Ақпараттандыру және байланыс агенттігі компьютерлік қақтығыстар бойынша әрекет ететін арнайы қызметін құрды. Ал, сарапшылар бұл арнайы қызмет Астанаға бағынбайтын интернет сайттарға саяси цензура орнату екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.
Алашорда үкіметінің төрағасы, ұлттық саяси көшбасшы Әлихан Бөкейханның жеті томдық толық шығармалар жинағының алғашқы үш томы жарық көрді. Азаттық радиосының қызметкері Сұлтанхан Аққұлұлы құрастырған жинақтың қалған төрт томы жазға салым баспадан шықпақ.
15 ақпанда алматылық бес отбасы наразылық шарасын ұйымдастырды. Жас балалары бар бұл отбасылар, сот шешіміне сәйкес, баспаналарын босатуы тиіс болған. Барлық инстанциялардан өткен олар жеткілікті өтемақының қолдарына берілуін сұрайды.
Ақпанның 11 күні Таиланд прокуратурасы Бангкок түрмесінде қамауда жатқан Ил-76 ұшағының экипажына тағылған айыптарды алып тастағанын мәлімдеді. Дегенмен де ұшқыштарға қатысты сот ісі Қазақстанда жалғасуы мүмкін.
Алматыда оппозиция қазақ жерін Қытайға бермеу туралы талаппен наразылық митингісін өткізді. Билік рұқсат еткен жиыннан соң қала көшесімен шерулеп өтпек болған бір топ адамды полиция ұстап, әкімшілік іс қозғады.
Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Бірақ ұсыныс Қазақстан жазушылары тарапынан қолдау таба алмай отыр.
«Оскар» кинобайқауының «Үздік шетел фильмі» аталымында жартылай финалға шыққан 9 фильмнің қатарында қазақ режиссері Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі де бар. Қазақстанда бұл фильмді сынаушылар оны қазақы болмыс-санаға жат деп бағалайды.
Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова адвокат Ақан Байқановтың қызметінен күйеуінің бас тартқанын айтады. Адвокат болса өз қорғауындағы Қыстаубаевпен тіл табысқандығына сендіруге тырысты.
Бангкок түрмесінде тергеуде жатқан қазақстандық төрт ұшқыш Қазақстан президентіне жазған хатында одан көмек сұрайды. Таиландтық газет экипаж құрамына жаңа айыптар тағылғанын жазады. Қазақстан сыртқы істер мекемесі "бұл тек бұрынғы айыптауларды нақтылау ғана" деп мәлімдеді.
17-желтоқсан күні Алматыдағы Республика алаңында тағы да жиын өтті. Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтарын қойған соң ел алдында сөйлеген саясаткерлер жұртты арандап қалмаудан сақтандырып, тыныш қайтуын сұрады.
Биыл 23 жыл толып отырған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы Қазақстанда әлі күнге толыққанды көркем әдеби шығарма жоқ. Ал, қазақ театрлары сахнасында Желтоқсан оқиғасын өзек еткен қойылымдар саусақпен санарлық.
Тәуелсіздік күні Алматыдағы Республика алаңында бейбіт шеру болып өтті. Алайда, алаңда жиналған жұрттан полицейлердің саны анағұрлым көп болды. Сондай-ақ, бейбіт шеруден кейін ондаған қазақ жастары тұтқындалды.
Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы жұртшылықтың талқысына ұсынылған «Ел бірлігі» доктринасына қарсы шыққан қазақ ұлтшыл-патриоттарымен билік мәмілеге келді. Аштық акциясын өткізу райынан қайтқан Мұхтар Шаханов қантөгіс қауіпі барын айтып, оған жол бермеуге шақырды.
«Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Әбеновтің жұмыстан шығып қалғаны туралы хабар Азаттықтың сайтында жарияланған күні оқу орны оны бұрынғы жұмысына қайта алды. Әкімшілік бұл істе кеңсе қызметкерінің ағаттығы болғандығын айтады.
«Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Әбенов Желтоқсан оқиғасының 23 жылдығы қарсаңында Қазақ өнер академиясынан жұмыстан шығарылды. Декан бұны әдеттегі қысқартумен байланыстырады.
Жазушылар одағында «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» деген атпен жиын өтті. Әдебиет майданының өкілдері балалар әдебиетінің мәселесін жарты ғасырда бір талқыға салып жатса, Алматыдағы кітап дүкендерінен қазақ балалар жазушыларының кітаптарын кездестіре алмайсыз.
Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын Қазақстанға сырттан елу мыңдай адам еңбек және жыныстық қызметтер үшін «тірі тауар» болып келсе, елдің өз ішінен шығатын ХХІ ғасыр құлдары да аз емес.
Саяси қылмыскер деп айыпталып жиынтығында 40 жылға жуық Қытай түрмелерінде отырған қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» атты романының толық нұсқасы 6 кітап болып Қазақстанда алғаш рет жарық көрді. Жасы биыл сексеннің төртеуіне келген Қажығұмар Шабданұлы туған жерін, елін көруге зар болып отыр.
Саяси қылмыскер деп айыпталып Қытай түрмелерінде 40 жылға жуық өмірін өткізген қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлы атажұртқа оралу арманымен 2006 жылы Қазақстан президентіне хат жазған болатын.
Тіркелмеген «Алға» париясының басшысы партия мүшелеріне жергілікті атқарушы билік қысым жатқандығын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның кейбір аймақтарында азаматтардың жаппай партия қатарынан шығып жатқаны мәлім болған.
Тағы