Accessibility links

Қазақстан парламенті бұған дейін үш рет тарады


Парламент мәжілісі депутаттарының отырысы. Астана, 9 қараша 2011 жыл.
Парламент мәжілісі депутаттарының отырысы. Астана, 9 қараша 2011 жыл.

Кезектен тыс жаңа мәжіліс сайлауын өткізу туралы соңғы күндері өрши түскен алып-қашпа әңгіме депутаттардың да аузынан шыға бастады. Азаттық радиосы төменгі палатаның тізіммен сайланып, тыныш тарай салатын кейіпке түскенге дейінгі тарихына бір көз жүгіртіп өтті.


Парламенттің мезгілінен бұрын тарауы - республикадағы саяси дәстүрлердің біріне айналды. Бұған дейін Қазақстанның үш парламенті таратылды. Оның екеуі «өзін-өзі», біреуін президент Нұрсұлтан Назарбаев таратты. Ал саяси сарапшылар «парламент әрдайым кезекті бұқпа саяси ойындардың құрбандығына шалынады» деген пікір айтады.

«ПАРЛАМЕНТТІК ДӘСТҮР»

Қарашаның 9-ы күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің Қазақстан парламенті депутаттары төменгі палатаны тарату жөнінде республика президентіне үндеу жасауды көздеп отыр
Парламент мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев. Астана, 13 қазан 2010 жыл.
Парламент мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев. Астана, 13 қазан 2010 жыл.
деген сөзін таратты. Депутаттың сөзіне қарағанда, бұл бастаманы әріптестерінің қайсысы мінберге шығып жариялайтыны әлі белгісіз.

Ескертетін жайт, парламент мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев «мәжілісті тарату қажет» деген сөздерді осыған дейін де бірнеше рет айтқан еді. Соңғы кездері Қазақстанның саяси кеңістігінде жиі айтылып жүрген бұл мәселені Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та биыл көктемде қуаттаған болатын.

Қазақстан коммунистік партиясы қызметінің уақытша тоқтатылуы, «Ақ жол» партиясының жетекшілігінен Әлихан Бәйменов кетіп, орнына Азат Перуашевтің келуі сияқты биылғы «партиялық тазалаулар» да бұл сөзге жұртшылықты иландырғандай еді.

«ӘБДІЛДИНМЕН ТІЛ ТАБЫСУ МҮМКІН ЕМЕС»

1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан жоғарғы кеңесі таратылды. Әлі бір жарым жылдай жұмыс істеуі тиіс бұл кеңес 1990 жылдың жазында, яғни СССР әлі ыдырамай тұрғанда сайланған еді. СССР конституциясының негізінде құрылғанымен алдыңғы жоғарғы кеңестерге қарағанда құрамы мен өкілеттігі және атқарған қызметі жағынан өзгеше болды.

- Қайта құрудың бастапқы кезеңінде бұл жоғарғы кеңес реформашылдық рух пен демократияның алғашқы лебін алып келгендей еді. Оның құрамында ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер саласының адамдары да мол болды. Республика тарихындағы парламенттердің ішінде ең интеллектуалды парламент осы жоғарғы кеңес еді, - деп жазған еді академик Салық Зиманов.

«Қазақ ССР-інің Егемендігі туралы» декларация (25 қазан 1990 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң (16 желтоқсан 1991 жыл), Қазақстаннның жаңа конституциясы (28 қаңтар 1993 жыл) осы жоғарғы кеңесте қабылданды.

Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі саяси тарихын баяндайтын деректерде 12-сайланған жоғарғы кеңестің таратылуына түрлі себептер түрткі болғаны айтылады.

Өзі де осы жоғарғы кеңестің депутаты болған Салық Зиманов кеңестің төрағасы Серікболсын Әбділдин үкіметтің және республика президенті
Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин. 21 ақпан 2011 жыл.
Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин. 21 ақпан 2011 жыл.
аппаратының жетекші қызметкерлері тіл табыса алмағанын, оның ішінде сол кездегі вице-президент Ерік Асанбаевпен қайшылықтар болғанын атап көрсетеді. Бірақ ол негізгі себеп бұрынғы билік (советтер) пен жаңа биліктің текетіресі болды деп санайды.

Ал Сейдахмет Құттықадам Серікболсын Әбділдин мен президент Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы келіспеушілік те түрткі болғанын жазады. Қандай да бір шешім қабылдар алдында жоғарғы кеңестің келісімін алу Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйкесіне тигенін, оның «Әбділдинмен тіл табысу мүмкін емес» деген сөзінен кейін Заманбек Нұрқаділовтің жоғарғы кеңесті таратып жіберу жөнінде ұсыныс жасағанын, сөйтіп өзара ымыраласқанын айтады.

