Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал ондаған адамның өмірін қиды
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.