БҰЛ ХАЛЫҚТЫҢ РЕЖИМГЕ ҚАРСЫ БАС КӨТЕРУІНЕ БИЛІКТІҢ ЖАУАБЫ БОЛАТЫН
Биліктің қаһарына ұшыраған әндіжандықтар көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанға қашып бас сауғалады.
Әндіжан қасіретіне 4 жыл толды. Өзбек қаласындағы трагедия Орталық Азияның ғана емес, халықаралық қауымдастықтың да төбе шашын тік тұрғызып, жан түршіктірді.
Әндіжан оқиғасы неден, қалай орын алды деген сұраққа қазірдің өзінде жауап беру өте қиын. Десек те куәгерлердің баяндары қанды оқиғаның қысқаша сипатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2005 жылы көктемде Әндіжан қаласында жергілікті 23 кәсіпкерге қарсы сот процесі өтіп жатқан еді. Ресми Ташкент оларды тиым салынған фундаменталистік ұйымдарға мүше екен, «акрамия» радикалдық ағымның негізін қалаған Акрам Юлдашевпен байланысы болған деп таныстырады.
Ал мамырдың 13-і күні Әндіжан тұрғындары, жергілікті кәсіпкерлердің әділетсіз ұсталғандығын, экономикалық-әлеуметтік тұрғыда қордаланған мәселелерді айтпақшы болып, Бобур атындағы парктің жанында Өзбекстан президенті Ислам Каримовты күтеді. Өзбек әскерінің қаһарына ұшыраған да осы митингке қатысқан халық.
Күндіздің өзінде-ақ үкімет күштері бейбіт митингке шыққан қарусыз халыққа қарсы күш қолданды.
Өзбек билігінің ресми мәліметі бойынша, бұл күні Әндіжанда 187 адам қаза болды. Алайда қанды қырғынды көзімен көргендер қалада мыңнан астам адам құрбан болғанын алға тартады.
Бірқатар сарапшылар 2005 жылғы мамырда Әндіжанда наразылық митингін жазықсыз ұсталған 23 кәсіпкерге қолдау көрсетіп, наразылық митингісінде бас көтерген топқа Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың жауабы ғана емес, сонымен қатар өзбек билігінің ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Ислам Каримовтың авторитарлық билігіне қарсы халық көтерілісін басып-жаншу әрекеті ретінде қарастырады.
Төрт жыл бұрынғы оқиғада жүздеген адамның қаны төгілгеніне қарамастан көпшілік халық Өзбекстанның өз ішінде әлі күнге дейін Әндіжан оқиғасы туралы ашық айта алмайды. Азаттық радиосының тілшісіне ел ішіндегі адамдарды сөз болып отырған трагедия туралы әңгімеге тарту қиынға түсті.
«ОҒАН ҮШ ЖЕРДЕН ОҚ ТИГЕН ЕКЕН»
Дегенмен де «Орталық Азиядағы адам құқтары ұйымының көмегімен әндіжандқтардың кейбірімен тілдесу мұмкін болды.
Көпшіліктің ішінде сол оқиғаны көзімен көргендердің бірқатары ғана 4 жыл бұрынғы оқиғаны Азаттыққа баяндап беруге келісті.
Әндіжан қаласының 45 жастағы тұрғыны Сахиба (есімі өзгертілген) қанды бейсенбі күні бар болғаны 21 жастағы кенже баласынан айрылған ана. Ішіндегі қайғысын сыртқа шығарғысы келген күннің өзінде ол ашық әңгіме жүргізуге бірқатар жайттар кедергі келтіретіндігін ескертіп өтті.
- Мені 3-4 мәрте прокуратураға шақыртты. Ұлымның пәлендей бір ұйымдарға қатысы бар-жоғын сұрады. Сосын менің кім екенімді, қайдан келгенімді қазбалады. Ал мен оларға, өз үйімді нұсқап, осындағы көршілес алты шаңырақтың барлығынан кім екенімді, балаларымның кімдер екендігін сұрауларыңа болады дедім. Менің туыстарым да, туысқандарым да жоқ. Балаларымның бәрі осында өскен. Олардың достары кім екендгін осындағылардан сұрап білулеріне, үйге келулеріне болатындығын, көршілеріме берешегім жоқтығын, балаларымның ұрлық-қарлығы жоқ екендігін, көшеде қаңғырып жүрмейтіндіктерін айттым, - деді әндіжандық ана.
