Қазақстанның шетелдердегі елшіліктері Евгений Жовтистің ісіне қатысты наразылық акцияларының басты нысанына айналып отыр. Бұған дейін қазақстандық құқық қорғаушыны қолдау шаралары Варшава мен Мәскеудегі қазақ елшілігінің алдында өткізілсе, сәрсенбі күні дәл сондай акция Қырғызстан астанасындағы елшілік маңында ұйымдастырылды: қырғыз құқық қорғаушылары Қазақстан елшісіне петиция тапсырған.
- Бүгінгі наразылық акциясына біз екі талаппен шықтық. Біріншісі, Жовтистің сотта әділетті қорғалуын қамтамасыз ету, өйткені билік құрылымдары тарапынан көптеген заң бұзушылықтар орын алды және құқық қорғаушының да, адвокатының да өтініш хаттары қабылданған жоқ, бұл істе саяси сарынның бары осыдан көрінеді.
Екінші талап ретінде ел ішінде адам құқының бұзылуына жол беріп отырған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге құқы жоқ дегенді
Қырғыз құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қазақстандық Евгений Жовтиске қолдау білдіріп Бішкектегі қазақ елшілігінің алдына жиналды. Бішкек, 16 қыркүйек 2009 жыл.
айттық. Бұл талаптарымызды жазбаша түрде елшінің кеңесшісі Талғат Жолдасов арқылы Қазақстан елшісінің атына жолдадық», - деді Қырғызстандағы «Азаматтар жемқорлыққа қарсы» құқық қорғау ұйымының директоры Төлекан Исмаилова. Оның айтуынша, наразылық акциясына ондаған адам қатысқан. Ал Қазақстан елшісіне тапсырылған петицияға Қырғызстандағы қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарының 12 өкілі қол қойған. Солардың арасында «Қылым шамы» адам құқығын қорғау орталығының директоры Азиза Әбдірасылова да бар.
- Елшінің кеңесшісі бізге жақын уақытта петицияда көрсетілген талаптарға жауап болады дегенді айтты, біз күтеміз. Бұған бөлек, ол жауабы тезірек шыққандығын қалап отырмыз. Өйткені 29 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Варшавада адам өлшемі туралы конференция өткелі отыр. Оған бірқатар қырғыз
Полиция Евгений Жовтистің қолына сот залында кісен салып, оны тұтқынға алды. Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл. "Свобода слово" газетінің суреті.
құқықорғаушысы қатысады, - деді ол.Аталған жиында олар 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткелі отырған Қазақстандағы адам құқығының сақталуы мәселесін сөз етпек екен.
- Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі петицияда көтерілген талаптардың жауабын тез бермесе, біз бұл мәселені міндетті түрде көтереміз деп ескерттік, - деді Азиза Әбдірасылова.
Бішкектегі қазақ елшілігі сөз болып отырған петицияны қабылдап алғандарын растап отыр.
Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.