Жаңақорғандағы мал өлімі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы мал шаруашылықтарында қой-ешкінің қырылып жатқанына ай өтті. Осы уақыт ішінде ауданда мыңнан аса мал шығын болған. Жергілікті мал дәрігерлері індет түрін анықтай алмай отыр. Фермерлердің айтуынша, осы кезге дейін бес түрлі дерт жайлы болжам айтылып, тиісті дәрілер қолданылғанымен мал арасында өлім-жітім тиылар емес. Ауданда төтенше жағдай жарияланып, Жаңақорған кенті мен Бесарық ауылында малды ауылдан шығаруға, сатуға, етін жеуге тыйым салынды. Күнкөрісі малға қараған ауыл тұрғындары белгісіз індет өздеріне өте қиын тиіп отырғанын айтады. 30 шілде 2015 жыл.