«Ақпаратқа қол жеткізу» деп аталатын өзгеше байқаудың «жеңімпаздары» белгілі болды. Ақпарат беруге келгенде тым қытымырлық танытатындардың ішінде бірнеше министрлік пен Тимур Құлыбаев бар. Алайда, «жеңімпаздардың» алды бәйгелеріне наразылық танытып жатыр.
Оппозициялық ұйымдар 1-мамырда «Алға» партиясының кеңсесі алдында жиын өткізді. Одан шыққан жұртшылықпен қақтығысқан полицейлер бірнеше адамды ұстап алып кетті. Бұған наразылық ретінде аштық жариялаған тағы екі кісі де полиция бөліміне күштеп жеткізілді.
Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің баласы Саят Жансүгіровтің жасы қазір сексенде. Жыр құлагерінен қалған тұяқ Алматыда тұрады. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол әкесінің және отбасының қилы тағдыры жайлы әңгімелейді.
Азаттық радиосы, тыңдармандардың сұрауы бойынша, «…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы Ринат Зайытов пен Сара Тоқтамысованың сөз сайысын ұсынады. Бұл жолы өзара тартысқа түскен қос ақын Шығыс Қазақстан облысының тумалары.
Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ» деген атпен өткен республикалық айтыстағы Айбек Қалиев пен Жандарбек Бұлғақов ақындардың жыр сайысын ұсынады. Осы екі ақынның айтысымен биылғы наурыз-айтыс хабарларын тәмамдаймыз.
Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы қызықты сөз сайысының бірі болған Бақыт Жағыпарұлы мен Сағадат Нұрмановтың арасында болып өткен жыр додасын ұсынады.
Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы ең қызықты сөз сайыстың бірі болған Айтақын Бұлғақов пен Балғынбек Имашевтың жыр додасын ұсынады.
Азаттық радиосы тыңдарманға «…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы Ринат Зайытов пен Жандарбек Бұлғақовтың сөз сайысын ұсынады. Бұл жұптың айтысында Шығыс Қазақстандағы су тасқыны және «Нұр Отан» партиясының іс-әрекеттері өлең-сөзге арқау болды.
Азаттық радиосы тыңдарманға «…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы Серікзат Дүйсенғазин мен Ақмара Леубаеваның сөз сайысын ұсынады. Бұл жұптың айтысында қоғамдағы озбырлық пен кемшілік айтылды.
Арқалықтан келген Айбек Қалиев пен алматылық Сара Тоқтамысованың арасындағы жыр додасы «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен айтыстағы қызықты әрі тартымды сөз сайысының бірі болды. Азаттық тыңдарманға осы айтысты ұсынады.
Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы алтын шашбауындай жарқылдап, жұрттың жанын жадыратқан әкелі-балалы Айтақын мен Жандарбек Бұлғақовтың жыр додасын ұсынады.
Азаттық радиосы тыңдарманға биылғы наурыз мейрамында «...Тіл кеспек жоқ!» деген тақырыппен Алматыда өткен ақындар айтысында жырмен сайысқан Күмісай Сәрсенбаева мен Бақыт Жағыпарұлының айтысын ұсынады.
Наурыз мерекесі күндері Алматыдағы студенттер сарайында «...Тіл кеспек жоқ!» деген тақырыппен өткен ақындар айтысындағы Айнұр Тұрсынбаева мен Нұрмат Мансұровтың өнер сайысын Азаттықтан тыңдаңыздар.
Бір жарым жылдан бері көгілдір экраннан ақындар айтысын жоғалтып алған көрермен қауым жыр сайысына сусап-ақ қалған екен. Ақындар да қанаттанып, қоғамның кемшін тұстары мен өзекті мәселелерін суырып салма жырларына арқау еткенде көрермені қол соғып, тәнті болды.
Қытайда үйқамақта отырған жазушы Қажығұмар Шабданұлының есімі Қазақстандағы жұртқа негізінен кітаптары арқылы таныс. Жазушының тағдыры жайлы оның үзеңгілестерінің бірі болған Алмас Ахметбекұлы әңгімелеп берген еді.
Қызылағаш аулында тіршілік қайта жанданып, апатан аман қалғандар орала бастады. Тұрғындар да, құтқарушылар да үйінділерді тазарту барысында қаза болған адамдар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтады.
Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылағаш аулындағы су тасқыны кезінде опат болған адамдардың саны 37- ге жетті деп хабарлайды. Алайда, ауыл тұрғындары қаза тапқандардың саны одан әлдеқайда көп екенін айтуда.
Наурыздың 12-сіне қараған түні Ақсу ауданы аумағындағы Қызылағаш су қоймасы бұзылған. Ресми ақпаратта жүздеген үй су астында қалып, мыңдаған адамның зардап шеккендігі айтылды. Соңғы деректер бойынша 25 адамның құрбан болғаны анықталды.
Бірқатар қоғамдық қозғалыс өкілдері мен белсенді әйелдер «Орбитадағы» пәтерде мейрамдатқан жоқ, олар журналистер алдында әйелдердің құқықтық және қоғамдық мәртебесінің төмендігін ашына айтты.
«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке жаңа айыптаулар тағылып, бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Жәкішев соттың шешімі әділ боларына сенбейтіндігін және айыпты еместігін айтса, адвокаты ҰҚК-нің өзіне түрлі қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Тағы