Оның айтуынша, сол күні баласы үйде болыпты. Оқтың дауыстарын естіп сыртқа шыққан, қызық көріп достарымен бірге сол жаққа кеткеннен үйіне қайтып оралмаған.
- Балам сағат үшке дейін үйде отырды. Жантайып жатып DVD тамашалады. Сосын балам ән тыңдағанды ұнататын, ән тыңдады. Мен оған ана жақта адамдар қырылып жатыр екен, әніңнің даусын басыңқырап қой деп ескерттім. Бұл мемлекеттік істермен ойнауға, сыртқа шығушы болма, 91-ші жылы зергерлік дүкенді өртегенде бейне таспаға түсіп қалғандардың барлығының түрмеде жатқандығын айттым. Сыртқа шықпауын өтініп сұрадым. Ол менің сөзімді тыңдайтындығын айтқан. Сөйтсем оның бір-екі достарының әжелері сонда кеткен екен, олар менің балама соларды іздеп келуге шақырыпты. Балам еріп кете барған. Содан кейін оны 15-ші мектептің жанында ... атқан. Үш жеріне оқ тиіпті. Үлкен баламмен бірге іздеп жүріп оның мүрдесін бірнеше күннен кейін моргтен таптық, - деді қаралы ана.
АТЫС ҚАЛАҒА ТАНКТЕР КІРГЕН СОҢ БАСТАЛДЫ
Әндіжанның көптеген тұрғындары өзбек билігінің қудалауынан қорқып, елден қашқан. Жергілікті және батыстық құқық қорғаушы ұйымдардың мәліметі бойынша, сол күні мыңнан астам өзбек азаматы көршілес Қырғызстан аумағына өтіп кеткен. Бірқатары өзбек-қазақ шекарасынан асып шыққан.
Алматы қаласында бас сауғалап жүрген бір өзбек босқынын кездестіріп қалдық. Рафик Рахмонов үш жарым жылдан бері Өзбекстанның арнайы қызметінен көршілес елдің аумағынды жасырынып келген.
Алайда 2008 жылы күзде, Алматыдағы қара базарда (Барахолка) кафелердің бірінде аспазшы болып жүрген босқынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері байқап қойды. Өзбекстан билігі бұл азаматты елге экстрадициялауды сұраған. Рафик Рахмоновты өзбек билігі Конституциялық жүйеге нұқсан келтірген, діни экстремизм мен террорлық акт ұйымдастырған деп айыптайды.
Алайда үш ай бойы жоғарыда аталған департаменттің тергеу абақтысында отырған Рафик Рахмонов бостатылды. Еркіндікке шыққан ол Азаттық радиосына былай деді:
- Мен Әндіжандағы асханалардың бірінде аспазшы болып істейтінмін. Мамырдың 13-і күні таңертең қаланың бір тұрғынының тапсырысы бойынша палау дайындауға кіріскен едім. Кейін достарым келіп, халық Ислам Каримовты күтіп алу үшін алаңға жиналып жатқандығын жеткізді. Барлығымыз сонда бардық. Біраз уақыттан соң қалаға танктер кіріп, атыс басталды. Көпшілігі қайда қашып, не істеу керектігін білмеді.
Асып-сасқан халықты солдаттар жаппай ата бастады. Әйелдер, балалар, қарт кісілер оққа ұшып жатты. Айнала у-шу, халық көрінген жағына қашып құтылуға тырысты. Менімен бірге бір жасөспірім қашып келе жатқан еді, оқ тиіп құлап түсті. Мен оған қайтып оралып, сүйемелдеген күйі махалла арасымен қашып құтылдым. Қоқанға жеттім, сол жерде митингке қатысқандарды іздестіріп жатқанын, ұсталғандары терроризм үшін айыпталып қамалғандығын естідім. Содан өзбек-қазақ шекарасынан өтіп, осы елде бас сауғалап жүрдім. Мені тауып алды, бірақ халықаралық ұйымдар мені ақтап шықты, тергеу абақтысынан босатты, - деді Әндіжан оқиғасының куәгері.
2008 жылдың соңына таман Рафик Рахмонов, БҰҰ босқындар жөніндегі алматылық бөлімінің көмегімен, босқын мәртебесін алып, 2009 жылы үшінші бір мемлекетке жіберілді.