Ақпанның 6-сы күні Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындарына есеп берді. Төрт сағатқа созылған кездесуде әкім Республика сарайына лық толған алматылықтардың алдында баяндама жасап, түрлі сауалдарға жауап берді, бірақ ипотекалық борышкерлер мәселесі қозғаусыз қалды
Оппозициялық саясаткерлердің бірқатары ІІМ-нен Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның екі көмекшісі Бауыржан Байбосын мен Валерий Журавлевтің өлтірілуіне қатысты қылмыстық істі қайта қарауды талап етті.
Ақпанның 4-і күні бір топ қоғам қайраткерлері мен ұлттық патироттық ұйымдар белсенділері баспасөз-мәслихатын өткізіп, «БТА» банкінің Сбербанкіне сатылуына қарсы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, егер аталған банк сатылатын болса, онда бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірмек.
28 қаңтар күні «Алаш айнасы» қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің алғашқы саны оқырмандарына жол тартты. Ол күнделікті жарық көрмек. Қазіргі уақытта Қазақстанда 455 мерзімді басылым қазақ тілінде, 2233 басылым орыс тілінде шығады.
Қаңтардың 26-ында Медеу аудандық сотының үкімімен «Верный.KZ» құрылыс компаниясының бұрынғы басшылары Майя Әбішева мен Ләззат Есенованың әрқайсысы 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал "Верный.KZ" компаниясының құрылтайшысы Жанат Ақбиевке халықаралық іздеу жарияланған-ды.
Қазақстандық сарапшылар халықаралық «Каунтерпарт Интернэшнл» ұйымының қолдауымен бір жыл бойғы зерттеу нәтижесінде, қолданыстағы ақпарат туралы заң толық және қажетті ақпарат алуды қамти алмай отырғандығы былай тұрсын, «ақпарат» деген түсініктің өзін нақты талдап бере алмайды деген тұжырым жасаған.
Өткен ғасырдың басындағы қазақтың жаңа заманға лайықты дамуы мен тәуелсіздігі үшін, қазақты ағарту жолында «Оян, қазақ!» деп атқа қонған Алаш ардақтыларының ішіндегі азаматтығымен, адалдығымен, ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігімен ерекшеленген тұлға- Ахмет Байтұрсынұлы болған.
Қазақстан азаматтығын алуға құжаты дайын тұрған Рақыжан Зейноллаұлы ҚХР мемлекеттік қауіпсіздік туралы заңының 4-бабына сәйкес ақпарат тасушы саяси қылмыскер ретінде 13 жылға бас бостандығынан айырылып, Үрімжі қаласындағы №1 түрмесінде жазасын өтеп жатыр.
Тараз қаласындағы ҰҚК Жамбыл облыстық басқармасының уақытша тергеу изоляторында қамауда жатқан «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов тергеу сұрақтарына жауап беруден бас тартып, аштық жариялауын жалғастыруда.
Қос бүйірден қысып келе жатқан дағдарысқа қарамастан биылғы жылғы Қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемі ұлғайғаны белгілі болды. Мұндай ақпаратты Қорғаныс министрлігіне қаратып депутаттық сауал жолдаған мәжілістегі халық қалаулысының бірі Сағынбек Тұсынов жария етті.
Президент Н.Назарбаев 2009 жылы мемлекеттік мекемелердегі шығындарға жұмсалатын қаржы көлемін сондай-ақ, қажеттілігі шамалы іс-шаралар мен шетелдік іс-сапарларды қысқарту жөнінде нұсқау берді. Қысқартудың мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына қатыстылығы жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде әдеби басылымдар қатары біршама толыға түсті. 2008 жылдың соңында шыға бастаған "Алтын тамыр" бұрын цензураға ұшыраған шығармаларға кең жол ашпақшы
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2009 жылғы квотаны үш есеге қысқарту жөнінде қаулы алды. Ал, республикаға ағымдағы жылдың 11 айында алыс-жақын шетелден 1 млн. 137 мың 214 адам жұмыс істеу үшін шекара асып келген екен.
1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін жазықсыз сотталғандарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осының нәтижесінде нақақ сотталған 103 адамның 92- сі ақталған. Ал 11 азамат белгілі бір тұлғаға қарсы жасаған қылмысы үшін ақтау тізіміне ілінбей қалды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан көптеген жастар одан кейін жазықсыз сотталып кетті. Қатаң жазадағы еңбекпен түзеу мекемесіне (түрмеге) кеткен қыршындай қазақ жастарының арасында Құттыбек Аймахан да болған еді.
1977 жылы кеңес өкіметінің отарлық саясатына қарсы шыққаны үшін саяси диссидент ретінде 2 жылға сотталған Хасен Қожа-Ахмет 1986 жылғы Желтоқсан толқуының белсенді қатысушысы әрі ұйымдастырушыларының бірі деп танылып, тағы екі жылға бас бостандығынан айырылған.
Алдымен Білім және ғылым министрлігі мемлекет басшысын осы атаққа ұсынса, ізін суытпай-ақ Парламенттің жоғарғы палатасы - Сенат төрағасының аузынан да Назарбаев осы атаққа лайық деген ұсыныс айтылды. Енді мұндай бағалы ұсынысты Мәжіліс депутаттарының қолдауы ғана қалды.
Жұма күні Қазақстан Жазушылар одағында «Қазіргі заман және әдебиет» деген тақырыппен Қазақстан қаламгерлерінің кезекті пленумы өтпекші. Қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйі мен даму барысына оқырмандар түгілі, қаламгерлердің өздерінің көңілі толмайды.
Ұлы ақын, әрі философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына орай туған өлкесі Семейде той өткен болатын. Мерейтой аясында Шәкәрім қажының әдеби шығармалары қайта басылып жарық көрді. Алайда, биыл баспа бетін көрген және бұған дейін де шығарылған кітаптары ақын-жазушылардың көңілінен шықпай отыр.
Сейсенбі күні Алматыда дәстүрлі музыка орындаушыларының алғашқы құрылтайы болып өтті. Қазақстанда дәстүрлі музыкаға қамқорлық пен насихаттың жоқтығын өнер саласының адамдары жиі айтып жатады. Тіпті, дәстүрлі өнерді дамыту қашанда кедергілерге тап болатын көрінеді.
Тағы