Қазақ гуманитарлық заң университетінің кіре беріс залындағы қабырғалардың бірінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген картина пайда болды.
Суретші-монументалист, картина авторы Аманат Назарқұлдың айтуынша, «бұл - бұрынғы советтік кеңістіктегі ең үлкен кескіндемелік шығарма».
«Астана – жастық пен білім қаласы» деп аталатын картинаның ені - 3,45 метр, ұзындығы - 8,75 метр. Сурет Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың досы әрі Украинадағы училищеде 1950 жылдардың аяғында бірге оқыған сыныптасы Мақсұт Нәрікбаевтың тапсырысы бойынша салынған. Картина авторы Аманат Назарқұл «туындыны салуға тоғыз ай, тоғыз күн кетті» дейді.
Суретші бұл картинамен қатар тағы бір сурет салыпты. Ол университет холындағы қарсы қабырғада ілулі тұр. Бұл полотнода Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би бейнеленген.
ФЕМИДАНЫҢ ҚАБАҒЫ ҚАТУ
Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген картинада университеттің Астанадағы жаңа ғимаратының 2008 жылы ашылу сәті бейнеленген. Бұл салтанатқа Қазақстан президенті мен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан еді. Суретте ортада тұрған Назарбаевтың оң жағында Мақсұт Нәрікбаев, ал сол жағында Астананың қазіргі әкімі бейнеленген. Үшеуі университеттен шығып келеді. Олармен қатар алдыңғы жақта қызыл түсті ұлттық көйлек киген бойжеткен ақ көгершінді ұшырып тұр.
Саясаткерлердің сол жағында сот төрелігі құдайының мүсіні бейнеленген. Фемида мүсіні университетке кіре берістегі алаңда да орнатылған. Картинадағы Фемиданың Қазақстанның басшыларына бұрған жүзі қату. Картинада бейнеленген ақсақалдардың бірі Фемидаға алақанын жайып тұр. Мүсіннің ту сыртында Астананың «Бәйтерек» монументі, «Хан шатыр» және Бейбітшілік пен келісім сарайы сияқты көрнекті орындары да бар.
Картинаның оң жағынан орын алған студенттер, академиктер мен оқытушылардың қатарынан түркі әлемінің ойшылы Жүсіп Баласағұнды да көруге болады. Суретші Аманат Назарқұлдың айтуынша, қазіргі заман жастарының беталысын бір шеттен бақылаған философ құдды «білім – күш» деп тұрғандай.
КАРТИНАНЫҢ КӨЛЕМІ
- Картинаның көлемі шамамен 32 шаршы метрдей болады. Бұрын-соңды ТМД кеңістігінде салынған ең ірі станоктық кескіндеме. Мұны интернеттен көрдім, - дейді Аманат Назарқұл.
Қазақстан суретшілер одағының өнертанушысы Юрий Марковичтің айтуынша, «Бұл Қазақстандағы ең ірі картиналардың бірі екені анық, бірақ ең үлкені емес. Мұндай көлемде сурет салатын басқа да суретшілер бар. Оның үстіне, қазақстандық суретшілер Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар суреттерді жиі салады».
- Мұндай картиналар Астанада, әсіресе сарайлар мен министрліктерде көп. Суретшілер елде болып жатқан өзгерістерді көрсеткісі келіп, осындай полотнолар салады, - дейді Юрий Маркович.
СТУДЕНТТЕР ПІКІРІ
Қазақ гуманитарлық заң университетінің екінші курс студенті Дамир Алдабергенов бұл картиналардың былтыр оқу жыл бойы қысқы бақта салынғанын айтты. Оның айтуынша, үзіліс кезінде студенттер суретшінің жұмысын бақылап көріп жүріпті.
- Бәріміз қызығып қарап жүрдік. Биыл оқу жылының басында оларды холлға ілді. Картиналар өзіме ұнайды, - дейді Дамир Алдабергенов.
Ол суреттердің бірінде бейнеленген Нұрсұлтан Назарбаев пен Мақсұт Нәрікбаевты пір тұтатынын айтты.
Ал студент Әйгерім Оспанова картиналардың кескінделу деңгейі ұнамайтынын, полотнода университет президенті өзін таныту үшін тырысқан ойлары көрініс тапқан.
- Мына екі картинаның арасында қандай үйлестік барын білмеймін. Бірақ оларды ұзақ салды, президенттің, Тасмағамбетовтің, Нәрікбаевтың жанында кімдер тұратыны ұзақ шешіліп, әйтеуір бір өшіріп, бір салып дегендей көп әуреге түсті. Студенттерге бұл суреттердің мән-мағынасын түсіндірген ешкім жоқ. Әйтеуір, салып, іліп қойды. Жұрт көріп, әркім өзінше ой түйіп кетіп жатыр. Мұның астарында не барын кім білсін. Мүмкін, жай әсемдік үшін салған болар, мүмкін, саяси бір маңызы бар шығар, әлде мақсаты басқа болар, - дейді Әйгерім Оспанова.
Қазақ гуманитарлық заң университеті ғимаратындағы картинаны жақынырақ барып көруге Азаттық тілшісіне рұқсат берілмей, фотоға алыстан түсіріп алуға тура келді. Турникеттің жанындағы кезекшінің сөзіне қарағанда, университетке арнайы пластик картамен ғана кіруге болады. Картинаның ресми тұсаукесері әлі өтпегендіктен оған жақындауға, суретке түсіруге тыйым салыныпты.