Accessibility links

«Топан су – арықтың кесірінен» дейді жезқазғандықтар


Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.
Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.
Қыркүйектің 29-ы күні Жезқазғанда нөсер жаңбырдан сел жүріп, Қостанкелді ықшам ауданында 105 үйді топан су басты. Апаттан екі адам көз жұмған.

Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «29 қыркүйек күні 20 сағат 50 минут шамасында Жезқазған қаласының Қостанкелді ықшам ауданында екі күн бойы толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан» сел жүрген.

«ТАСҚЫН СЕГІЗДЕ БАСТАЛДЫ, ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОН ЕКІДЕ КЕЛДІ»

Жезқазған тұрғыны, 43 жастағы Сергей Гентвиластың айтуынша, осы апат кезінде қайтыс болғандар – анасы мен қызы.

– Әйелдің жасы - 36-да, ал баласы бес жаста. Оларды тоңазытқыштың тогы соққан. Артында алты жасар ұлы мен зейнеттегі ата-анасы қалды, – деді Сергей Гентвилас Азаттық тілшісіне.

Сергей Гентвиластың айтуынша, «құтқарушылар мен төтенше жағдай мамандары кеш қимылдаған».

– Судың биіктігі бүгін (1 қазан – ред) сәл төмендеді. Әлі суды сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр. Тасқын басталып, үйлерді су ала бастағанда алғашқы
Қостанкелді (бұрынғы Комбинат ауылы) шағын ауданындағы су тасқынынан кейінгі жағдай. Жезқазған, 30 қыркүйек 2012 жыл.
Қостанкелді (бұрынғы Комбинат ауылы) шағын ауданындағы су тасқынынан кейінгі жағдай. Жезқазған, 30 қыркүйек 2012 жыл.
шараларды тұрғындардың өздері бастады. Алдымен үйдегі кәрі адамдарды шығарып қауіпсіз жерге көшірдік. Ал төтенше жағдай мамандары кейін, кешігіп келді, – деді ол.

Тұрғындардың мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай мамандары мен әкімдік өкілдері тасқын басталған соң бірнеше сағат өте, 29 қыркүйек күні түнгі он екіде келе бастаған.

– Екі күннен асты – біздің ауданда жарық жоқ. Телефон да істен шыққан. Көшеде көгерген иіс шығып тұр. Әзірге бір үйде бірнеше отбасы тұрып жатыр. Зардап шеккендердің көбі – зейнеткерлер. Олар «енді үкіметтен көмек сұраймыз» деп отыр, – деді Азаттықтың тілшісіне Сергей Гентвилас.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың айтуынша, дүкендерді, коттедж үйлерді, бау-бақшаларды да су басып қалған.

Қостанкелді тұрғындары тұрмыстық жабдықтардың барлығы істен шыққанын айтты.

«БҰЛ – ТАЗАЛАНБАҒАН АРЫҚТЫҢ КЕСІРІНЕН»

Сергей Коймыц есімді сатушы бүкіл дүкенін су алып кеткенін айтты.

– Қаладағы арықтардың барлығы тазаланбаған. Қоқысқа толы. Соның кесірінен
Сергей Коймыц, су тасқынынан зардап шеккен Қостанкелді шағын ауданының тұрғыны. Жезқазған, 30 қыркүйек 2012 жыл.
Сергей Коймыц, су тасқынынан зардап шеккен Қостанкелді шағын ауданының тұрғыны. Жезқазған, 30 қыркүйек 2012 жыл.
көшені, үйдің бәрін су алып кетті. Арықты қалалық әкімдік тазалап тұру керек болатын, – дейді ол.

Ал Елена есімді тұрғынның үйін, бақшасын су шайып кеткен.

– Төсек-орындарды, үй жиһаздарын кептіріп жатырмын. Біздің ауданда қазір жаппай тазалық жұмыстары жүріп жатыр. 29 қыркүйек күні ешкім келмеп еді. Ал күн 30 қыркүйекке ауған кезде бірді-екілі құтқару машиналары келе бастады. Бүгін әкімдіктен, төтенше жағдай мекемелерінен адамдар көптеп келді, – деді Елена.

Еленаның айтуынша, жаңбыр жұма күні таңертең басталып, сенбі кешке дейін жауған.

– Жұмыстар нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Көше батпақ. Күн салқын,
Су сорып жатқан техника. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.
Су сорып жатқан техника. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.
сондықтан жер кеппей тұр. Су басып кеткен үйлерді күз кезінде кептіру қиын. Қыста үйлердің едені шіріп, көгеріп кете ме деп қауіптеніп отырмыз, – деді ол.

Жезқазған қаласының әкімдігі «зардап шеккен үйлердің тұрғындарына көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қабылдап, уақытша баспана, медициналық қызмет және ыстық тамақ ұйымдастырылғанын» хабарлады.

– Қаланың коммуналдық қызметі үйлерден суды арнайы техникамен сыртқа шығарып жатыр, – деді әкімдік өкілі Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына 128 адам мен 53 техника жұмылдырылған.

Жезқазғандағы су тасқынынан кейінгі жағдай. 30 қыркүйек 2012 жыл.
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00
XS
SM
MD
LG