Азаттық тілшісі программист пен қолданушылар көмегі арқасында қаңтарда ашылған қазақша сайттардың бірнешеуінің артық және кем тұстарын анықтады.
MAQAM.KZ
Бұл сайт қаңтардың 16-сы күні ашылған. Сайтты Ұланбатырдағы (Моңғолия) ақпараттық технология саласында қызмет көрсететін жекеменшік компанияда бағдарламашы болып жұмыс істейтін Айбол Ұлықпан ашқан. Ол сайтты әзірге жалғыз өзі жүргізіп жатыр.
Сайттан ақпараттық технология, компьютер, интернет, ұялы телефон, желі, интернет қауіпсіздігі, программалау, т.б тақырыптағы жазбаларды табуға болады.
Айбол Ұлықпанның айтуынша, интернетте қазақ тілінде ақпараттық технология, компьютер саласына арналған ресурс өте аз.
- Біздің еңбек етіп жүрген саламыз - ақпараттық технология, компьютер саласы болғандықтан, өз шама-шарқымызға сай осы салаға байланысты қазақ тілінде ақпараттық ресурстар қорының толығып дамуына үлес қосқымыз келді. Сонымен қатар осы салаға жаңадан қадам басқан бауырларымызға компьютерді бағдарламалауға қатысты ұласпалы сабақтар кіргізу, пайдалы мәліметтер беру беруде аз да болса септігімізді тигізу мақсатында аштық, - дейді Айбол Ұлықпан.
NAQYL.KZ
Бұл – суреттер мен нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы мотиваторлар жасауға арналған сайт. Қаңтардың 25-і күні ашылған. Сайтта тұрақты түрде 4 адам жұмыс жасайды.
Сайт жетекшісі Нұрлан Жанай мотиватор жасайтын ресурстарға сұраныс барын айтады.
- Әлеуметтік желілерде адамды толғандыратын орысша, ағылшынша, түрікше cөздер жазылған суреттер жүреді. Оларды көпшілік жақсы қабылдап, өзге қолданушылармен көптеп, бөлісіп жатады. Біз де қазақтың асыл сөздерін немесе өзге ұлттың даналарының сөздерін қазақша аударып, оны халыққа жеткізуді ойладық, - дейді Нұрлан Жанай.
Ол сайттағы сапалы дүниелерді қазақша Уикипедияға да жіберіп отыратынын, сайттағы материалдар Creative Commons лицензиясымен шығатынын айтады.
«Бұндай лицензиямен әлі бірде бір қазақша сайт шықпаған» дейді Нұрлан Жанай.
ПРОГРАММИСТІҢ ПІКІРІ
Сайттарға сараптама жасаған, есімін атаудан бас тартқан програмист олардың «дайын шаблондардан жасалған арзан сайттар» екенін айтады.
- Maqam.kz Joomla-да жасалған. Ал naqyl.kz сәл басқашалау болғанмен де, оның кейбір жерлерінде қолданған. Content management system-нің дайын нұсқасын интернеттен көшіріп алып, соның шаблондарын қойған, - дейді программист.
Оның айтуынша, осы сайттар әр браузерде әрқалай ашылады: "бұл сайт дизайндарының кемшіліктерін көрсетеді".
- Өлшемдері дұрыс көрсетілмеген. Кейбірлерінде шрифт үлкен болса, кейбірінде кіші болып көрінеді. Мысалы, бірінде суреттердің ара қашықтығы 10 пиксель болса, басқа браузермен ашқанда 20 пиксель болып тұрады, - дейді ол.
Ол сайттардың оқырмандармен байланыс орнату тәсілі, әлеуметтік желілер арқылы жазбаларды тарату жағына салыстырмалы түрде жақсы баға береді. Бірақ ол екі сайтқа да оқырман аз кіріп жатқанын айтады.
- Maqam.kz-ке қанша адам кіргені көрінбей тұр. Ал naqyl.kz-ке 90 адам кірген. Олардың бесеуі - шетелден. Мaqam.kz дизайнын жетілдіруі керек. Контентті толықтыруы керек. Naqyl.kz-ке жарнама жетіспейді. Ішіне адамдар кіргенімен, жасалынған мотиваторларға адамдар аз енеді, - дейді ол.
ОҚЫРМАН ПІКІРІ
- Naqyl.kz сайтына күніне бірнеше рет кіріп отырамын. Мұндағы көп мағынаны аз сөзге сыйдыра алған нақыл сөздер адамға ой салады. Ал maqam.kz арқылы ақпараттық технология саласында осы уақытқа дейін тек орысша ақпараттар алып келсек, енді қазақ тілінде де ақпарат алатын мүмкіндік туып отыр, - дейді Ербол есімді интернет қолданушы.
Айжан есімді қолданушы naqyl.kz сайтының ыңғайлы екенін, мотиваторлары тіл үйренушілерге "карточка" секілді екенін айтады.
- Суретіне қарап, астындағы сөздің тезірек жатталуына ықпал етеді. Қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосады деп есептеймін. Дизайны жағынан әлі де өзгерістер енгізіліп, жүйеленеді деп ойлаймын. Мотиваторлардың тақырып бойынша бөлініп тұрғаны ыңғайлы болар еді, - дейді Айжан.
Оқырманның ойынша, maqam.kz қызықты мәліметтерге толы сайт. Тілі де жеңіл.
- Кемшілігі: алғашқы парақтағы ақпарат тым көп, жазу әріптері де тым кішкентай. Көзімнің мүлдем ақауы жоқ, соның өзінде оқуға қиналып қалдым, - дейді ол.