КЕЗЕКТІ ТАЛПЫНЫС...
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов ұйымдастыру комитеті 17 қараша күні мүше болуға ниет білдірген 59 мың адамның тізімімен бірге партияны мемлекеттік тіркеуге алу жөніндегі құжаттарды Әділет министрлігіне өткізгенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Алға» партиясы 2006 жылдан бері мемлекеттік тіркеуден өте алмай келе жатыр.
2009 жылдың күзінде аталған партия өзінің қатарын толықтырып, қайтадан мемлекеттік тіркеуге құжат өткізетіндерін жария еткен болатын. Күзде өткізген съезінде партия басшылығы «Алға» тіркеуден өтпесе де, халықпен бірге қала береді деп айтқан болатын.
ТАҒЫ ДА "ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫ" ПАЙДА БОЛДЫ
Владимир Козловтың сөзіне қарағанда, 6 қыркүйек күні басталған үгіт-насихат жұмыстары кезінде Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының шенеуніктері мен құқық қорғау саласы қызметкерлері партия мүшелеріне қиындықтар тудырып, кедергі жасаған.
Владимир Козловтың мәлімдеуінше, жоғарыда аталған облыс әкімшіліктері әлі күнге дейін партия мүшелеріне қысым жасап келеді.
- Мысалы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тұрғыны өз хатында жергілікті әкім оны «Алға» партиясының мүшесі болғандықтан «халық жауы» деп санағанын айтады. Әкім оны Отанына сатқындық жасап, жергілікті тұрғындар мен билік арасына сына қағып отырсың деп айыптаған. Сондай-ақ, «Алға» партиясының газетін таратқанын қоймаса, ауылдан көшіріп жіберетінін де ескерткен, - деді Владимир Козлов.
Сонымен бірге, Қостанай облысына қарасты Владимировка аулының тұрғыны Қадиша Ибраева Әділет министрлігіне өзін «Алға» партиясының мүшелігінен шығаруды өтініп хат жазған. Қадиша Ибраева хатында мұндай шешімге келуіне аудандық ішкі саясат бөлімінде «Алға» партиясына мүше барлық адамдардың тізімі бар екені және олардың ҰҚК-не жіберілетіні туралы ақпарат негіз болғанын жазған.
БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ
Баспасөз мәслихатында Владимир Козлов Алматыда да партияның ақпараттық насихат жұмысына кедергілер жасалып жатқанын жария етті. Оның айтуына қарағанда, «Дисплей-интермедиа» фирмасы партияның бейнеролик түріндегі ақпараттық насихатын Алматыдағы 23 сауда үйінде жарнама ретінде көрсету туралы ауызша келісімге келген. Алайда, аталған фирма басшылығы келісімге қол қояр сәтте бейнероликті жарнамаға шығарудан бас тартқан. Владимир Козлов мұның саяси себептері бар деп ойлайды.
- Келісімге қол қоярдан бір күн бұрын фирма директоры хабарласып, директорлар кеңесі ақылдаса келіп, біз саясатпен айналыспаймыз, бұл бейнеролик біздің ыңғайымызға келмейді деп шешкенін айтты, - деді Владимир Козлов.
Алайда, «Дисплей-интермедиа» фирмасының директоры Хәкімжан Мамыров бейнероликтің қабылданбауының ешқандай саяси себептері жоқ екенін айтып отыр.
- Заңға сәйкес олар белгілі бір уақыт аралығында үгіт-насихатпен айналысуға рұқсат ететін құжаттар әкелуі тиіс болатын. Бірақ, олар әкелген құжаттарда сәйкессіздік бар. Бір сөзбен айтқанда, олар бізге қажетті құжатты толық әкеліп, үгіт-насихат жұмысымен айналысуға заңды құқықтары бар екенін дәлелдесе... Әйтпесе, бізге құқық қорғау саласынан, болмаса басқа тараптан қысым жасалған жоқ, - деді Хәкімжан Мамыров.
КОЗЛОВТЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІ
Сонымен бірге, жақында Владимир Козловтың жеке басына қатысты әрі имиджіне нұқсан келтіретін ауторы белгісіз материал интернетте пайда болған. Ол мақалада партия басшысы жақтастарының жеке өмірлеріне қатысты жағымсыз дүниелер жазылған.
Бұл материал зона.кз интернет сайтында жарық көрген. Онда жеке өміріне қатысты айтылған дүниелерді Владимир Козлов толықтай жоққа шығарды. Бұл мәселе бойынша, зона.кз сайтының бас редакторы Юрий Мизинов ашық түрде кешірім сұрайтын болса, заңдық тұрғыдан ешнәрсе қазбаламаймыз деді өз сөзінде Владимир Козлов.
Алайда, зона.кз сайтының бас редакторы Юрий Мизинов бұл материал сайтқа бірнеше рет шыққан дейді. Мұны блоггерлер қойған. Сайт редакциясының ішкі ережесі бойынша, блоггерлер редакция келісімінсіз өздері материал қоюға құқылы. Мен бұл жала жапқан мақаланы көрген бойда бірден алып тастадым. Бұны сайт редакциясы жазып отырған жоқ. Ол үшін біз неге кешірім сұрауымыз керек?- деді Юрий Мизинов.