Алқа билер құрамы Курамшинді тек «өктемдік көрсету» айыбы бойынша ғана кінәлі деп тапты. Ал сот оның бостандығы бір жыл шартты түрде шектеледі деген жаза берді.
Бүгін Тараздағы облыстық сотта түрмедегі тұтқындардың құқығын қорғау қызметімен танылған белсенді Вадим Курамшинге қатысты сот үкімі оқылды.
Авдокат Ескендір Әлімбаевтың хабарлауынша, сот Курамшинді тек «өктемдік көрсету» айыбы бойынша ғана кінәлі деп тауып, шартты түрде бір жылға бостандығын шектеді. Курамшин сот залынан босатылды.
Алқа билер құрамы Курамшиннің «бопсалау», «алаяқтық» және «өктемдік көрсету» айыптары бойынша кінәлі не кінәлі еместігі турасында шешім шығаруы тиіс еді. Тамыздың 28-і күні сот залынан босатылған Вадим Курамшиннің айтуынша, олар оны тек «өктемдік көрсету» айыбы бойынша кінәлі деп тапқан. Мұндай үкімді Курамшиннің өзі де күтпеген екен.
– Біріншіден, бұл процеске көпшіліктің назары ауды. Екіншіден, мені қорғаған адвокаттарыма алғыс айтқым келеді. Олар мүмкін емес нәрсені жасады. Бұл адвокаттардың шын мәнінде айыпталушының құқығын табандылықпен қорғай алған алғашқы саяси іс шығар. Мұндай нәрсе Қазақстанда болуы мүмкін деп ойлаған емеспін, - дейді Вадим Курамшин Азаттық тілшісіне.
Вадима Курамшин тағылған айыптар бойынша кінәсі жоқ екенін айтты. Ал соттың бұл жолғы үкіміне шағым түсіру-түсірмеу туралы әзірге шешім қабылдамаған. Ол:
- Қазір мен осы мәселе туралы ойланып жатырмын, - деді.
Оның ойынша, "түрмеден шығуына қоғамдық белсенділер, құқық қорғаушылар мен Еуропарламент депутаттары ықпал еткен".
Курамшин Азаттық тілшісіне түрмедегі тұтқындардың құқығын қорғау жұмысын жалғастыра беретінін айтты. Бұдан бөлек, Азаттықтың ұсынысын қабылдап, тамыздың 31-і күні онлайн-конференция арқылы оқырмандар сұрақтарына жауап беруге уағдаласты.
2012 жылы тамыздың 18-і күні прокурор айыпталушыны 14 жылға соттап, жазасын қатаң режимде өтеуін сұраған еді. Жарыссөзде қорғау тарабы Курамшиннің кінәсі дәлелденбегенін, сот кезінде кеткен түрлі процессуалды кемшіліктерді атаған еді. Вадим Курамшиннің өзі тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Вадим Курамшин – түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметімен танылған белсенді. Ол «прокуратура қызметкерінен пара талап етті» деп айыпталып, биыл қаңтар айында тұтқындалған болатын.
Тараз қаласындағы тергеу изоляторында отырған кезде ол «айыпталушы ретінде құқықтарының сақталмағанына» байланысты аштық жариялады. Ал адвокаттар тергей және сот кезінде кеткен кемшіліктер туралы журналистерге жиі хабарлап отырды. Курамшиннің жақтастары бұл қылмыстық істің саяси астары бар деп есептейді.

Түрмеден шығуыма қоғамдық белсенділер, құқық қорғаушылар мен Еуропарламент депутаттары ықпал етті.Вадим Курамшин.