Астанадағы «Қазақ елі» монументінің ауторлары қар астында жатқан қазақ хан, батырларының ескерткіші төңірегіндегі дау-дамайды еш негізсіз қоздатты деп суретші Сембіғали Смағұловты кінәлады. Ал, Сембіғали Смағұлов бұл ескерткіштерді кәсіби дайындығы жоқ адам жасаған деген айыптауларды жоққа шығарды.
Қазақстандық компьютер мамандары қазақ тілінде ауызша айтылған сөзді өздігінен мәтінге түсіретін арнайы компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Жаңа өнім қазақ тілінде жазба жұмысын жеңілдетумен бірге тіл үйренушілер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Қаржы полициясы «Комета S» баспасының директоры Юлия Козловаға қарсы қылмыстық іс қозғады. Баспахана өкілдері қылмыстық істің қозғалуына «Республика» газетінің басып шығарылуы негіз болды дейді. Ал, қаржы полициясы бұған түсініктеме бермей отыр.
Қазақстанда жергілікті билік өкілдерінің тәуелсіз басылымдармен соттасуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров жергілікті «Курс» газеті ар-намысыма тиетін мақала жариялады деп айыптап, басылымды сотқа берген.
Алматы қалалық соты БТА банктің шағымы бойынша «Республика» газетіне шығарылған бірінші сот инстанциясының шешімін күшінде қалдырды. Газет редакциясы бұл істе соңына дейін күресетіндерін айтып, Алматыдағы БТА банктің кеңсесі алдында наразылық акциясын өткізді.
Семей полигонының зардабынан дүние есігін ауру болып ашқан Уәлихан Серікқалиевтің отбасына Семей қаласының әкімі жалдамалы тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер берді. Уәлиханның әкесі үй мәселесімен Семей қаласы әкімінің қабылдауына екі жыл кіре алмай жүрген.
Мәмбет Қойгелдінің жаңа кітабына ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін арқау болған. Кітаптың Алматыда өткен тұсаукесерінде аутор Қазақстанда бүгінгі күні етек алған жаппай тұтқындаулар туралы пікір-көзқарасын білдіре қоймады.
Қазақстан Жазушылар одағы жазушы Алпамыс Бектұрғановты өз қатарынан шығарып тастады. Батыс Қазақстан облысы әкіміне «сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар» деп кінәлаған оның бұрынғы кеңесшісі Бектұрғанов биыл жазда екі рет қылмыстық жауапқа тартылып, жиыны 4 төрт жылға сотталған болатын.
Қыркүйектің 20-сы күні Алматыдағы Республика сарайында тіл туралы заңның қабылданғанына 20 жыл толуын арқау еткен жиын болып өтті. Мыңдаған адам қатысқан бұл жиын қазақ елінде қазақ тілінің мәселесі күрмеуін таба алмай келе жатқандығын тағы да көрсетті.
17 қыркүйек күні Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Баймағанбетов көшесінің тұрғындары 11 жылдан бері үйлерін заңдастыра алмай келе жатқандарын ашына әңгімеледі.
Алматыда 11 қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған «Аштыққа саяси баға беру» тақырыбында ғылыми конференция болып өтті.
1940-1951 жылдары аралығында Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің даңқты қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 2009 жылы 110 жыл толды. Батырдың ұрпақтары бұл атаулы датаны республикалық деңгейде атап өтпекке талпынып жатыр.
Жәмила Жәкішева ҰҚК-нің тергеушілерінің жауапқа тартылуын талап етіп, прокуратураға шағымданатынын мәлімдеді. Ал «Қазатомпром» ұлттық компаниясының қамаудағы бұрынғы президентінің адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзінің қорғауындағы Мұхтар Жәкішевпен кездесе алмай отырғанын айтты.
2010 жылы іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру ісі 10 пайызға қысқармақ. Бұл қаулыға сын айтушылар елде қазақ тілінің қанат жайып, өрісін кеңейтуге шенеуніктер мүдделі емес деп отыр.
Мұсылмандықтың бес парызының бірі – Меккеге қажылыққа бару сапары биыл 27 қарашада басталады. Алайда, әлемнің көптеген елдерінде доңыз тұмауының кең таралуына байланысты қажылыққа баратын мұсылмандардың жас мөлшеріне шектеу қойылмақ.
Альянс банкін басқарып, кейіннен Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болған Жомарт Ертаевтың Медеу ауданы прокурорының санкциясымен тұтқындалғанын 25 тамыз күні Қаржы полициясы растады.
25 тамыз күнгі баспасөз- мәслихатында тәуелсіз «Республика» басылымының басшылары газетке жабылу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді. Мұхтар Әбілязов басқарған БТА банкі журналистерді әдепсіздіктері үшін айыптап, моралдық өтем талап етіп отыр.
26 тамызда «БТА банк» пен «Темірбанкінің» бұрынғы 12 қызметкерінің үстінен сот ісі басталмақ. Олар Мұхтар Әбілязовтың ұйымдастыруыменаса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталып отыр.
Қазақстан кинематографистер одағы ұйымдастырып отырған шара барысында шалғай ауылдардағы көрермен қауымға «Қазақфильмнің» өнімдері - бұрынғы классикалық «Қыз Жібектен» бастап, бүгінгі атышулы «Рэкетирге» дейінгі фильмдері тегін көрсетілмек.
Алматыда Үрімжідегі шілде оқиғаларына арналған баспасөз-мәслихаты мен көрме ұйымдастырмақшы болған жаңадан құрылған қазақ- ұйғыр жастары комитетінің мүшелері ұсталып, прокуратурадан ескерту алды. Оларды рұқсат етілмеген митинг өткізбекші болды деп айыптады.
Тағы