Accessibility links

Қазақстан түрмесіндегі тұтқындар қылмыстарына қарай әртүрлі киінеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Енді жалпы режимдегі колониядағы сотталушылар – ашық сұр, қатаң тәртіптегі колониядағылар – қою көк, ерекше қатаң тәртіпте отырғандар – қара түсті киім киеді.


Республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің дерегінше, ақпан айында шыққан үкімет қаулысына сәйкес мұндай өзгеріс республикадағы барлық колонияларда болмақ. Ең әуелі Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысындағы колониялар тұтқындардың киімдерін ауыстырыпты.

«ЕҢСЕСІ ТҮСКЕН АДАМДАРДЫҢ» АЙЫРЫМ БЕЛГІСІ

Республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми өкілі Самал Ғадылбекованың айтуынша, «жаңа форма бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, дизайны да ерекше».

– Бұрындары бәрі бірдей қара түсті киім киетін. Мақтадан тігілсе де, қалың болатын. Су тиіп қалса, тез кеппейтін. Оның үстіне қара түс жаз
Республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми өкілі Самал Ғадылбекова. Астана, 27 тамыз 2011 жыл.

уақытында ыстық. Еңсесі түскен адамдарды одан сайын қара қылып киіндіріп қойған бір жағынан жаман ғой, – дейді Самал Ғадылбекова қыркүйектің 7-сі күні Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, киімге байланысты бұл өзгеріс әр түрлі деңгейде қылмыс жасаған азаматтарды бір-бірінен айыру үшін де жасалып отыр. «Ұрлық жасап отырған бала мен екі-үш рет кісі өлтірген адамның арасында айырмашылық болуы керек қой» дейді Самал Ғадылбекова.

ЖАҢА КИІМ «ТҮРМЕДЕН ҚАШҚАНДАРДЫ ТАБУҒА ЫҢҒАЙЛЫ»

Самал Ғадылбекованың айтуынша, жаңа формада түрмеден қашқан кезде қашқындарды тезірек табу жағы да қарастырылған.

– Жаңа формада жарыққа шағылысатын жолақтар бар. Бұл егер далаға шығатын болса түнде жарқырап көрініп тұру үшін [керек]. Мысалы бізде қашу фактілері болды ғой. Жол полиция қызметкерлерінің формаларында түнде жарқырап көрініп тұратын жолақтар бар ғой. Дәл сол сияқты олардың да арқаларында, алдында сондай жолақтар бар, – дейді ол.

Комитет өкілінің айтуынша, бір форманың құны 5 мың теңгеге жуық. Мұндай форманы тіктіруге елдегі барлық колониялар тапсырыс беріпті.

«ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ»

Түрме жүйесіндегі мұндай өзгеріске құқық қорғаушылардың пікірі сан алуан. Құқық қорғаушы Ардақ Жанәбілованың пікірінше, сотталушылардың түсі әртүрлі киім киюі олардың құқықтарын еш
Құқық қорғаушы Ардақ Жанәбілова. Алматы, 9 тамыз 2011 жыл.

шектемейді.

– Форманың түсінде тұрған не бар? Егер киім ыңғайлы, түймелері орнында, дене бітіміне сәйкес келіп тұрса – болғаны. Айып изоляторындағыдай адам намысын қорлайтындай қандай да бір белгілер болса, онда диксриминация деп атауға болады, – дейді Ардақ Жанәбілова.

Ал құқық қорғаушы Вадим Курамшин сыртқы киім адамның жан дүниесіне әсер ететінін айтады.

– Тұтқынның жан дүниесін де ұмытпау керек. Оған оның сыртқы түр-тұрпаты да әсер етеді. Киім түстерін режим бойынша бөлу адамның психологиялық жағдайына кері ықпал етеді, – дейді Вадим Курамшин.

Ол сөз арасында Ақмола облысы Атбасар кентіндегі қатаң тәртіптегі колониядағы сотталушылардың құқықтары дәл осылай бұзылатындығын да айтып кетті. Вадим Курамшиннің айтуынша, мұндағы сотталушылар ерекше қатаң тәртіптегі колонияда отырмаса да, колония әкімшілігі айып изоляторындағыларға өмірлік түрме жазасына кесілген тұтқындардың киімін кигізіп, құқықтарын таптайды.

Адам құқығын қорғау бюросы Қостанай қалалық бөлімшесінің жетекшісі Анастасия Миллер тіпті «өмір бойы түрме жазасына кесіліп, еңсесі түскен тұтқындарға» намыстарын қорлайтын киімдерді не себепті кигізетінін түсінбейтінін айтады.

– Олардың (тұтқындардың – Азаттық) арқасында «ПЛС» («өмір бойы бас бостандығынан айырылған») деген үлкен әріптермен жазылған жазу және үш жолақ бар. Мұның дискриминация екені туралы мәселе көтергенбіз. Жалпы мұндай киім кигізудің не қажеті бар? Бұл оларға қосымша психологиялық салмақ салуы да мүмкін, – дейді Анастасия Миллер.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG