Accessibility links

Апаттан зардап шеккен аудандар көмекке зәру


Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы "Игілік" жылу қазандығының бораннан құлап қалған бу трубасы. 13 қаңтар, 2013 жыл. Сурет Facebook-тан алынды
Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы "Игілік" жылу қазандығының бораннан құлап қалған бу трубасы. 13 қаңтар, 2013 жыл. Сурет Facebook-тан алынды

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде табиғи апат кесірінен үзілген жарық пен жылу қайта қосылды. Бораннан үйлері қираған тұрғындар далада қалғанын айтады.

Өткен демалыста болған қатты боранның салдарынан дүйсенбі күні Жамбыл облысында Қаратау және Жаңатас қалаларындағы мектептерде сабақ тоқтатылды.

Қаратау қаласындағы мектептердің бірінің директоры (есімін атаудан бас тартты) бораннан мектеп шатырлары ұшып кеткенін айтты.

- Менің мектебім бұрын салынған, ескі, бірақ сүйегі мықты. Бірлі-жарым шифер ұшты. Бес-алты терезем сынды. Басқасының бәрі аман-есен. Бірақ сонда да сырттан ұшып келген талдар, қоқыстар бар. Соны қазір жинатып жатырмын, - дейді мектеп директоры.

Ол мектептің бүлінген жерлерін қалыпқа келтіру үшін материалдар күтіп отырғанын айтты.

- Қалада көптеген газовик, энергетик жүр. Бүгін құрылысшылар келеді деді. 20-30 солдат жүр. Бәрі жылдам істеп жатыр. Бірақ бәрін тез қалпына келтіру мүмкін емес қой. Сынған талдар бар, - дейді мектеп директоры.

Қаратауда он жылдан бері тұрып келе жатқанын айтқан сұхбаттасымыз бұрын-соңды мұндай күшті боран көрмегенін айтты.

- Таулы жер ғой. Таулы жер болғаннан кейін де желі қатты болады. Ол рас. Ал бірақ мұндай күшті боранды бұрын-соңды кездестірмегенмін, - дейді ол.

Ол қаладағы өзге мектептердің хал-жағдайынан хабарсыз екенін айтты.

"ҚАРАТАЛДА НАН ЖОҚ"

Қаратау қаласының есімін атаудан бас тартқан келесі тұрғыны әсіресе пәтерде тұратын азаматтардың қиын жағдайда қалғанын айтады.

- Шатырымыз сынды, қирайтыны қирады. Қайсыбірін айтайын...Жертамда тұрғандар қағатынын қағып жатыр. Бірақ мына пәтерде тұратын адамдарға қиын болып
Жұмысшылар электр желісін жөндеп жатыр. Жамбыл облысы, 14 қаңтар 2012 жыл. (Facebook әлеуметтік желесінен алынған сурет)
Жұмысшылар электр желісін жөндеп жатыр. Жамбыл облысы, 14 қаңтар 2012 жыл. (Facebook әлеуметтік желесінен алынған сурет)
жатыр. Оларда не су жоқ, не жылу жоқ. Бұған қоса, Қаратал бойынша дүкендерде нан жоқ. Себебі, пісірілетін наубайханаларда жарық жоқ. Бәрі тоқтап тұр. Өте қиын болып жатыр, - дейді тұрғын.

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, дүйсенбі күні таң ата Қаратау және Жаңатас қалаларына жарық берілген. Ал жылу қазандықтары түске дейін қосылатыны хабарланды.

- Сарысу, Талас аудандардағы 77 елді мекен жарықсыз қалған. Қазіргі кезде Қараталдағы газ жүйесі қалпына келді. Жаңатас пен Қаратауда жылыту тәулік бойы жылынуға болатын бекеттер ашылып, тұрғындарға ыстық тамақ беріле бастады. Ауыз су Шу станциясынан тасылуда. Қазір жол ашық, - деді Жамбыл облыстық әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Бұған дейін табиғи апат болған аудандарда телефон байланыс жүйесі де үзіліп қалған болатын. Асқар Жалдинов дүйсенбі күні түске қарай Қаратауда Beeline байланыс операторы желісі іске қосылғанын хабарлады.

