алмадым, – деді Данияр Қасымов.
Жанар есімді алматылық студенттің ойынша, «фильм ордалықтардың салт-дәстүрін ашып көрсете алмаған – тек олардың қаталдығы мен қатігездігін көрсеткен».
Белла есімді интернет қолданушының ойынша, фильм «идеологиясы жоқ елдің күйреуі» жайлы.
- Билікке талас, адамдарды аяусыз өлтіру сынды эпизодтар бүгінгі заманнан да хабар береді. Фильм «моңғол заманында болған қатігездік қазір де бар» дегенді меңзейді, – дейді ол.
«Орда» фильмі туралы қазақстандық көрермендер пікірі:
«САЛТ-ДӘСТҮРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ КӨП»
Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының кионтану мамандығының оқытушысы Заңғар Түсіпхановтың айтуынша, «фильм актерлерінің арқасында тартымды шыққан».
- «Орда» киносында қазақ, орыс, моңғол, татар ұлтының актерлері ойнайды. Барлығы өз рөлдеріне сай. Декорация да киноның тартымдылығын күшейте түскен. Адамдардың құлдықтағы өмірі, қаладағы тіршілік те жақсы түсірілген. Алайда фильмді кез келген адам түсіне бермейді. Сюжеті өте ауыр, - деді ол.
Заңғар Түсіпхановтың пікірінше, «фильмде салт-дәстүрге байланысты эпизодтарда қарама-қайшылық көп».
- Моңғолдарда табалдырықтың қасиетті орын екені, оны баспау керектігі жақсы сипатталған. Ал тірі малдың мойнына қанжар тығып, оның қанын ішу туралы деректерден кездестірмеппін, - дейді ол.
Азаттық тілшісі Алматы кинотеатрларының кассасына хабарласқанда, қызметкерлер «Орда» фильміне келушілер аз екенін айтты.
- Таңғы және түскі сеанстарға келетін адам өте аз. Екі-үш рет көрерменнің жоқтығынан көрсетілім болмай қалды. Ал кешкілік сеанстарға халық келеді. Бірақ көп емес. Кей кезде сеансты аяқтамай шығып кеткен көрермендер де болды, - деді кинотеатр өкілі.
Кинотеатр қызметкерлері бұл фильмнің Қазақстанда әлі он күндей көрсетілетінін айтты.
(Материалды дайындауға Махамбет Мәмбетов үлес қосты)