Ресейдің бұрынғы президентінде бұл –кәсіпкер Борис Березовский, Украинаның бұрынғы президентінде – оның бұрынғы жақын күзетшілерінің бірі, майор Николай Мельниченко, ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевта – оның бұрынғы күйеу баласы, Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиев.
Бұлардың үшеуі де саяси тұрақтары мен баспаналарын шет елдерден тапты. Борис Березовский – Англияда, Николай Мельниченко – Америкада, Рахат Әлиев – Австрияда. Олар өмірлерінің негізгі нысанасы ретінде өз президенттеріне компромат жинады және жинап та жатыр. Олар күнделікті күш-қуатын осы мақсатқа арнағандай.
Борис Березовский бірнеше жылдан бері Владимир Путинді саяси жағынан күл-талқан қылудың түрлі жоспарларын жасауда. Николай Мельниченко президент Леонид Кучманы беделден айырғандардың бірі. Рахат Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың беделін бар күшімен шайқауда.
Олардың үшеуіне де – Ресейде Борис Березовскийге, Украинада Николай Мельниченкоға, Қазақстанда Рахат Әлиевке – қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оларға барынша ауыр айып тағылып отырғандығы соншалық, басқа бір кезең болса, бас кететін мәселе.
Бірақ, қалған екеуіне қарағанда Борис Березовскийді періште деуге боларлық. Оған негізінен экономикалық қылмыстар бойынша айып тағылып отыр. Алайда, ол қазір Ресейге бара қалса, орган қызметкерлері оның мойнына екі-үш кісінің қанын арта салуы ғажап емес.
Әрине, кісі өлімін дәлелдеу үшін біраз тер төгуге тура келетінін бәрі де түсінеді. Ол үшін уақыт та қажет. Ал, экономикалық қылмыстарға келсек, қазір Ресей олигархтарының қай-қайсын да қолынан ұстап сотқа апаруға болады. Михаил Ходорковскийдің қас-қабағына қараған жоқ қой. Оның үстіне Ресейде Борис Березовскийге моральдық та, басқалай да демеу болар ешкім жоқ.
Өйткені, оның өзі де жылдар өте келе беделден жұрдай болған. Миллиондаған ресейліктердің алдында Борис Березовский идеал емес. Сондықтан, Путинге қарсы оның әрекетінің нәтижесі де жоққа тән. Борис Березовскийдің Путинге қарсы әрекетін іске асырмайтын тағы екі фактор бар. Ол, біріншіден, Ресей қоғамындағы Владимир Путиннің саяси салмағы. Екіншіден, күлі көкке ұшқан оппозиция.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевтің ара қатынасы кейбір бағыттарында Ресейдегіге келіңкірейді. Рахат Әлиевті жалпылай алғанда қырық жылға соттады. Егер Қазақстан Әлиевті экстрадициялануға қол жеткізе алса, бұл мерзімнің- демек оған кесілген түрме жазасының өзгеруі де әбден мүмкін.
Рахат Әлиев президент отбасының мүшесі бола жүріп өзіне біраз жау тауып алған. Сондықтан, оған біреулердің ара түсуі екіталай.
Ол кісі өліміне қатысты істен қашып құтыла алмайды. "Нұрбанктің" бұрынғы басшылары Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануына қатысты қылмыстық іс толық күшіне енген. Билік олардың жоғалуын Рахат Әлиевтен көріп отыр.
Сондықтан да Борис Березовскийдің Ресейдегі жағдайы сияқты, Рахат Әлиевтің Назарбаевқа қарсы әрекеті де нысанаға дәл тиіп жатқан жоқ. Біріншіден, бұрынғы күйеу баланың президент -атасына қарсы компроматтарын Рахат Әлиевтің өзіне қарсы жұмыс істеп жатқан мемлекеттік машинаның бар күш-қуатымен жоққа шығара салу күкке тұрмайды.Екіншіден, Қазақстан қоғамында Рахат Әлиев режимге қарсы шыққан құрбандық ретінде қарастырыла бермейді. Көбіне қарапайым адамдар бұл жағдайға биліктегілердің, отбасы мүшелерінің өзара есеп айырысуы деп қарайды.
Рахат Әлиев факторы оппозициясы ресейліктерге қарағанда топтасқандау болғанымен, қазақстандық оппозицияның нығайта қоймайды.
Бұл ретте Украинадағы жағдай өзгешелеу, президент күзетінің майоры Николай Мельниченко президент Леонид Кучмаға қарсы аудиокомпроматты жариялағаннан кейінгі резонанс барысында оппозиция шешуші рөл атқара алды.
Украина оппозициясы алғашқы сәттен-ақ бұл жағдайды белсенді түрде пайдалана білді. Адамдар көшеге шықты. «Кучмасыз Украина» атты қозғалыс ұйымдастырылды. Бұның ақыры «қызғылт сары» төңкеріске әкеліп, елдегі билік ауысты.
Алғашында Николай Мельниченкоға қарсы «отанға сатқындық жасау», «әскери-қызмет антын бұзу» тәрізді айыптар тағылған болатын. Бірақ, Украин жағдайында бұл жүзеге аспады. Николай Мельниченконың Украинаға қайтып оралғанына біраз болды. Ол осы күндері Киев көшелерінде емін- еркін серуендеп жүреді. Тіпті, билік оған мемлекеттік күзет те қосып қойған.
Президентке қарсы қайраткерлік істегі әріптестері Мельниченконың бұндай жағдайына қарап, Австриядағы Рахат Әлиевтің, Лондондағы Борис Березовскийдің іші қыз-қыз қайнауы мүмкін.
Рахат Әлиев, Борис Березовский және Николай Мельниченко құбылысының пайда болуы көптеген постсоветтік мемлекеттерге ортақ бір жайдан туындаған. Ол – мемлекет басшыларының қызметін терең құпияда ұстау.
Бірақ, бәрін бірдей бақылай алмайсың. Сөйтіп, әр кездерде әлгі құпиялар қоймасынан сол құпияларды бойына сіңірген бірлі-жарым жырылып қалғандар болады. Біреуі - өз еркімен, біреуі – түсінбестіктен, енді біреуі дұрыс бақыламағандықтан. Сөйтіп, жаңадан белгілі болған деректердің аралас жиынтығында, жағаңды ұстатар аргументтер мен контраргументтердің негізінде жаңа тарих жазылады. Нағыз өтірік пен нағыз шындықтың тарихы.
(Журналист Александр Народецкий бұл мақалада өзінің жеке көзқарас-пікірлерін жазып отыр, ол Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін.)