Accessibility links

Рим папасы Астананы діни бостандықты құрметтеуге шақырды


Рим папасы Бенедикт 16-шы, шілде, 2008 жыл
Рим папасы Бенедикт 16-шы, шілде, 2008 жыл

Халықаралық құқық қорғау және діни ұйымдар қазақстандық дін туралы жаңа заң жобасын сынға алуда. Ватикан басшысы да дін саласындағы бостандықты және құқықтарды сақтауға шақырып Қазақстанға қайрылған.

Қазақстанда діни сенім және діни бірлестіктер туралы Заңды қабылдау үрдісі аяқталып келеді. Заң жобасының жағдайы халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен діни ассоциациялар тарапынан сын толқынын туғызды. Әсіресе, протестанттық бірлестіктердің өз бағалаулары қатты айтылуда.

Christian Today сайты Қазақстанда жаңа заңның қабылдануына «Дүниежүзілік христиандық ынтымақтастық» халықаралық ұйымы да қарсы екенін мәлімдеді. Ұйымының мәлімдесімесінде заң дін және сенім бостандығын «алаңдарлықтай шектеуде» деп мәлімденеді. Мәлімдеме ауторлары заңсыз діни әрекеттерге қолданылатын жазалау шараларының күшейтілгеніне өкініш білдіреді. Сонымен қатар шектеу шараларының бірі ретінде, - діни мақсаттағы шараларға қатысатын балалар ата-анасының екеуінен бірдей рұқсат алуы қажет,- дегенді мысалға келтіреді.

«Біз президент Назарбаевты бұл заңды қайта қарап және ЕҚЫҰ – ның жетекшілігіне өңдеуге жіберуге шақырамыз,- дейді «Дүниежүзілік христиандық ынтымақтастық» Тина Ламберт. – Қазақстанның бұл мәселені шешіп алмай және діни бостандықтың қорғалатынына кепілдік бермей тұрып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ын басқаратынын елестету мүмкін емес»

Осындай бағытты Дүниежүзілік лютерандық федерацияның бас хатшысы Ишмаэль Ноко да ұстанып отыр, сонымен бірге ол президент Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа заңға қол қоймауға шақырады. Lutheran World сайтының мәлімдеуінше, Ноко Қазақстандағы сыни көзқарастағы діни азшылықтың көш басшыларын, ЕҚЫҰ-ның өкілдерін өзара ынтымақтастыққа шақырды. Оның пікірінше « алаңдаушылық пен қорқыныштың аз да болса негізі бар, тіпті заңды қабылдау үрдісі жеткілікті деңгейде ашық болмауы және қоғам мүшелерінің заң жобасын талқылауға толық қатыспауы алаңдаушылықты күшейте түсуде»
Мақалада сонымен бірге, Қазақстандағы Евангелия-лютерандық шіркеудің епископы Юрий Новгородовтың президентке қол қоюға ұсынылған құжатты «діни еріксіздік туралы заң» деп атағаны да айтылады. Новгородов басшылық ететін діни ұйым Дүниежүзілік лютерандық федерацияның құрамына кіреді.

Spero Forum сайтының хабарлауынша, Қазақстандағы діни бостандықты қорғау туралы Рим папасы Бенедикт XVI да өз пікірін білдірген. Өткен күндерде ғана ол қасиетті престол жанындағы Қазақстанның жаңа елшісі Аманжол Жанкұлиевтен сенім грамотасын қабылдады. Әдетте мұндай шаралар ресми димломатиялық кішіпейілділікпен өткізілетін, бұл жолы понтификтің сөздерін Астанаға жасаған нақты жауабы ретінде бағалауға болатын еді.

Бір жағынан, Ватикан басшысы Қазақстанның мәдениеттер мен діндер диалогына жасаған қадамын құптады. Рим папасы президент Назарбаевтың «сіздің еліңізді діни және мәдени көптүрлілікке құрметпен қарап, өзара ынтымақта өмір сүруге талпыныс жасайтын диалогтар мен кездесулер мекеніне, зертханасына айналдыратын, басқа мемлекеттер мен халықтарға әрбір адамның өзіндік ерекшеліктеріне құрметпен қарайтын әлемде өмір сүруге болатынын көрсететін орынға айналдыратын» бұл қадамын құптайтыны білдірді.

