Бүкіл ғұмырын театр және кино саласына арнаған қазақ актрисасы Фарида Шәріпованың дүниеден өткеніне де апта толды. Замандастары ол кісіні ізденгіш, еңбекқор, адал және қазақ театр өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жан еді деп еске алады.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы кеңесшісі, жазушы Алпамыс Бектұрғанов шартты түрмеден босатылды. Алпамыс Бектұрғанов Азаттық радиосына берген сұхбатында өз құқығын қалпына келтіруге және мемлекеттік қызметке қайта оралуға күш салатынын жеткізді.
Жексенбі күні Алматыда өткен арнайы жиында Қазақстанда заңды мәртебесін ала алмай отырған қазақ тілі туралы сөз болды. Зиялы қауым өкілдері билікті сынаса, билік өкілдері үкімет бағдарламасында мемлекеттік тілдің мүддесі ескерілгенін алға тартты.
Қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді.
ХХ ғасырдың басында бойкүйездік басқан халқын отты өлеңімен оятып, өнер-білімге, еркіндікке үндеген Міржақып Дулатұлының туғанына биыл 125 жыл толады. Алашқа азаттық әперу жолында басын ажалға байлаған ақын осыдан 75 жыл бұрын айдауда жүріп өмірден өткен еді.
Биыл күзде Алматыда VI «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтпекші. Алайда кинорежиссерлер мен киносыншылар арасында осындай байқауларға деген пікір екіге жарылып отыр.
Абайтану пәні 1942 жылы қыркүйек айынан бастап қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде арнайы курс ретінде оқытыла бастады. Бұл пәнді белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов енгізген еді.
90 жыл бұрын, 1920 жылы 26 тамызда Қырғыз АССР-ін (1925 жылдан кейін Қазақ АССР атанды) құру және оның территориясын белгілеу туралы декрет жарық көрді. Қазақ шекарасын анықтау ісіне Алаш зиялылары қыруар еңбек сіңірді. Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Алаш ардақтыларының сол ерліктері туралы әңгімелейді.
«Голос Республики» газеті редакциясы мен оппозициялық «Алға» партиясының белсенділері Алмалы аудандық полиция басқармасына үстел мен орындық сыйламақшы болды. Полиция «Алға» партиясының екі белсендісін ұстап, әкімшілік іс қозғады.
Биыл қазақтың бас ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толады. Қазақтың ұлы ойшылы өз заманында ұлттық ойындардың дамуы мен жаңғыруына да мұрындық болған. Абайтанушылардың ойынша, Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде оның ұлттық ойындардың дамуына жасаған қамқорлығы шет қалып келеді.
Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы келісім-шартқа қол жеткізу үшін жоғары лауазымды кейбір тұлғаларға миллиондаған доллар пара берді деп айыпталып келген АҚШ бизнесмені Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды. Гиффен өзінің шетелдердегі есеп-шоттары туралы ақпаратты жасырып келгенін мойындады.
Алаш зиялыларының артында басқа да шығармаларымен қатар ән мұрасы да қалған. Ән тарихын зерттеушілер қазіргі халық әні аталып жүрген бірнеше әннің авторлары кезінде халық жауы атанған Алаш ардақтылары болуы мүмкін деген ойларын ортаға салады.
Қытайда үйқамақта отырған қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы Қазақстан мемлекеттік сыйлығынан үміткер шығармалар тізімінен алынып тасталды. Ал, тізімде қалғандар қатарында Қазақстан президенті мен Астана қаласын мадақтаған шығармалар бар.
Үлкен экранға шыққан бетте көрермендер мен киносыншылардың сын садағына іліккен «Келін» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов енді Қазақстан полициясының қылмыспен күрестегі жеделдігін және өз ісіне берілгендігін паш ететін жаңа фильм түсіруді бастамақ. Алайда, режиссер жаңа фильмге «Қазақфильмнің» қатысы жоқ деп отыр.
Алматының Медеу аудандық соты президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың үстінен берген талап-арызын қанағаттандырды. Әблязовтың адвокаты бұл сотта өздерін қорғауға мүмкіндік берілмегендігін айтады.
Алматының көші-қон полициясы босқын мәртебесін алғалы жүрген жиырма бес өзбек азаматын ұстап, босатпай отыр. Қазақстан оларды Өзбекстанның сұрауы бойынша Отандарына қайтаруы мүмкін.
Сейсенбі, маусымның 8-і күні Алматы жұртшылығы күйші Қаршыға Ахмедияровпен мәңгілікке қоштасты. Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында өткен қаралы жиынға министрлер мен әкімдер, өнер және мәдениет қайраткерлері, күйшінің тыңдаушылары – қарапайым жұрт жиналды.
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстан ғылымының жалғандыққа ұрынып отырғандығын және Қазақстандағы Алашқа көзқарастың солғын екенін айтады.
Қазақ суретшісі Балтас Оспан Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстанда сурет өнерінің қадірі қалмағанын және президент Н.Назарбаевты жаппай мақтау мен жағынудың қоғамда белең алуы сурет өнерінің дамуына кесірін тигізіп отырғанын айтады.
9 мамыр күні Алматыдағы 28 Панфиловшылар атындағы саябаққа әдеттегідей жүздеген адам жиналды. Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, соғыс құрбандарын еске алушылар арасында оппозиция жетекшілері де болды.
Тағы