Accessibility links

Азаматтардың жеке өмірін қорғайтын заң жобасы кімнің мүддесін қорғайды?


Өткен аптада Қазақстан Парламентінің Мәжілісі азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға қатысты жауапкершілікті қатайту туралы заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады. Осы ретте Азаттық радиосы «Азаматтардың жеке өмірін қорғайтын заң жобасы кімнің мүддесін қорғайды?» деген тақырыпта дөңгелек үстел сұхбатын ұйымдастырған еді.


Дөңгелек үстел сұхбатына қатысқандар: Рамазан Сарпеков – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің мүшесі әрі азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға қарсы жауапкершілікті қатайту туралы заң жобасы бойынша парламенттік жұмыс тобының жетекшісі; Әміржан Қосанов – Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының Бас хатшысы; Әлихан Байменов – Демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы және Мұстахым Төлеев - заңгер, адвокат.

Дөңгелек үстел талқылауына қатысқандардың көпшілігінің пікірі аталмыш заң жобасы қарапайым азаматтардың мүддесі үшін емес, жемқорлыққа батқан билік өкілдерінің заңсыз істерін әшкерелеуге жол бермеу үшін қабылданбақшы дегенге сайды.

Пікірлердің тағы бірқатары азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға қатысты жауапкершілікті қатайту туралы заң жобасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің жариялауы мүмкін әшкере материалдарының алдын алу мақсатында және журналистерді ауыздықтап, өзіндік цензураны күшейту үшін әзірленді деген тұрғыда өрбіді.

Міне осы және басқа да айтылған ой-пікірлерден толық хабардар болғыңыз келсе, Азаттық радиосындағы дөңгелек үстел сұхбатының меймандарын тыңдаңыз.

Дөңгелек үстел сұхбатын Сұлтанхан Аққұлұлы жүргізді.

Сонымен Қазақстан азаматтарының жеке өмірін қорғауы тиіс заң жобасы кімнің мүддесін қорғайды? Дөңгелек үстел сұхбатының толық мәтінін мына арадан тыңдауға болады:
XS
SM
MD
LG