Accessibility links

«АТФ банкті Есімовтің күйеу баласы алмақшы»


Несиені төлеу мерзімін ұзартуды талап еткен тұрғын үй үлескерлері АТФ банктің кеңсесінің алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 30 қазан 2008 жыл. Көрнекі сурет
Несиені төлеу мерзімін ұзартуды талап еткен тұрғын үй үлескерлері АТФ банктің кеңсесінің алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 30 қазан 2008 жыл. Көрнекі сурет

Reuters-дің жазуынша, ірі активке ие италиялық UniCredit банкі қазақстандық АТФ банкті Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы басқаратын фирмаға сатпақшы.

Халықаралық ақпарат агенттігінің дерегіне сәйкес «ATF ATFB.KZ-ті қазақ кәсіпкері Ғалымжан Есеновке тиесілі фирма 500 миллион АҚШ долларына сатып алмақ». Бұл туралы агентікке АТФ банктегі дерек көзі хабарлаған.

«Орталық және Шығыс Еуропада ықпалы күшті италиялық несиегер банк Еуропадағы қаржы дағдарысы кезінде активтерін сатып, филиалдарын қысқартып, жұмыс орнын азайтуға мәжбүр болды. Енді ол бұрынғы қалпына келу үшін әрекет етіп жатыр. Дерек көзінің мәлімдеуінше, «екі жақ сәуірдің соңына қарай мәмілеге келіп қалады» дейді басылым.

Reuter-дің («Рейтердің») жазуынша, «UniCredit бұл мәліметке қатысты ақпарат беруден бас тартқан».

«Қазақстанның коммерциялық астанасы Алматының әкімі Ахметжан Есімовтың 30 жастағы күйеу баласы Ғалымжан Есенов KazNitrogenGaz атты компанияны басқарады» деп жалғастырады автор. «Банктың толық құны 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Минориторлық акционерлердің үлесін есепке алғанда келісім 500 миллион доллардан сәл кем сомаға жасалуы мүмкін» дейді Reuter-дің дереккөзі.

Өткен жылдың желтоқсанында банктің Орталық және Шығыс Еуропадағы басшысы Джани Франко Папа «Жақсы баға ұсынса, қазақстандық бөлікті сатамыз» деген болатын.

«АТФ СӘУІРДЕ САТЫЛАДЫ»

Агенттік банктің болашақ қожайынын сипаттай келе: «Ғалымжан Есенов банк саласындағы мамандарға жергілікті шағын және орта банктерде лауазымды қызмет атқарған адам ретінде таныс. Оның қайын атасы Ахметжан Есімов Орталық Азияның қомақты экономикасын жиырма жылдан астам басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын, бірнеше жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған президент аппаратының мүшесі» деп жазады.
KazNitrogenGaz бен UniCredit Group арасындағы алдын-ала келісім 2012 жылғы желтоқсанның 6-ы күні өтті.

UniCredit активінің мөлшері жағынан Қазақстанда бесінші орын алатын АТФ банкті 2007 жылы, несиелік серпіліс кезінде 2,1 миллиард АҚШ долларына сатып алған болатын. Кейін ол үлесін 99,7 пайызға арттырып алды. «KazNitrogenGaz бен UniCredit Group арасындағы алдын-ала келісім 2012 жылғы желтоқсанның 6-ы күні өтті. Оған сәйкес айырбас сәуірдің соңында жүзеге асуға тиіс» деп хабарлаған дерек көзі.

Reuter-дің АТФ банкіндегі дерек көзі бұл келісімнің ертерек, наурыздың соңында орындалуы да мүмкін екенін, бірақ оны Қазақстанның Орталық банкі әлі бекітпегенін хабарлаған.

АТФ банктің активі 5 миллиард АҚШ долларынан астам деп бағаланады. Оның Қырғызстандағы UniCreditbank сияқты үш еншілес кәсіпорны бар, Қазақстанның басқа аймақтарында 17 филиалы бар.

«2013 жылғы қаңтардың 1-індегі есеп бойынша, банктің өтелмеген залалы шамамен 11 миллиард теңгені құраған (72,9 миллион АҚШ доллары). Ал мерзімі 90 күннен асқан несиелер 770 миллиард теңге кредиттік қорының 43 пайызын құрады» деп жазады Reuters.
XS
SM
MD
LG