Заманбек Нұрқаділовтің ұсынысымен ең әуелі Алматы қалалық Алатау ауданының жергілікті советі өзін-өзі тарататынын мәлімдеді. Әрі қарайғы жоспар бойынша ақырғы кезек жоғарғы кеңеске келіп тірелді.

12-сайланған жоғарғы кеңестің таратылуына Ресей президенті Борис Ельцин мен Дума арасындағы тартыс та ықпал етіп, қазақ жоғарғы кеңесіндегі оппозициялық күштерге серпін берді деген де ой-пікірлер бар.

«ТАТЬЯНАНЫҢ ХАТЫ»

Келесі жоғарғы кеңес - 1994 жылы сәуірдің 20-сында сайланған Қазақстанның тұңғыш көппартиялық кәсіби парламенті де көп ұзамай алдыңғының кебін киді.

Бұл кеңестің төрағасын сайлаудың өзі саяси ойындарға толы болған еді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кездегі ықтимал бәсекелесі Олжас Сүлейменовтен төрағалыққа өзін ұсынбауды өтінгенін жазады. Сонымен қатар президенттің бұл орынға әуелі Қуаныш Сұлтановты ұйғарғанын, бірақ кейін оның амбициясынан да сескеніп, ақыр соңында төрағалыққа Әбіш Кекілбаевты өткізіп, парламентті өз ықпалына алғандай болды дейді Сейдахмет Құттықадам.

Алайда бір жыл толмай-ақ, 1995 жылғы наурыздың 6-сында конституциялық сот Татьяна Квятковскаяның арыз-шағымына орай
Бұрынғы парламент депутаты Татьяна Квятковская тұтқындалған бизнесмен Мұхтар Жәкішевке қарсы куәлік беріп отыр. Алматы, 12 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Бұрынғы парламент депутаты Татьяна Квятковская тұтқындалған бизнесмен Мұхтар Жәкішевке қарсы куәлік беріп отыр. Алматы, 12 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
«жоғарғы кеңес заңсыз сайланды» деген шешім шығарды.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев алдымен «Соттың шешімі, бәріміз үшін күтпеген оқиға, «төбеден жай түскендей» болды», «өзіме Конституция берген құқықты пайдаланып, 1995 жылы наурыздың 8-інде конституциялық соттың қаулысына қарсылық білдірдім» деп мәлімдеме жасап, ізінше «Конституциялық сот шешімін құрметтеп», жоғарғы кеңесті жылы таратып жіберді.

Бір жарым айдан кейін, яғни 1995 жылы сәуірдің 29-ында бүкілхалықтық референдум өткізіп, президент өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Ал 30 тамызда Қазақстан президентінің өкілеттігін күшейткен жаңа конституция қабылданды. Осыдан кейін бір топ депутат Нұрсұлтан Назарбаевтың «билікті басып алуына» қарсы аштық жариялап, «Халықтық парламент» құруға әрекеттенді.

«НҰРБАХТЫҢ «ТЕЖЕГІШІ»

2007 жылы маусым айында Қазақстанның үшінші шақырылымдағы парламенті кезекті рет таратылды. Бұл жолы да «конституцияға өзгеріс енгізілгенен кейін парламент тарайды-мыс» деген сөздер алдын-ала тарап кеткен еді.

Көп ұзамай-ақ парламент депутаты Нұрбах Рүстемов елуге жуық депутат, әрі «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің Қазақстан президентіне арнаған үндеуін парламент мінберінен оқып берді.

- Жаңа өзгерістерді енгізу үшін, мәжілісті таратуыңызды сұраймыз.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы заң жобасына парламенттегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы заң жобасына парламенттегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.
Өйткені, екі жыл бойы демократиялық реформаларға тежегіш болып отырғымыз келмейді, - деп жазылған еді үндеуде.

Ал Нұрбах Рүстемов:

- Әріптестерім азаматтық позициясын көрсетті. Екі жыл тыныш қана отыруға болар еді. Алайда қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болуымыз керек, - деген еді.

Үндеуге қол қоймаған депутаттардың бірі, Коммунистік халықтық партиясының мүшесі Ерасыл Әбілқасымов Нұрбах Рүстемов президент аппаратының тапсырмасын орындап отыр дей келе, бұл парламенті «супер қалталы» парламентке теңеген болатын.

Депутаттардың ұсынысын Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім деп бағалап, парламент мәжілісін мерзімінен 2 жыл бұрын таратып жіберді. 2004 жылы сайланған осы мәжіліс сайлауын халықаралық бақылау ұйымдары заң бұзушылыққа толы болды деп бағалаған еді. Қазіргі «Азат» партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай да осы сайлаудан кейін оппозиция қатарына өткен болатын.

Осыдан кейін, яғни 2007 жылы кандидаттар партиялық тізім бойынша депутатқа айналатын, қазіргі бір партиялы - «Нұр Отан» мүшелерінен ғана құралған Қазақстан парламентінің мәжілісі дүниеге келген еді.
XS
SM
MD
LG