Ақпанның 15-і Қытайда қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының өмірден өткені туралы суыт хабар жетті. Қырық жылға жуық Қытай абақтысында тұтқын болған қаламгер ғұмырының соңында үйқамақта отырған еді.
Желтоқсанда өткен «Тәуелсіздік тағылымы» атты жыр додасының ақтық сайысында Аманжол Әлтаев пен Айнұр Тұрсынбаева айтысты. Бұл айтыста бас жүлде Аманжол Әлтаевқа берілді.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен мемлекеттік айтыстың шешуші кезеңіне шыққан екі жұптың бірі – Жандарбек Бұлғақов пен Бекарыс Шойбековтің жыр сайысын ұсынамыз.
«Тәуелсіздік тағылымы» деген тақырыпта Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде ақындар Аманжол Әлтаев мен Балғынбек Имашев айтысты.
«Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде сахнада өзара бәсекеге түскен айтыскерлер Сара Тоқтамысова мен Бекарыс Шойбековтің жыр сайысын ұсынамыз.
«Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде сахнада өзара бәсекеге түскен айтыскерлер Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақовтың жыр сайысын ұсынамыз.
Былтыр желтоқсанда Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысының екінші күнгі соңғы жұбы – жамбылдық Күмісай Сәрсенбаева мен астаналық Шырынбек Қойлыбаев.
«Тәуелсіздік тағылымы» атты айтыстың екінші күні семейлік Әсем Ережеқызы мен қарағандылық Дидар Хамиев сөз сайысына түсті.
Айтыс басталар алдында Жүрсін Ерман алматылық көрермендерге қарағанда Астана жұрты «жуас» екен деп, жиналған елді қалжыңмен қағытты.
«Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші күні ел алдына атыраулық Сырымбек Жақсыбекұлы мен ақтөбелік Есентүгел Әзиев шықты.
Семейлік Қарлығаш Әубәкірова мен астаналық Еркебұлан Қайназаровтың айтысы кезінде қазылар алқасының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков ақындардың ЕҚЫҰ саммиті жайлы айтқандарына ескерту жасады.
Былтыр желтоқсанда Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбындағы айтыстың екінші күнінің бірінші жұбы болып Айнұр Тұрсынбаева мен Төреғали Төрәліұлы шықты. Ал айтыс басталмас бұрын қазылар алқасының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков ақындарға сын-ескертпе айтты.
Тәуелсіздік тағылымы» жыр сайысының бірінші күнгі соңғы жұбы болып жас ақындар Жансая Мусина мен Қайнар Алакөзов шықты.
2010 жылы желтоқсанда «Тәуелсіздік тағылымы» атты айтыстың бесінші жұбы болып сахнаға шыққан астаналық Балғынбек Имашев пен жетісулық Жандарбек Бұлғақовтың екеуара жыр сайысы әзіл айтыс түрінде өтті.
Астана қаласында «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбымен өткен айтыстың төртінші жұбы болып ел алдына Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Бекарыс Шойбеков пен Қызылорда облысының жас ақыны Мұхтар Ниязов шықты.
Астанада 13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші жұбы - қарағандылық Айтбай Жұмағұлов пен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Маржан Есжанованың жыр сайысын тыңдаңыз.
Биліктің қамқорлығына өткен айтыс жыл бойы аудандық, облыстық, қалалық деңгейде ұйымдастырылып, қорытынды сөз додасы Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай Астанада болды. Азаттық радиосы «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысын жүйелі түрде беріп отырмақ.
Жұма күні Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы құрметіне қойылған Тәуелсіздік таңы ескерткішіне желтоқсандықтар, саяси партиялардың өкілдері мен қарапайым азаматтар гүл қойып, құрбандарға тағзым етті.
Алматыда М.Әуезов мұражай-үйінде «Мұхтар Әуезовтің ататегі» деп аталатын кітаптың таныстырылымы өтті. Кітапта жазушының Орталық Азияға ислам дінін тарата келген арабтардың, яғни қазақ арасына қожа деген туыстық атаумен сіңген атаның ұрпағы екені баяндалады.
Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің елу томдық академиялық басылымы келер жылы толық басылып бітпек. Әзірге баспадан оның 44 томы шықты. Зерттеушілер Мұхтар Әуезовтің еңбектері елу томнан да асатынын айтады.
Тағы