Астанадағы жалғыз адамдық пикет
Астанада жалғыз адамдық пикетке шыққан зейнеткер Екатерина Зайцева Өндіріс кентіндегі сүрілуге жатқызылған ескі жатақханадағы тұрғын жайына пара-пар баспана берілуін талап етті. Билік рұқсат еткен наразылық акциясы орталықтан оқшау саябақта өтті. Пикетті сырттай бақылаған әкімдік өкілдері тұрғын талабына байланысты түсініктеме беруден бас тартты.