Маусым айының басында Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі белгілі скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің оркестрін қайта тіркеуден өткізу туралы қаулы шығарып, оның орнына басқа оркестр құрған еді.
Осы мәселеге қатысты Алматыда сәрсенбі күні ақпарат құралдарын жинаған Марат Бейсенғалиев халықаралық деңгейде ірі табысқа жетіп жүрген оркестрді жабу «ойластырылмаған қадам болғанын» айтты.
– Әкімшілік қаулысы тек облыс қана емес, бүкіл республиканы өкіндіретін жағдай болды. Әлемдік танымал фирмаларда диск жаздырып жатқан
Әкімшілік қаулысы тек облыс қана емес, бүкіл республиканы өкіндіретін жағдай болды.
оркестрдің жойылуы халықаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмайды, – дейді Марат Бейсенғалиев.
Ол жергілікті билік пен мәдениет саласының өкілдері тағып отырған айыптармен келіспейтінін айтады. Оның айтуынша, мемлекеттік органдармен жасалған келісім-шартта «тек қана оралдық музыканттарды алу» немесе «қосымша табыс табу үшін шетелге шықпау» туралы ережелер жоқтың қасы.
«ЖҮЗЕГЕ АСПАҒАН ЖОБАЛАР»
Марат Бейсенғалиев бұл шешімнің кесірінен оркестрдің алдағы жоспарларының өзгеретінін де айта кетті. Оркестрдің жүзеге асыра алмай қалған жобаларының арасында Абай, Шәкерім шығармалары да бар екен.
– Карл Дженкинстің «Абай» шығармасын жазу жоспары бар еді. Халықаралық турне де ұйымдастырылып қойған. Енді ол бұл оркестрсіз қойылмақ. Карл Дженкинс Шәкерім туралы да шығарма жазған еді. Әрине, ірі компаниялар осы шығармаларды дәл сол оркестрдің орындағанына ниет танытқан, – дейді Марат Бейсенғалиев.
Марат Бейсенғалиевтің айтуынша, Батыс Қазақстандағы филармониялық оркестрінің 2003 жылы құрылуына президент Нұрсұлтан Назарбевтың өзі мұрындық болған. Ол сәрсенбілік жиында «оркестрінен айрылуы» қазіргі билік өкілдерін сынап жазған «До ре» кітабымен байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Скрипкашының сөзінен түсінгеніміз, қайта тіркеуден өткен Марат Бейсенғалиев оркестрі қазір жұмысын тоқтатқан. Марат Бейсенғалиевпен бірге кейбір музыканттар та оркестрден кеткен.
ШАҒЫМ
Оркестрді қайта тіркеуден өткізу туралы қаулы шығарған Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігіне хабарласқанымызда, әкімшіліктің баспасөз қызметі басшылардың семинарға кеткенін айтып жауап беруден қашқақтады.
Оралдық бір топ мәдениет саласының өкілдері маусым айының ортасында жергілікті билікке хат жазып, Бейсенғалиев оркестріне
Хат иелері оркестрдегі музыканттардың арасында бірде-бір оралдық азамат жоқ екенін де айтып шағымданған.
жұмсалып жатқан қаржының ақталмайтынын айтып шағымданған еді.
Скрипкашының Орал қаласында «бірде-бір шеберлік дәрісі немесе концерт өткізбегені, көбіне шетелде жүретіндігі» де сөз болған. Хат иелері оркестрдегі музыканттардың арасында бірде-бір оралдық азамат жоқ екенін де айтып шағымданған.
«Оркестр құрылған күннен бастап-ақ онда Өзбекстан, Ресей, Украина, тіпті Жапонияның музыканттары жұмыс жасайды» дейді билікке хат жазған азаматтар.