1917 жылы құрылған Алашорда партиясы және оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істеріне былтыр, яғни, 2007 жылы 90 жыл толған болатын. Сондай-ақ, Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларын «Халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессияға да 70 жыл толған болатын.
Қазақстанда соңғы жылдары әзіл-оспақ театрларының саны көбейгенімен, олардың қоғамдағы рейтингі төмендегені байқалады. Мұны актерлардың өздері де жоққа шығармайды.
Үстіміздегі жылдың 9 айында түсік тастау мақсатында Қытайдан әкелінген дәріні ішкен 170-ке жуық қазақстандық әйел ауруханадан бірақ шыққан.
Алматыда арақ-шарап өндірумен айналысатын бір фирманың цехынан қолдан жасалған деген күдікпен 27 мың дана есептік бақылау маркасы тәркіленді.
Деtрек көздеріне қарағанда, соңғы он жылдың бедерінде суицид дертіне шалдығып, өмірімен қош айтысқан Қазақстан азаматтарының саны әр 100 мың адамға шаққанда 27-29 адамнан келіп отырған. Ал, 1995-96 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар кезінде өзіне-өзі қол салған адамдардың саны 20-30 пайызға бірден көтерілсе, Қарағанды облысына қарасты Жаңарқа, Қарқаралы аудандарында Байқоңырдан ұшырылған зымыран қалдықтары құлаған кезде суицид дертімен жантәсілім еткен жандар күрт өскен.
Ертең Астанада Қазақстан жастарының жалпы республикалық 3-ші форумы басталады. Қазақстанда жастардың түрлі бағытта жұмыс істейтін 727 қоғамдық ұйымы тіркелген. Десек те, қоғамда жастардың белсенділігінен гөрі енжарлық пен бойкүйездігі басым.
6-қазан күні Женевада БҰҰ адам құқықтарының тапталуы мен азаптауға қарсы комитетінің 41-сессиясы басталды. Сессия жұмысында 1998 жылы БҰҰ-ның аталмыш комиссиясына мүше болып, халықаралық шартқа қол қойған Қазақстан адам құқықтарының сақталуы мен азаптауға қарсы жүзеге асырған іс-шаралары жөніндегі екінші жұмыс қорытындысын баяндады. Бірінші жұмыс қортындысы 2003 жылы тыңдалған болатын.
АҚШ президенттері тарихының жаңа беті ашылды. Бұл сөздің айғағы - АҚШ президенті атанған афро-американдық, демократ Барак Обама.
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесінің желісімен түсірілген қазақ режиссері Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары» картинасы жақында көрермендермен қауышады.
Соңғы кездері Алашорда партиясы және Алаш зиялылары төңірегінде жаңа іс-шаралар бастамасы қолға алына бастады. Қыркүйек айының басынан бері «Қазақфильм» киностудиясы Алашорда партиясы туралы деректі фильм түсіруді бастағанын Азаттық радиосы айтқан болатын. Жекелеген алаштанушылар зерттеу кітаптарын шығарып жатыр.
Сәрсенбі күні жүздеген алданған үлескер Алматы қаласы әкімшілігінің алдында рұқсат етілмеген пикет өткізушілер қанша талап етсе де, әкіммен кездесе алмады
Оппозицияның бірнеше жетекшісіне қарсы қозғалған қылмыстық іс төңірегіндегі дау-жанжалға енді 2001 жылы өлтірілген павлодарлық кәсіпкер Борис Костановтың жесірі Манана Костанова да кірісті.
«Тасжарған» оппозициялық газетінің тілшісі Гүлжанат Шонабай қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Арселор Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты металлургия комбинатының үш мыңнан аса жұмысышы тағы да 15 күндік мәжбүрлі демалысқа кетеді.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болып жатқан адамдар алған үйлерінің шаршы метріне төленетін ақының бастапқыда көрсетілген бағадан өсіп кеткенін айтуда.
Қазан айының 11 күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңда баспана мәселесіне арналған наразылық жиыны өтті.
Әдебиет саласы бойынша 2008 жылғы Мемлекеттік сыйлық оған ұсынылған үміткер қаламгерлердің ешқайсысына берілмеді
Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық халық аспаптар мұражайынан, бетінде домбыра және билеп тұрған адамдар бейнеленген тарихи тас 1993 жылы белгісіз себептермен жоғалған еді. Сол тарихи жәдігер биылғы жылдың қазан айының басында қайта табылды.
Ұлттық дәстүрлі музыканың қанатын қағып, дами алмай отырғанын әншілер мен күйшілер жиі айтады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының ауқымында дәстүрлі музыканы жан-жақты зерттеп, белгісіз болып келген шығармаларды тыңдарманымен қайта қауыштырып, мәдениеттің қайнар көзі болып саналатын ұлттық өнерді насихаттауға байланысты кешенді бағдарлама қарастырылмаған.
Қазанның 5-і күні Шаңырақ оқиғасына байланысты өткен сот үкімінің шығарылғанына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде «Шаңырақтан заңсыз жер иеленіп отыр» делінген жұрттың күрделі мәселелерінің ешқайсысы өзінің оң шешімін таппағанын Шаңырақ тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері күні бүгінге дейін айтып келеді.
Тағы