Азаттық тілшісі бораннан зардап шеккен Жамбыл облысының өзге елді мекендеріне хабарласа алмады.

ТОПАН СУ

12 қаңтарда ауа райының жылынуы мен жаңбырдың салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы біраз үйді су басқан.

Төтенше жағдай министрлігінің ақпараты бойынша Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы 37 үй мен 107 аула су астында қалған; Қарақалпақ ауылында 9 үй мен 9 аула су астында қалған, екі үй толығымен қираған; Тасқұдық ауылында екі үй мен екі ауланы су басқан.

Көмекке келген құтқару тобының мамандары 21 ауланың суын насос арқылы құрғатып, қалғандарын арық арқылы ағызған.

Су астында қалған үй иелерімен Азаттық тілшісі хабарласа алмады.

"ҮЙІМІЗ ҚИРАП, ДАЛАДА ҚАЛДЫҚ"

Ал Созақ ауданының тұрғыны Оразәлі Байдәулетов осы ауданға қарасты Таукент елді мекенінде өткен демалыс күндері боран болып, соның салдарынан қазіргі кезде ауыл тұрғындары қиын жағдайда қалғанын хабарлады.

- Таукент деген елді мекенде тұрамын. Таулы аймақ. Қаңтардың 12-сі күні бір күні бойы боран соқты. Секундына 36-37 метр. Дәл сол күні жер сілкінісі болған. Мен өзім ол кезде ауылдан тыс басқа жерде жұмыста болғанмын. Жұрттың айтуынша, еден, төбенің бәрі сықырлап кетіпті. Бала-шағам 11 сағат үйде қамалып отырды, - деді Оразәлі Байдәулетов Азаттық тілшісіне.

Ол боран салдарынан ауылдағы көптеген үйлердің бұзылғанын айтты.

- Екі времянкам және жаңадан салынған тағы бір үйім болған. Екеуінің крышасынан ештеңе қалмады. Енді кішкене қар жаңбыр жауатын болса, ортасына түсейін деп тұр. Алты балам бар. Кеше кешке дейін времянкадағы бір бөлмемді
Зардап шекен тұрғындарға тамақ пісіріп жатқан адамдар. Қаратау, 13 қаңтар 2012 жыл. (Facebook әлеуметтік желісінен алынған сурет)
Зардап шекен тұрғындарға тамақ пісіріп жатқан адамдар. Қаратау, 13 қаңтар 2012 жыл. (Facebook әлеуметтік желісінен алынған сурет)
жөндеп, соған темір пеш қойып, бала-шағамды соған отырғызып кеттім. Төбе, ештеңе жоқ. Қар-жаңбыр жауса, ол да ортасына құлайды. Білмейміз не істерімізді, - дейді Оразәлі Байдәулетов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ауыл тұрғындарында не жарық, не жылу жоқ.

- Жағдайымызды білу үшін әкімшіліктен ешкім келген жоқ, - дейді тұрғын.

Бораннан ең көп зардап шеккен Таукент тұрғыны Әлия Дастанова үйінің мүлдем жарамсыз қалғанын айтады. Ол қазір жолдасымен бірге жұмыс орнының жатақханасында тұрып жатқанын айтты.

- Қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түні жел басталып, таңертең күшейе түсті. Жұмыстағы автобусқа ұшып кете жаздап бардым. Сол күні түнгі кезектен шыққан жұмысшыларды апаратын автобусымыздың бүкіл терезелері сынып қалған. Диаметрі 3-4, ары кеткенде 10 сантиметрге дейін баратын тастар ұшқан автобусқа. Сол күні жұмыстан қайта алмадық. Кешке қарай ғана үйімізді көріп қайтуға жіберді. Ертесінде күндіз жіберді. Үйіміз жарамсыз болып қалды, - дейді Әлия Дастанова.

Созақ ауданы әкімінің көмекшісі Қайырбек Мейірмановтың айтуынша, қазір зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр. "Боран салдарынан қанша тұрғын үйсіз қалды?" деген сұраққа ол нақты жауап бере алмайтынын айтып, кейінірек хабарласуды өтінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Таукент пен Қаратаудағы дауыл салдары

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG