"ҚАЗАТОМӨНДІРІС" ІСІНЕ ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?
13 тамыз күні «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, қамаудағы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева журналистерге күні кеше ғана Бас прокуратурадан жауап хат алғанын жеткізді.
Жәмила Жәкішеваның сөзіне қарағанда, жауап хатта бас прокурордың орынбасары Мұхтар Жөргенбаев Мұхтар Жәкішевтің ісі қандай негізде құпия болып табылатынын түсіндірген. Жауап хатқа қарағанда, Мұхтар Жәкішев пен оның күзетшісі Талғат Қыстаубаевтың ісі тергеліп жатқан әскери қызметкерлердің аса құпия айыпталу ісімен біріктірілген. Осыған байланысты Мұхтар Жәкішев пен Талғат Қыстаубаевты тұтқындау туралы рұқсат шешімді әскери сот берген. Осыдан кейін, Жәмила Жәкішеваны жаңа сұрақтар мазалап отыр. Бұл сұрақтардың жауабын адвокаттар да білмейді. Сондықтан да бұл сұрақтарға олардың бәрі жауап алғысы келеді.
- Мені қатты мазалап отырған әрі жауабын естігім келетін бірінші сұрақ: - Бұл іске біріктірілген әскерилерге қатысты істің қатысы қанша? Демек, менің күйеуімнің тұтқындалуы ұрлықпен, болмаса қайдағы бір «қызметін асыра пайдаланды» деген айыптаулармен байланысты емес болып отыр ғой. Сонда бұған дейін ҰҚК нің баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемелердің бәрі жай ғана менің күйеуімді тұтқындау үшін қажет болған ба,-деді Жәмила Жәкішева 13 тамыз күні өткен баспасөз мәслихатында.
СӘЙКЕССІЗДІК ЖӘНЕ САУАЛДАР
Сондай-ақ, әскери соттың Мұхтар Жәкішевті тұтқындау туралы рұқсат шешімді 25 -нші мамырда бергенін, ал мемлекеттің құпия ретінде әскери қызметкерлердің ісіне біріктірілуі 29 мамырда болғанын Жәмила Жәкішева Бас прокуратураның жауап хатынан білген.
- Ендеше, бұл ҰҚК- нің қызметкерлері менің күйеуімнің тұтқындалуын қалай да көлегейлеп, бұл іске жай ғана «мемлекеттік құпия» деген атау беруі үшін жасалған болды ғой. Тағы да сұрақ? Бұл не үшін істеліп отыр? Басқа заң бұзушылықтарды жасыру үшін бе? Қандай әскери қызметкерлер бұл іс бойынша тергеуде отыр? Мұның бәрі не үшін жасалып отыр? Бәрін тыныш жабу үшін бе? Болмаса, «мемлекеттік құпия» деген желеумен өз дегендерін істеп, заңсыздықтарын жасау үшін бе? Тұтқындап және оны өздері қалаған мерзімге соттау үшін бе?
ҰҚК ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕУЛЕРДІ МАҚҰЛДАМАЙДЫ
13 тамыз күні өз сөзінде Жәмила Жәкішева әскери қызметкерлердің ісі туралы оқымағанын, естімегенін атап өтті. Жәмила Жәкішева мемлекеттік құпия ретінде қарастырылған Серік Бүркітбаевтың ісін ғана білетінін айтады.
- Меніңше, барлықтарыңыз хабардар шығарсыздар, ол істің Рахат Әлиевпен қатысы болды-ау деймін. Көріп отырғандарыңыздай, сұрақ өте көп. Сонда менің күйеуімді нендей қылмысқа айыптап отыр?- деп таңданады Жәмила Жәкішева.
Бас прокуратура өзінің жауап хатында Мұхтар Жәкішевке таңдау үшін екі рет адвокаттардың тізімін бергенін айтқан. Бұл Жәмила Жәкішева үшін тағы да сұрақ болып қалып отыр: бұл неғылған тізім және оны кім бекітеді? Қандай адвокаттардың бұл іске қатысатынын, ал қандай адвокаттардың қатыспайтынын кім шешеді?
Жәмила Жәкішеваның баспасөз-мәслихатынан кейін ҚазТАГ агенттігі Мұхтар Жәкішевтің ісіне әскерилердің қатыстылығы туралы деректі жоққа шығарады деген ақпарат таратты.
"Ол (Жәмила Жәкішева -ҚазТАГ) не болса соны айта береді. Оный бәрі де өтірік. Қылмыстық іс әскерилермен байланысты емес",- деп мәлімдеген әріптестеріне Қазақстан ҰҚК-нің тергеу департаментінің бастығы Абылайхан Ғаббасов.
САРА САҒЫНДЫҚОВАҒА ЖАЛТАРМА ЖАУАПТАР
Дәл осындай сұрақтар Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі Талғат Қыстаубавтың әйелі Сара Сағындықованы да алаңдатып отыр. Оның сөзіне қарағанда, күйеуінің құқы әлі күнге бұзылып жатыр.
Әлі күнге дейін маған онымен кездесуге рұқсат бермей отыр, күнде-күнде, күн аралатып та «кездесу берсін» деп рұқсат сұрап өтініш жазамын. Олар өтінішімді мақұлдамайды. Оның әлі күнге дейін қорғаушысы жоқ. ҰҚК тағайындаған адвокат Ақан Байқанов өз міндетін орындамады. Мен оған алғашында-ақ сенімсіздік танытқанмын. Сол себепті мен шілде айының басында шағым-арыз жазғанмын. Әдеттегідей ешқандай жауап алған жоқпын. Одан кейін мен және отбасымыз сенетін адвокаттың іске жіберілуін сұрадым. Менің сөзіме тағы да ешкім құлақ аспады.
Сара Сағындықова, күйеуінің Астанаға 27 мамырда жеткізілгенін білген. Ал санкция 30 мамырда берілді. Сара Сағындықоваға оның күйеуінің 24 мамырдан бастап қайда болғаны белгісіз. Өйткені, оны дәл осы күні алып кеткен. Содан бері оған күйеуін неліктен заңсыз ұстап отырғандығы түсініксіз.
- Мен адвокаттың назарын күйеуімнің үш күн бойы заңсыз тұтқында отырғанына аударғым келеді. Егер ол адвокат бар болса?! Оны үш күн бойы қайда ұстап отырған? Бұған кім жауап береді? Бұл сұрақтарға маған ешкім жауап бермейді,-деді Сара Сағындықова.
Талғат Қыстаубаевқа отбасы таңдаған адвокатты да әлі күнге жібермей отыр. Адвокат Лариса Зулфигарова Талғат Қыстаубаевтың құқы неліктен бұзылып отырғанына түсінбейді.
- Біздің мемлекет халықаралық саяси және азаматтық құқық туралы пактіге қосылған әрі қол қойған. Бұл пакт 2006 жылдың 26 сәуірінен бастап, заңды күшіне енген. Аталмыш пактіде әр азамат өзіне адвокатты өзі таңдауға құқылы екені анық жазылған. Ал Талғат Қыстаубаевтың құқы неге бұзылып отырғаны біз үшін әлі күнге түсініксіз,-деді адвокат Лариса Зулфигарова.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мамыр айында қызметінен алып, тұтқындаған болатын. ҰҚК оны мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыптайды. Тұтқындалғаннан бері Мұхтар Жәкішев ҰҚК-інің Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі, полиция майоры Талғат Қыстаубаев та мамыр айында тұтқындалған болатын.