Халықаралық Uni жобасы аясында жүзеге асқан, Қазақстандағы тұңғыш жылжымалы кітапхана Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында тұр.
Шілденің 6-сынан бастап таңғы оннан кешкі сегізге дейін көпшілікке қызмет етіп жатқан кітапхана өкілдерінің айтуынша, мобильді кітапхананың кәдімгі кітапханадан айырмашылығы аз.
Мұнда кез келген адам өзіне ұнаған кітапты алып, тегін оқиды. «Ал таза ауа, табиғаттың оқырманға тек пайдасы ғана болмаса, зияны жоқ» дейді ұйымдастырушылар.
«ЕШҚАНДАЙ ҚҰЖАТТЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»
Көшпелі кітапхананың үйлестірушісі Зауреш Аманжолова:
- Біз кітап оқу мәдениетін қайта жаңғыртқымыз келеді. Кейбір кітаптарды адамдардың өздері әкеледі, - деді.
Кітапханада ерікті ретінде жұмыс істеп жүрген оқушы Ажар Ержанова:
- Сіз өзіңізге ұнаған кез келген кітапты алып, осындағы орындықтарға отырып оқи аласыз. Ол үшін ешқандай құжаттың қажеті жоқ. Оқырмандарға сенеміз, - деді.
Кітапханада қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі 300-ден астам кітап бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кітаптарды Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы мен АҚШ елшілігі ұсынып отыр.
Мобильді кітапхананың сөрелері дөңгелене қойылған. Кітаптарды кітапхана шатырының көлеңкесінде отырып та оқуға болады. Бұл сөрелер мен орындықтардың дизайнын АҚШ-тың Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) студенттері ойлап тапқан екен. Егер жаңбыр жауа қалса, кітапханашылар әрбір сөрені пластиктен жасалған мөлдір қаппен жаба қояды.
«КҮНІНЕ ЖҮЗДЕЙ ОҚЫРМАН КЕЛЕДІ»
Күн сайын орта есеппен 100 шақты оқырман келетін кітапхана тұрақты оқырмандарын да тауып үлгеріпті.
- Біздің бір тұрақты оқырманымыз бар. Ол күн сайын келеді де, мұнда кілемше төсеп, кітап оқиды. Қас қарайып, жинала бастағанымызда ол да кетеді, - деді Ажар Ержанова.
Оның айтуынша, таңертең көбінесе балалар, зейнеткерлер, қарт адамдар келсе, кешке жақын жастар көбейеді.
Кітапхананың көшеде тұрғанын қызықтап келетін туристер де бар. Ал демалыс күндері 25-45 жас аралығындағы тұрғындар келеді.
Азаттық тілшісі бейсенбі күні осы кітапханаға барған кезде жеті-сегіз оқырман келіп кетті.
Мұнда немересімен бірге келген Алматы қаласының тұрғыны Галина Николаевна:
- Бұған дейін мұндай кітапхана болмайтын. Балаларға қызықсыздау болатын. Енді мұнда кітапхана құрастырылып, немерем де қызыға бастады. Немеремді ойнату үшін күнде келеміз, осы кітапхананы да бір шолып шығамыз. Арасында қызықты ертегі кітаптар да бар, - деді.
Ал Назгүл есімді оқырман бұл жерге күнде келетінін айтты.
- Күн сайын келемін. Кітапхана балаларға да, үлкен кісілерге де ыңғайлы - таза ауа. Кітапхананың келгеніне бір айдай болды. Бұдан кейін басқа жаққа барады екен, - деді ол.
Кітапхананы ұйымдастырған адамдардың айтуынша, мұндай жоба алғаш Нью-Йоркте жүзеге асырылған. Қазір Лондон мен Амстердам қалалаларында көшпелі кітапханалар бар.
«Uni» жобасын АҚШ-та Street Lab Inc. коммерциялық емес ұйымы ойлап тапқан. Жоба мақсаты - көпшіліктің кітап оқуға ынтасын арттырып, жақсы кітаптарды ұсыну.
Алматыдағы көшпелі кітапхана жаз бойы жұмыс істейді. Ол 28 панфиловшылар атындағы саябақта шілденің 22-сіне дейін тұрады. Одан кейін «Алматы-1», «Шаңырақ», «Бақай» сияқты аудандарға, «Арбат», «Фэмили парк» саябақтарына көшеді.