Accessibility links

«Нұр Отанның» өкілі оралмандарға «масылдық мінез-құлықты құрту керегін» айтты


«Қазақстан оралмандар одағының» төрағасы Артықбай Үкібай. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
«Қазақстан оралмандар одағының» төрағасы Артықбай Үкібай. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.

Қарашаның 8-інде Алматыдағы заң академиясында жалпы республикалық адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау коалициясының ұйымдастыруымен «Мәмілегер» орталығының алғашқы отырысы өтіп, оралмандар мәселесі сөз болды.


Отырысқа түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партия мүшелері қатысты. Алдын-ала құлақтандыруда айтылғанымен, журналист Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізген бұл жиынға «Мәмілегер» орталығының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев та, парламент депутаты әрі «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бекболат Тілеухан да, басқа біраз қоғамдық ұйым өкілдері де келмей қалды.

«МЕН НЕ ДЕЙМІН, ДОМБЫРАМ НЕ ДЕЙДІ?»

Кездесуге жиналғандар «ең әуелі шетелдегі қазақтарды келтірудің жолдарын сөз етейік» деген тоқтамға келді. Олардың айтуына қарағанда, қазір шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралуы тоқтаудың аз-ақ алдында тұр, жыл сайын бөлінетін квотаның өзі толмайды.

«Көштің тоқтауына азаматтық алу мен тіркеу мәселесі көп кедергі келтіреді. Қазақстанның азаматығын алу үшін, қайтадан өзің келген елге барып, сол елдің азаматығынан шығып келу керек деген талап бар» дейді оралмандар..

– Қытайдан келген қазақтардың төлқұжатында «Бұл азамат шетел азаматтығын алған жағдайда Қытай азаматтығынан шығады» деп жазылып тұр. Қытай өз азаматтарының азаматтық алу мәселесін осылай
«Жебеу» қоғамдық ұйымының директоры Рақым Айыпұлы. Алматы, 4 қазан 2011 жыл.
«Жебеу» қоғамдық ұйымының директоры Рақым Айыпұлы. Алматы, 4 қазан 2011 жыл.
шешкен, біз өзімізге өзіміз қиындық жасап отырмыз. Ал Өзбекстан азаматтығынан оңайлықпен шығара салмайды, – дейді жиынға қатысқан оралмандар.

«Жебеу» қоғамдық ұйымының директоры Рақым Айыпұлы осы мәселе бойынша депутаттарға да айтқанын, бірақ қайыры болмағанын айтады.

– Былтыр «Нұр Отан» партиясының 50-ге жуық депутаты оралмандар мәселесі жөнінде нақтылы ұсыныстар айтып, премьер-министрге хат жолдады. Хаттың жобасын біз дайындадық. Ал премьер-министр қалай жауап берді? Премьер-министрдің жауабы «Домбырам не дейді, мен не дейміннің» кері болды. Шетелден қанша қазақ көшіп келгенін айтып, шығарып салды, – дейді Рақым Айыпұлы.

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ОРЫН БЕРСІН»

«Қазақтың көші тоқтайын деп тұр, бұл мәселе айтыла-айтыла жауыр болды. Депутатқа да бардық, басқаға да бардық» деген «Қазақстан оралмандар одағының» төрағасы Артықбай Үкібай «Нұр Отан» партиясы «оралмандарға парламенттен депутаттық орын бергені дұрыс болатынын» айтады.

– «Бұл тек байлардың парламенті ме? Түгі жоқ оралмандарға орын жоқ па?» деп, бір кездері тиісті орындарға хат та жазған едім. Оған жауап болмады. Біз 5-6 депутат сұрап отырған жоқпыз. Парламентте оралмандардан бір-екі депутат болса, оралмандар мәселесі жеңілірек шешілер еді. Әйтпесе әр депутаттың соңынан салпақтаймыз да жүреміз, - дейді Артықбай Үкібай.

Осы жиынға қатысқан «Азат» партиясының өкілі Маржан Аспандиярова да оны қолдап, «парламентте оралмандардың өз депутаттары отырмай, оралмандар мәселесімен ешкім түпкілікті шұғылданбайды» деді.

«ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ МАСЫЛДЫҚ...»

Осы жиынға қатысып отырған «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық бөлімі жетекшісінің орынбасары Санжар Боқаев «партия атынан ұсынылатын депутаттар тізімін оралмандар мен басқалар деп бөлуге болмайтынын» айтты.

– Кейбір оралмандар келеді де маған жер берсін, үй берсін дейді. Ол да дұрыс емес. Елбасымыз айтқандай, келген қандастарымыздың бойындағы
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
масылдық мінез-құлықты құртуымыз керек. Бәріміз Қазақстан үшін жұмыс істеуіміз керек, – деп, жиында айтылып жатқан басқа да мәселелерге ойысты «Нұр Отанның» өкілі.

«Оралмандардың алпыс пайыздан астамы жұмыссыз екен. Біз оларға жұмыс тауып беруіміз керек. Сондықтан «КазАгро» сияқты ұлттық компаниялардан пайыздық қайтарымы төмен кредит алып, мал шаруашылығына салуға жәрдемдескеніміз дұрыс шығар» деп тоқтады Санжар Боқаев.

«Нұр Отан» партиясы өкілінің «масылдық» жөніндегі пікірі жиналғандардың наразылығын туғызды.

– Сырттағы қазақты көшіріп алу мәселесін кім айтуы керек? Қазіргі ең үлкен саяси күш – «Нұр Отан» партиясы айтуы керек. Біз ұсыныстарымызды өткен жылы да жазбаша түрде де айтқанбыз, – деген Артықбай Үкібай: – Келесі сайлауда біздің дауысымыз керек пе сендерге, керек емес пе? Біз өз мәселемізді шешетін партияға дауысымызды береміз. Мәселе қайда жатыр, – деді.

«ЕЛІМІЗ БЕН ЕЛБАСЫМЫЗҒА РАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРЕР ЕДІ»

«Жезбұйда» ұйымының төрағасы Талапбек Тынысбек Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәртебесін арттыру, шетелден келген
«Жезбұйда» ұйымының төрағасы Талапбек Тынысбек. Алматы, 4 қазан 2011 жыл.
«Жезбұйда» ұйымының төрағасы Талапбек Тынысбек. Алматы, 4 қазан 2011 жыл.
қазақтарды тіркеу мәселесін айтты.

– Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының әрбір облыстық бөлімшесінде оралмандарды 5-6 жылға дейін уақытша тіркейтін орталық жасау керек. Сонымен қатар оралман қазақтардың масыл болып отырмағанын көрсететін арнайы телебағдарлама ашқан жөн. Арнайы телебағдарламадан оралмандар өз жетістіктерін де көрсетер еді, мұң-мұқтажын айтып, еліміз бен елбасымызға деген разылығын да білдірер еді, – деді Талапбек Тынысбек.
XS
SM
MD
LG