Патшалық Ресей Думасының мұсылман фракциясында хатшы болған, кейін Түркістан Автономиясын басқарған, ал совет өкіметі Орталық Азияға тұтас орныға бастаған кезде 1921 жылы Францияға эмиграцияға кетіп, өмірінің соңына дейін большевиктер билігіне қарсы саяси публицист ретінде танылған этникалық қазақ Мұстафа Шоқайдың көптомдық толық шығармалары жинағының бір бөлігі желтоқсанның 12-сі күні ұлттық кітапхананың көрме залында таныстырылды.
АЛҒАШҚЫ ТОЛЫҚ ЖИНАҚ
Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Францияның Қазақстандағы елшілігі. Тұсаукесер рәсімі Қазақстандағы Франция мәдениеті жылының аясында өтті.
Ұлттық кітапхананың көрме залында Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық толық жинағының әзірше тек жартысы – алты томы ғана көпшілікке көрсетілді.
Кітапты шығарған Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкерлері жинақтың қалған алты томы 2015 жылға қарай, Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығы қарсаңында жарияланатынын айтты.
Алғашқы алты томда Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің факсимилиесі, жеке мұрағатындағы құжаттары мен иллюстрациялары қамтылған. Кітапта шет тілдерінде жарияланған мақалалары да бар.
Азаттық тілшісі парақтап көрген алғашқы томдарда түсіндірмелер бар болғанымен, соңғы томдарда Мұстафа Шоқай еңбектері сол күйі басылған болып шықты, яғни түпнұсқа еңбектер қай тілде жарияланса сол тілде берілген. Таныстыру шарасына қатысқан Ұлттық кітапхана қызметкерлері кітаптың ең басты артықшылығы – Шоқай еңбектерінің бір жерге жиналғанында деп біледі. 40-қа жуық бүркеншік есімі бар Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағын жариялау ісі алғаш рет қолға алынып тұр.
Жинақты құрастырушы тарихшы Көшім Есмағамбетов кітапқа енген материалдарды жинақтауға 15 жылдай уақыт жұмсағанын айтты.
– Мұстафа Шоқайдың сұхбаттарын Голландия, АҚШ, Швейцария, Түркия, Ауғанстан, Франция мен Польшадан әлі де кездестіруге болады. Түркия ғалымдарымен сөйлескенімде олардың қолында Мұстафа Шоқайдың басқа хаттары да бар екенін білдім, бірақ көшірмесін ала алмадым. Бірақ 12 томдықта барлық негізгі туындылары қамтылды, – деді тарихшы Көшім Есмағамбетов.
ІРІ ҚАЙРАТКЕР
Мұстафа Шоқайдың жинаққа енген еңбектерінің кейбірінің көшірмелері Ресей, Франция мен АҚШ-тағы архивтерден, Түркия, Англия, Польша, Грузия мен Өзбекстандағы кітапханалардан сатып алынған.
Тарихшы Көшім Есмағамбетов Мұстафа Шоқайды «Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы тәрізді ірі саяси қайраткер» деп сипаттайды.
– Ол Совет Одағының ыдырайтынын, қазақ елінің дербес мемлекет болатынын болжап айтып кетті және сол үшін күресті. «Елдің егемендігі үшін біржақты достық – өте қауіпті. Ресеймен қарым-қатынаста болған жөн, бірақ ол біржақты болмау керек» деген де – Мұстафа Шоқайдың сөзі, – дейді Көшім Есмағамбетов.
Мұстафа Шоқай шығармалары жинағының тұсаукесер рәсіміне қазақстандық ғалымдар, шетелдік зерттеушілер де қатысып, бұл шара әрі қарай конференцияға ұласты.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Мұстафа Шоқай шығармалары жинағы тұсаукесері
Мұстафа Шоқай – патшалық Ресей тұсында Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарған, кейін Түркістан автономиясының басшысы болған адам. Ол 1921 жылы Стамбул арқылы Парижге эмиграцияға кетіп, әуелі Францияда, сосын Германияда тұрған. Эмиграцияда жүргенде «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, Совет Одағының саясатын сынаған мақалалар жазған.
Мұстафа Шоқай 51 жасында, 1941 жылғы желтоқсанның 27-сі күні Берлинде қайтыс болған.