Алматының 42 жастағы тұрғыны Еркін Сарқұлов - «Ниссан» қосалқы автобөлшектер дүкенінде аға менеджер.
Өзінің айтуынша, ол кезінде тарихи кітаптарды көп оқыған. Бірақ соңғы кездері кітап оқуға уақыты жоқ. Еркін «кітаптың орнын теледидар, интернет, газет-журнал басты» дейді.
КІТАП ОРНЫНА - ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
Алматылық журналист Гүлмира Арбабаева «Орыс тіліндегі жергілікті әдебиетке деген сұраныс азайды. Өзім қазір Борис Акуниннің «Черный квадрат» деген кітабын оқып жатырмын. Бұдан кейін жергілікті жазушы Аян Құдайқұлованың «Сумочка от Коко» кітабын оқимын» дейді.
Журналист жұрттың кітапты аз оқу себебін әлеуметтік желілермен байланыстырады.
- Жастардың мүлде кітап оқығысы келмейді. Балама мектепте жазғы демалыста 20 кітап оқып келуге тапсырма берген. Бірақ оның кітап оқығысы келмейді. Кітаптың орнын интернет, әсіресе әлеуметтік желілер басты, - дейді Азаттық тілшісімен ой бөліскен Гүлмира Арбабаева.
ЖАЗУШЫЛАР ПІКІРІ
Надежда Чернова – 16 кітаптың авторы, ақын, прозашы, түркі тілдерінен кітаптар аударады. Ол түркімен ақыны Атамұрат Атабаевтың, ұйғыр ақындары Үшқұм Маматқұлов пен Тәтігүл Сабитованың өлеңдерін, қазақ ақындарынан Ақұштап Бақтыгерева, Мағжан Жұмабаев және Мұқағали Мақатаевты аударған. Көптеген украин және болгар авторларының шығармаларын тәржімалаған. Өлеңді сөзбе-сөз аударады.
Әдеби сыншы Берік Жылқыбаевтың айтуынша, Надежда Чернова туралы Мұқағали «Орыс ақынының қазақ әлеміне осылай терең бойлағанына қайран қалдым. Оның кітаптары оқырманын табуы тиіс» деген екен.
Аудармашының кітаптары өз оқырманын тапты ма? Надежда Чернова кітаптарын сату үшін жергілікті кітап дүкендерімен келісім-шартқа отырған. Бірақ кітаптарын көбінесе кітапханалар арқылы таратады.
- Сатылған кітабымның азын-аулақ пайызын аламын. Меніңше, қазір журнал оқитындар ғана қалды. Қазақстанда көбінесе журналдар шығады, - дейді Надежда Чернова.
Валерий Михайлов – «Простор» журналының бас редакторы. Қазақстандағы аштық жайлы «Ұлы жұт хроникасы» кітабының авторы. Бұл кітап Ресейде 10 мың дана тиражбен басылып шыққан. Автордың айтуынша, оны жеке кәсіпкердің қаржылай демеуімен шығарған. Кітап Ресейдің қазақ диаспорасы тұратын Астрахань, Саратов, Орынбор, Омск қалаларының кітапханаларына таратылған.
Валерий Михайлов «Ұлы жұт хроникасы» кітабының Германияда неміс тілінде шығуын күтіп жүр. Оны ағылшын тілінде басып шығару да жоспарланған.
Жазушы Михайлов «кітабыңды алыс және жақын шет елдерде шығарған жақсы» дейді.
- Кітапты баспа өз есебінен шығарады. Коммерциялық баспа болғандықтан, кітаптарымды өздері сатып, маған қаламақы төлейді. Қазақстан баспаларында өлеңдерімді, прозам мен шағын кітаптарымды аз тиражбен өз қаржыма шығарамын, - дейді Валерий Михайлов Азаттық тілшісіне.
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС
Жазушылардың айтуынша, «Қазақстанда кітап көбінесе мемлекет бөлетін грант көмегімен басылады. Кейбір жазушылардың шығармалары мәдениет министрлігінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржыға шығады. Валерий Михайлов жылына бір рет осы бағдарлама бойынша төрт кітабын шығарады екен. Оның айтуынша, бұл кітаптары үшін аздаған қаламақы алады.
- Мәдениет министрлігінің мемлекеттік бағдарламасына аз ғана жазушының қолы жетеді. Жастар бұл жайында армандамайды да. Совет заманында кітап үлкен тиражбен шығушы еді, қазір өкінішке орай ондай молшылық жоқ, - дейді ақын Надежда Чернова.
Ол жылына бір рет президент стипендиясын алады. Екі мың долларлық бұл стипендия жылына он шақты ақын-жазушыға беріледі. Чернованың айтуынша, бұл ақша екі кітап шығаруға ғана жетеді. Оның Қазақстанда кітап шығармағанына бес жыл болыпты. Кітаптары көбінесе Ресейде шығады.
- Өз күшімізбен, демеушілер арқасында күн көріп келеміз. Қазір ақын-жазушылардың көбі өз күнін өзі көреді. Грант жоқ. Баспалар да кітапты өз қаражатымен шығарады. Авторлардың қолына азын-аулақ бірдеңе тиеді. Әр кітабыма 100 мың теңгеден көбірек қаламақы аламын. Бір кітабым 30-50 данамен шығады. Оларды кітапханаларға таратамын, - дейді Надежда Чернова.
«Жазушы көп те, оқырман аз» деген пікірді Азаттық тілшісімен сөйлескен Гүлмира Арбабаева мен Еркін Сарқұлов та қостайды.
Әдеби сыншы Петр Поминовтың айтуынша, оқырманның нені қалайтынын білу үшін социологиялық зерттеу жүргізу қажет.
- Біздің жазушылардың көздері жұмулы. Оқырмандардың не қалайтынын білмейді, - дейді ол.