Accessibility links

Байқауға түскен видеолардың бірінші легі


Видео түсіріп тұрған адам. Алматы, 13 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет
Видео түсіріп тұрған адам. Алматы, 13 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет

Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толуына орай видео-байқау өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін оқырмандар бірнеше әуесқой видео жіберді. Жүлдеге iPhone смартфоны, Nikon фотоаппараты, eBookReader тігіліп отыр.

Азаттықтың видео-байқауы «азаматтық журналистика» айдарымен жарияланды.

Сіз жолдайтын видео азаматтық белсенділікті арттыруға себі тиетін, Қазақстан өмірінен өзіңіз байқаған немесе сізді алаңдатқан қоғамдық мәселе, оқиға жайлы болуы керек.

Өзге біреу түсірген, бұрын басқа жобаларға қатысқан видеоларды байқауға жібере алмайсыз.

Байқау шартымен мына сілтеме арқылы толық таныса аласыз.

«ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДАҒЫ ҚАРЛЫ ДАУ»

Бұл видео Асан Қуанышкереевтің атынан жолданған, Қазақстандағы жол тазалау қызметінің нашар екенін баяндайды. Автор осы мәселені шағын видеомен көрсеткен. Ол "Осыны қолға алу керек. Әйтпесе адамдар қардың астында қалып қойып жатыр" дейді.

Қызылқоға ауданындағы қарлы дау (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:11:57 0:00


«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ДӘРЕТХАНАСЫ»

Жүктеген адам - Мұрат Тұңғышбаев. Ол "Қазақстан азаматтары әлеуметтік тұрғыда дискриминацияға ұшырайды. Жергілікті сот қарапайым азаматтардың соттар мен прокурорлар ғана кіре алатын "адамша жағдай жасалған" дәретхананы пайдалануын шектеп отыр. Азаматтар қараусыз қалған әжетханаға баруға мәжбүр" дейді.

Ескерту: Бұл видео Қазақстандағы басқа жоба бойынша жарияланғандықтан, Азаттықтың видео-байқауына қатыстырылмайды.



«АЗҒЫР ПОЛИГОНЫ»

Жүктеген адам - Асан Қуанышкереев. Ол видео сипаттамасына "Атырау облысы Азғыр ауылы - КСРО кезінде ядролық полигон болған жер. Әртүрлі жарылыстардан және алмаз өндіргісі келгендер қазір ол жерді қоршап қойған. Бірақ ол ауылда әлі күнге халық жердің суын ішіп, малын бағып отыр. Жер астынан тұз шығып жатыр. Бір алаңдататыны - ол ауылдың тұрғындары Ресей азаматтығында" деп жазады.

Азғыр полигоны
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00
Жүктеп алу


«ПОЛИГОННАН ШЫҒЫП ЖАТҚАН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР»

Жүктеген адам - Асан Қуанышкереев. Ол видеоға берген түсініктемесінде: "Атырау қаласы Құрманғазы ауданында бұрын "Азғыр" деген полигон болған. Бұл жерде кезінде Ресей атомдық сынақ жасаған. Қазір ол жерде халық тұрып жатыр. Жер бетіне тұз шығып кеткен. Одан бөлек, құрылысқа қажетті "ПГС щебенка" бар" дейді.

Бұл видео "Азғыр полигоны" атты видеоның жалғасына ұқсайды.

Полигоннан шығып жатқан қажетті заттар (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:26 0:00


«МЕНІҢ ӘЙӘЙФОНЫМ»

Жүктеген адам - Жігер Батырбекұлы. Ол "Ақыл кірген сайын екі жасар қызым анасының телефонына тыныштық бермейтінді шығарды. Енді анау-мынау емес, әкесінің IPhone-ына төтесінен жармасып, ондағы ғаламтордан сүйікті мультфильмі «Маша и Медведьті» тамашалауды әдетке айналдырды. Балалар арнасының сан түрі самсап тұрса да, үйдегі теледидардың қызым үшін әлдеқайда «модадан» қалып қойғанын сонда түсіндім..." деп жазған.

Менің «Әйәйфоным!» (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00
Жүктеп алу


«ҮШТАҒАН АУЫЛЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТҰРҒЫНДАР»

Жүктеген адам - Асан Қуанышкереев. Ол видеоға мынандай түсініктеме берген: "Атырау облысы Үштаған ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратында адамдар тұрып жатыр. Бұл - Қазақстандағы қазіргі өмір. Атырау қаласынан Үштаған ауылына барған сәтте түсірілген. 2012 жылдың желтоқсаны".

Үштаған ауылындағы қазіргі тұрғындар
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:03 0:00
Жүктеп алу


«ӨНЕР АЛДЫ - КОМПЬЮТЕР!»

Жүктеген адам - Жігер Батырбекұлы. "Бүгінгі балалардың бітімі бөлек... Ақпарат ғасырының арбауынан ба - екі жастағы қызым қағазға сурет салып, қуыршақпен ойнағаннан гөрі, соның әрбірін планшетті компьютермен орындауға (ойнауға - ред.) әуес. Соған қарап кейде осындай зерек қадамы ертең елдің керек адамына айналуына жараса жақсы ғой деп те ойлаймын..." дейді ол.

Өнер алды – компьютер! (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:45 0:00
Жүктеп алу


Ескерту: Видеоның атауы мен сипаттамасы оқырмандардың стилистикасын барынша сақтай отырып берілді. Видео жіберген оқырманнан аты-жөнін толық жазуын сұраймыз.

Байқауға қатысатын материалдарды 2013 жылдың 11 наурызына дейін жолдай аласыздар. Сауалдарыңыз болса, azattyq@rferl.org адресіне хабарласыңыздар.
XS
SM
MD
LG