Енді бір жағынан, Бенедикт XVİ өз сөзінде дін туралы заңды тікелей атамаса да, мемлекет діни бостандықты құрметтеп, азаматтардың сенімі мен ұжданына қатысты мәселелерге араласудан аулақ болу керектігін қадап айтқан. « Қазақстандағы мемлекет пен діндер арасындағы қарым-қатынасты басқарудағы жаңа жолдарыңызды жіті қадағалап, сабақ алу үшін назар аударып отырғандар көп. Сіздерге еліңізді одан да жақсарта түсу үшін мүмкіндік берілген, сол мүмкіндікті қолдан жібермей пайдалану қажет», - дейді Рим папасы.

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы 2010 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалығы қарсаңында Қазақстандағы діни бостандыққа байланысты жағдайды сын көтермейді деп бағалайды. Желтоқсанның басында ұйымның сайтында «Тыныш репрессия: дін бостандығы, Қазақстандағы жиналыстар мен пікірлердің айтылуы» деген тақырыптағы баяндамада HRW «сектанттық» немесе «дәстүрден тыс» деп сипатталған діни азшылық билік тарапынан қысымға ұшырап отыр, -деп мәлімдейді . БАҚ-та мұсылман дініне (ресми дінге) балама болатын «Кришнаның қоғамдық санасы», «Иегова куәлері » сияқты топтар туралы дұшпандық көзқараста жазылады. Жекелеген діни қоғамдастықтар тіркелу барысында полиция тарапынан тексеру мен тіміскілеу нысанына айналуда. Кейбір (тіркеусіз жұмыс жүргізіп отырған) миссионерлер елден шығарылды.
Баяндамада мәлімделгендей, HRW –ның өкілдері заңның соңғы редакциясындағы түзетулердің мазмұнымен таныспаған, бірақ олар құжаттың жазалаушылық сипатта екеніне сенімді болып отыр. Құқық қорғаушылар миссионерлік қызметті шектен тыс тексеру мен діни материалдардың таратылуын қатаң шектеу - дін бостандығын жояды деп есептейді.
Жоғарыда айтылғандар негізінде HRW Қазақстан үкіметін « дін туралы заң жобасын Қазақстан Конституциясы мен халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында адам құқтары бойынша қайта қарауға шақырады»

San Francisco Chronicle атты американдық газеттің сайтында қарашаның соңында жарияланған мақалада Қазақстанның төменгі палатасының дін бостандығы туралы заңды қабылдаудағы ЕҚЫҰ-ның көзқарасы беріліпті. « Заңның халықаралық қоғамдастықтың сараптамасынан өтпей және азаматтық қоғаммен жан-жақты кеңесіп алмай тұрып асығыс қабылданғаны таңданыс туғызады»,- дейді ЕҚЫҰ –ның жанындағы демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчик.
Өз ойын Норвегияда орналасқан Forum 18 құқық қорғау ұйымының өкілі Феликс Корли да білдіреді. Оның пікірінше, «заң ЕҚЫҰ –ның адам құқықтары саласындағы міндеттеріне толық қайшы келеді».

Корли Қазақстан үкіметі қоғамда қызмет етіп жатқанның бәрін – мейлі ол дін, экономика, саясат саласы болсын басқарғысы келеді, ал басқаруға ырық бермейтін ұйымдарға қатысты шыдамсыздық танытуда, - деп есептейді. «Үкімет дінді қоғамның біркелкілігін жойып, тұрақсыздығын тудыратын, өзінің басқару жүйесіне оппозиция болып табылатын негізгі көз ретінде бағалайтын сияқты», - деп мәлімдейді Forum 18 ұйымының өкілі.
XS
SM
MD
LG