«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің отбасы мен қорғаушылары ҰҚК оны қандай қылмысы үшін айыптап отырғанын түсінбейді.
Алматы қаласы ІІБ- сының дене шынықтыру дайындығы инспекторы, полиция лейтенанты Алмас Досжанов бокстан әлем чемпионы атанды. Алайда, екі жылда бір рет өтетін полицейлер мен өрт сөндірушілердің әлемдік додасына инспекторды жіберуге қалалық ІІБ- сында алдын-ала қаржы қарастырылмаған болып шықты.
Абай оқулары биыл «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деген атпен өтті. Мұндағы мақсат - Абай шығармаларын өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде мәнерлеп оқыту арқылы ана тілін білмейтіндерге үлгі көрсету дейді ұйымдастырушылар.
10 тамыз – қазақтың ғұлама ойшылы Абайдың туған күні. Мәдениеттанушы, ақын, аудармашы Әуезхан Қодар Абай шығармашылығы мен оның бүгінгі зерделенуі жайында Азаттық радиосына арнайы сұхбат берген еді.
Алматы қаласы әкімшілігі оппозициялық партияларлардың біріккен «Әділетті Қазақстан үшін»қозғалысының жиынын «Қазақстан» қонақ үйінде өткізуге алғашқыда рұқсат етпегендіктен, жиын белгіленген уақыттан кешігіп басталды.
«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болған Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова ҰҚК жуық арада күйеуімен кездестірмесе, өзін-өзі өртейтінін ескерткен еді.
1917 жылы шілденің 21-26 аралығында Орынборда І жалпықазақ съезі ашылды. Ақмола, Торғай, Семей, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей Ордасынан 20-дай өкіл қатысқан жиында сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін ең өзекті делінген 14 мәселе қаралған еді.
Шілденің 8-і күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Еуразиялық банктің бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаев қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігімен соттасатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Синхуа агенттігі жергілікті әкімшіліктің хабарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Интернетті бақылау туралы заң күшіне енген жағдайда, интернетті пайдалану бағасы 10 пайызға қымбаттап кетуі ықтимал. «Сорос-Қазақстан» қорының демеушілігімен арнайы сауалнама жүргізген «MediaNet» журналистика орталығы осындай қорытынды жасады.
«Хабар» и КТК телеарналарында көрсетілген сюжетте «Қазатомпром» вице-президенттері өз жағдайларының жақсы екендігін айтқанымен, жұбайлары оған иланбай отыр.
Қазақстанда көрерменіне жетпестен бұрын басы дауға қалған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасы маусымның 26-сынан бастап елдің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Ерекшелігі - фильмде ешқандай сөз, кейіпкерлердің диалогтары жоқ.
Қазақстанда 2007-2009 жылдар аралығында 586 азаптау оқиғалары тіркелген. Азаптау фактісі бойынша 4 жылда 15 адам ұсталғанымен, олардың тең жартысына сот шешімінен дереу рақымшылық жасалған.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Серік Бүркітбаевты Ақмола әскери соты 6 жылға бас бостандығынан айырып, онымен қоса мүлкін тәркілеу жөнінде үкім шығарды.
16 наурызда Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрындa «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Алашорда» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. «Киноға Н.Назарбаевты неге қостыңдар?» деп наразылығын білдірген азаматтар да табылды.
Сақып Ғалиқызы қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді әйелдердің бірі. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Азаттық тілшілері Жұмысшылар қозғалысының жетекшісі Сақып Жаңабаевамен сұхбаттасқан еді.
Алматыда, наурыздың 4 інде қоғам қайраткері, кәсіби дипломат әрі белгілі саясаткер Болатхан Тайжанның атындағы қор құрылғандығы жөнінде оның ұлы Мұхтар Тайжан мен жесірі Айсұлу Абдоллақызы БАҚ арқылы көпшілікке жария етті.
Алматы қаласы мәдениет басқармасының Ахмет Байтұрсынұлының мұражай - үйі орналасқан ғимараттың қабырғасына «Көпес Зубовтың үйі» деген жазуы бар тақтайшаны ілуінің сыры неде? Кейбір пікірлерге қарағанда, мұның артында мұражай жеріне қызыққандардың мүддесі тұр.
Ақпанның 18-інде сағат 21-де www.zonakz.net интернет басылымына екінші рет DDoS виртуалды шабуылы жасалды. Дәл сол күні мұндай шабуылға www.respublika-kz.info интернет газеті де ұшыраған болатын.
Ақпанның 9-ы қазақтың ұлы ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ қаламгерлерінің ішінде дүниеге келген күні жалпыхалықтық деңгейде мерекеленетін ақын-жазушылар көп емес.
Тағы